Тексерген: пән оқытушысы Алтай Ә. А. Есік-2022 мазмұНЫ


Қарулы Күштердің беделіне және әскери тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстар



бет20/22
Дата19.05.2022
өлшемі396 Kb.
#143972
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
курстік жұмыс — копия
КТП-9, 5лф, курстік жұмыс — копия
2.5 Қарулы Күштердің беделіне және әскери тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстар


384-бап. Тұтқынға өз еркімен берілу
Бұл қылмыстың объектісі болып, оның нәти­же­сін­де бөлім, бөлімшенің жауынгершілік қабілетіне зиян кел­ті­ретін (нақты алғанда, жеке құрамның моральдық рухы, оның жауды жеңетініне сенімі және с.с. бұзылатын) соқ­ты­ғысу кезіндегі әскери қызметті атқарудың белгіленген тәр­тібі келеді.
Қылмыстың объективтік жағы – әрекеттерде, сол сияқ­ты әрекетсіздіктерде көрініс табуы мүмкін. Бағалау үшін кінәнің жау жағына кетіп қалғанынын, әлде қар­сы­лық көрсетпегені нәтижесінде тұтқынға алынғанының айыр­машылығы болмайды. Тек әскери қызметшінің жау­мен күресуге қабілеті бола тұра, қарсылықты тоқтат­қа­нының, өз бетімен берілгенінің мәні болады. Егер ол тұтқынға күштеу жолымен (мысалы, ауыр жарақатына немесе зақымға және с.с. байланысты) алынған бол­са,онда оның іс-әрекеті қылмыс құрамын құрамайды.
Қылмыс тек кінәлі жаумен тұтқынға алынған сәт­тен бастап аяқталған болып есептеледі.
Қаралатын іс-әрекеттің субъективтік жағы – тек тіке­лей қасақаналықпен анықталады. Кінәлі өз әрекеті- әре­кет­сіздігінің қоғамдық қауіптілігін сезінеді, жауға тұт­қын­ға түсу түріндегі зиянды салдар болуы мүмкіндігін алдын ала біледі және осыны қалайды [18].
Қаралатын іс-әрекетті бағалау үшін себеп және мақ­­саттың мәні үлкен болып келеді. Заң әскери қызмет­ші­нің әрекеттері қорқақтық немесе жігерсіздікпен се­беп­те­нуі тиіс екенін тікелей қарастырады. Егер кінәлі тұт­қын­ға Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігіне жә­не тәуелсіздігіне нұқсан келтіру немесе әлсірету мақ­са­ты­менен жасалынса, онда әскери қызметшінің іс-әре­кеттері мемлекеттік опасыздықты құрайды (ҚК 165-бап).
ҚК 384-бабыменен қарастырылған қылмыстың су­бъектісі болып – қандай да болсын әскери қызметші болуы мүм­кін.
385-бап. Тонаушылық
Бұл қылмыстың объектісі болып – армия мен флот­та бекітілген, Қазақстан Республикасы Қарулы Күште­рі­нің жоғары беделіне кепіл болатын, мықты әскери тәртіп­ті қам­тамасыз ететін әскери қызметтің ережесі келеді.
Қол сұғынушылықтың заты болып – өлгендер мен жа­раланғандардың қандай да болсын заттары: киім, ақша, құнды заттар және с.с. келеді. Бұл заттар кімдікі екенінің, біздің Қарулы Күштердің әлде жаудың өлгендерінің не­ме­се жараланғандарының ба, мәні болмайды. Олар өлгендер мен жараланғандарда болып келгеніне мән беріледі.
Алайда, сондай адамдардан қаруды немесе соғысты жүргізудің өзге құралдарын алып қою, егер бұл заттар арам ниетпен емес, жаумен күресу үшін алынған болса, осындай қылмысты құрай алмайды.
Тонаушылықтың объективтік жағы – ашық болсын жасырынды жолменен өлгендерге жараланғандарда болып келетін заттарды ұрлауда болып келеді. Бұл ретте бағалау үшін құқыққа қайшы алып қою жараланғанға қарсы күш қолданумен болды ма әлде күш қолданусыз болғанды­ғы­ның мәні болмайды. Осындай ұрлау ұрыс орында бол­ға­ны­ның мәні бар. Осындай орын болып – құрлық аумағы, сол сияқты теңіз аумағы да келуі мүмкін.
Ұрыс орны ретінде тек майданның алғы қатардағы ау­мақты ғана емес, онда жаудың ауадан немесе өзге ша­буылы жасалынған және зиян шеккендер бар терең тыл­дағы да аумақ келеді. Осындай реттерде тонаушылық бұл зат­тар кімнен: әскери қызметшілерден, әлде азаматтық адам­дардан алынғанына қарамастан орын алады.
Бұл қылмыс заттар өлгендер мен жаралағандардан алынған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі.
Осы қылмыстың субъективтік жағы – тікелей қаса­қа­на­лық түріндегі кінәмен сипатталады. Кінәлі өз әре­кет­те­рі­нің қоғамдық қауіптілігін және онда ұрланатын мүлікке ешқандай құқықтары болмайтынын сезінеді, меншік ие­сі­не немесе өзге заңды иеге мүліктік зиян келтіру түрін­де­гі зиянды салдар туындамай қоймайтынын сезінеді жә­не олардың болуын қалайды.
Тонаушылықтың субъективтік жағының міндетті си­паттары –пайдақорлық себеп және пайдақорлық мақ­сат. Тонаушылықтың пайдақорлық себебінің мәнісі арам­тамақтық мінездегі қалауларда, өзінің мүліктік мұқ­таж­дарын бөтен адамның есебінен қылмысты жолдармен, кі­нә­ліде ешқандай құқықтар болмайтын мүлікті алып алу жо­лымен қанағаттандыруға ұмтылуда болып келеді.
Тонаушылықтағы пайдақорлық мақсат болып бөтен мүлікті өз мүлкі сияқты иелену, пайдалану және билік етуге, яғни жеке өзі тұтынуға, оны басқаша пайдалануға, сол сияқты оны сатуға, сыйға тартуға өзге негіз бойынша бас­қа адамдарға беруге іс жүзіндегі мүмкіншілікті алу ке­леді.
Мүлікті өлгендер мен жараланғандардан пайдақор­лық мақсатсыз алған тонаушылықты құрамайды. Мы­са­лы, әскери қызметші ұрыс жерінде тоңып-қатып қалмауы үшін өлген жора-жолдасының жылы киімін пайдаланады.
Қылмыстың субъектісі – қандай да болсын әскери қыз­метші.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет