Тексерген: Рахымғалиева Р



Дата13.04.2020
өлшемі43,83 Kb.
#62336
Байланысты:
Зоология Реферат
Нұрғожа Гүлзира Қуандыққызы, Зоология Реферат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ»


БӨЖ

Тақырыбы: «Сүйекті балықтардың құрылысы және олардың көптүрлілігі»

Орындаған: Әбенова А.

Тобы: Биология және ауылшаруашылығы – 101

Тексерген: Рахымғалиева Р.

Атырау, 2020 ж.

«Сүйекті балықтардың құрылысы және олардың көптүрлілігі»
1. Сүйектi балықтарға жалпы сипаттама;

2. Сүйекті балықтардың құрлысы және тіршілік әрекеті;



3. Сүйекті балықтардың жіктелуі; 4. Сүйекті балықтар класына жататын жануарлардың негізгі ерекшеліктері. 
Балықтар - омыртқалы жануарлар.
Желілілер типіндегі жоғары сатылы жануарлар да омыртқа жотасы болады, ондай  жануарларды омыртқалылар деп атайды.
Балықтардың орталық жүйке жүйесі мидан және жұлыннан құралады. Ми-бас сүйектегі ми сауытында орналасады. Сондықтан балықтар жануарлардың бассүйектілер тип тармағына жатады. Балықтар өмір бойы желбезектері арқылы тыныс алады.
Балықтар негізінде үлкен топқа бөлінеді. Олар шеміршекті балықтар класы, шеміршек - сүйектілер, сүйекті балықтар класы, саусақ қанатты балықтар класына ажыратылады.
Балықтар тек суда ғана тіршілік етеді, сондықтан олардың дене пішіні мекен ететін орны мен тіршілік жағдайларына байланысты алуан түрлі болып келеді. Шапшаң жүзетін аккула, албырт, көксерке тәрізді балықтардың денесі ұршық-сопты жұмыр болса, баяу қозғалатын сазан,  тобан, тұқы, мөңке тәрізділердің екі бүйірі  қызыңқы, жоны көтеріңкі болады. Ал су түбінде тіршілік ететін балықтардың құрсағы арқасына қарай қабысып, денесі талпайып кетеді.

Сүйекті балықтардың 20000-ға тарта түрі белгілі.
Балықтар класының көпшілігі сүйекті балықтар тобына жатады. Сүйекті балықтар барлық су қоймаларында дерлік тараған. Сондықтан да, тіршілік жағдайларының алуан түрлі болуы олардың түрге бай, көп түрлі болуына себепті болған. Балықтардың бұл тобының негізгі белгілері мен құрлысындағы ерекшеліктері мыналар. Скелеті қандай дәрежеде болса да сүйекті болады. Скелетінің алғашқы сүйектенуін жамылғы немесе тері сүйектену деп атайды. Эмбриональдық дәуірде, сүйектердің бұл түрі скелеттің шеміршекті элементтерінен дамымай, терінің дәнекер тканьдерінен дамиды. Тек 0ана6 ол скелет шем3ршектер3не жабысып жатады. Сондықтан да, жамылғы сүйектің бұл түрі теріге жабысып жатқан тақташа сияты болады. Балықтар скелетінің құрамына жабын сүйектен басқа шеміршекті сүйектер кездеседі. Сүйектің бұл түрі эмбриональдық дәуірде, шеміршектің біртіңдеп сүйектерінен пайда болады. Гистологиялық қалыптасқан шеміршекті сүйектердің жоғарыда көрсетілген жамылғы сүйектерден елеулі айырмашылығы болмайды.
Сүйекті балықтар тобына тән екінші бір жалпы ортақ белгісі желбезен аралық перделері болмайды. Сондықтан желбезек жапырақшалары бірден желбезектер шеңберіне орналасады, желбезек аппаратын сыртынан жауып тұратын қақпағы болады.
Тіршілік етуіне байланысты кейбір ерекшеліктері ғана болмаса, дене және мүшелер жүйесінің құрлысы шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтарда біріне-бірі ұқсас.

 

Сүйекті балықтардың көптеген түрлерінде жүзу торсылдағы болады. Торсылдақтың ішіндей газдың мөлшерін ұлғайту, немесе азайту арқылы судың терең қабатынан көтерілуге, немесе су түбіне батып кетуіне мүмкімдік алады. Балықтар дара жынысты, қосжыныстылық сирек кездеседі. Тек теңіз алабұғасы ғана қосжынысты. Аталықтарының да, аналықтарының да екі-екіден жыныс бездері бар. Аталық безден бөлінген сұйықтық шоғал деп аталады. Оның құрамында өте көп мөлшерде аталық жыныс жасушасы – сперматозоидтар болады. Аналық безде уылдырық деп аталатын майда жұмыртқажасушалар жетіледі. Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады, сондықтан да өте көп мөлшерде уылдырық шашады. Кәсіптік мәні бар балықтарды көбейту үшін, арнайы балық зауыттарында қолдан ұрықтандырып, шабақтар өсіріледі. Ұрықтануы әдетте сыртта болады. Уылдырықтары ұсақ мүйіз тәрізді қабығы болмайды. Біразы тірі туады. Кейбір балықтар көбею кезінде жылыстап, өрістейді. Мысалы, бекірелер, албырттар теңізден өзенге өрістеп, уылдырық шашады. Ал өзен жыланбалығы (угорь) керісінше, өзеннен теңізге өтіп уылдырық шашады. Ұрықтанған уылдырықтан бірте-бірте дернәсіл, одан шабақ өсіп жетіледі.



Осы кездегі сүйекті балықтар төрт класс тармағына бөлінеді: шеміршекті сүйектілер, қос тыныстылар, саусақ қанаттылар және сәуле қанаттылар.

  

Шеміршекті-сүйекті балықтар. Бұлардың қаңқасында сүйектен гөрі шеміршек көбірек. Шеміршекті сүйектілердің көп белгілері шеміршекті  балықтарға ұқсайды ұқсайды және скелеттерінің сүйекті жерлері көп емес. Ол скелет сүйектері терінің жамылғы сүйектерінен пайда болған. Бұл балықтар бекіретектестер отрядына топтастырылған. Олардың денесін бойлай 5 қатар ірі мүйізді шытыралар орналасқан. Мұндай шытыралар жонында, екі бүйірінің арқа және құрсақ тұсында да бар. Балықтардың жеке түрлерін осы шытыралардың санына қарай ажыратады. Бұл класс тармағына сүйекті балықтар тобының ертедегі және қарапайым құрылысты түрлері жатады. Шеміршекті сүйектілер көбінесе су түбінде тіршілік етуге бейімделген. Шеміршекті сүйекті балықтарда, шеміршекті балықтардың мына белгілері сақталған: рострумның болуы, сондықтан ауыз тесігі көлденең саңылау секілденіп басының астыңғы бетінде орналасқан. Құйрық қанаты  гетероңеркальды, жұп қанаттары қақпашолары және жүрегінің артерияларды конусы болады. Сонымен қатар кейбір сүйекті балықтарға тән белгілері де бар: қаңқасының сүйекті бөлімі және желбезен қақпаларының болуы, желбезен сүйекті жақтары мен қоршалған аузы орналасады. Көздері кішкентай, ал олардың алдыңғы жағында, басының үстінге бетінде, танау тесіктері тұрады. Әрбір танау тесігі  тері тектес көлденең тұрған пердемен екі (алдыңғы және артқы) бөлімге бөлінеді. Бастың артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпалары болады. Желбезектер осы қақпақтардың астында орналасқан. Балықтың жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қанаттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтардың ілгері қарай қозғалуына құйрық қанаты басты органы болып табылады, ол денені басқару қызметін атқарады. Балықтар қос қанаттары арқылы  су ішінде денесін бұрып отырады. Егер қос қанаттарын  денесіне таяп байласақ, олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады. Арқа және құсақ қанаттары активті қозғалыстарға  қатыспағанмен балық денесінің орнықты болуына олардың үлкен әсері тиеді.



Бүйір сызығы түрлі балықтарда түрліше орналасқан. Мысалы алабұғада бүйір сызығы бүйірін қуалай орналасса, ал «семсер балықтардың» бүйір сызығы иректеліп орналасады. Терісінде болатын көптеген бір клеткалы бездер үздіксіз шырын шығарып тұрады. Сол шырынның әсерінен  балықтың денесі су ішінде майлап қойған секілді кедергісіз, тез қозғалады.  Омыртқа желісі Амфицельді сүйекті омыртқалардан тұрады. Ол кеуде, құйрық болып екі бөлімге бөлінеді. Кеуде бөлімінің  доғасы қосылып жұмыс каналын құрайды, құйрық бөлімінде ондай құбылыс байқалмайды.

Бекірелердің кәсіптік мәні зор. Дәмді еті, қара уылдырығы қымбат бағаланады. Сондықтан да халқымыз «балық патшасы – бекіре» деп атайды. Қортпа, шоқыр, пілмай, орыс бекіресі Каспий теңізінде кездеседі. Олар уылдырық шашу үшін Еділ, Жайық өзендеріне көтеріліп өрістейді.

Ондай балықтарды өрістегіш балықтар деп атайды. Бекіре балықтарының тіршілігін байқаған халқымыз «бекіренің басы тасқа тимей, қайтпайды"– деп қорытынды жасаған. «Бекіренің бал татыған еті», «бекіренің бес кеспесі» – деген сөздер бекіре етінің құндылығын аңғартады.

 

Бекіре балықтарының бір тобы – тасбекірелер.



 

Қазақстанда кездесетін сырдария тасбекіресі мен пілмай сирек кездесетіндіктен Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.




 

Қостынысты балықтар. Олар желбезегімен әрі өкпемен тыныс алады. Құрғақшылық мезгілде суы тартылып қалатын өзендерде тіршілік етеді. Қостынысты балықтардың торсылдағы өкпеге айналған. Дене пішіні ұршық тәрізді, тұрқы 30 сантиметрден 2 метрге дейін жетеді. Жұп жүзбеқанаттары нашар дамыған. Олар Амазонка өзенінде, Африканың, Австралияның өзендерінде кездеседі. Оларды бірөкпелілер және қосөкпелілер деп 2 отрядқа бөледі.

 

Саусаққанатты балықтар. Бұл балықтар ерте заманда кеңінен таралып, кейін жойылып кеткен. Қазіргі кезде оның бір ғана – латимерия деген түрі сақталған. Ғалымдардың пікірі бойынша, құрлыққа алғаш шыққан қосмекенділердің арғы тегі, осы саусаққанатты балықтар. 1938 жылы Үнді мұхитының Африка жағалауынан латимерия алғаш рет ауға түсті. Саны аз болғандықтан, ауға өте сирек түседі.



 

Латемерия Іле шармайы

 

Латимерия – аузында өткір тістері бар жыртқыш балық. Денесінде желі өмір бойы сақталады. Үлкен өкпесі күрделі өзгеріске ұшырап, майлы мүшеге айналған. Ішкі танау тесігі болмағандықтан, атмосфералық ауамен тыныс ала алмайды. Жұп жүзбеқанаттары еті мол жалпақ қалаққа айналған. Жүзбеқанаттарының қаңқасы бес саусақты аяқтарға ұқсас.



 

Сәулеқанатты балықтар. Қазіргі кезде тіршілік ететін балықтардың 90%-дан астамы осы топқа жатады. Дүниежүзінің түрлі су айдындарында кеңінен таралған және олардың кәсіптік мәні зор. Сүйекті қабыршақтары денесіне жапсарласа орналасқан. Құйрық жүзбеқанатының екі қалағы тең, торсылдағы бар, қаңқасы сүйектен тұрады. Сәулеқанатты балықтардың кәсіптік мәні бар отрядтарына ғана тоқталамыз.

 

Майшабақтектестер отряды. Көпшілік түрлері теңіздерде топтанып тіршілік етеді. Майшабақтардың Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінде көп тараған түрі – мұхит майшабағы. Сардинка (Қиыр Шығыс теңіздерінде), қылқа (килька) (Балтық, Қара теңіздерінде), түлкібалық (тюлька) (Каспий, Қара теңіздерінде) көптеп ауланады.

 

Каспийдің солтүстік аймағында, Жайық өзенінде кездесетін еділ майшабағы Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.



 

Албырттектестер отряды. Дене тұрқы орташа, ірі балықтар. Олар құйрық бөліміне жақын орналасқан майлы жүзбеқанаты арқылы басқа балықтардан бірден ажыратады. Бұлардың көпшілік түрлері өрістегіш балықтар. Албырттар Қиыр Шығыс теңіздерінде көптеп кездеседі. Уылдырық шашу үшін Амур өзеніне көтеріледі. Тіршілігінде бір-ақ рет уылдырық шашып, өледі. Оған кета, нерпа, құнысбалық, т.б. балықтар жатады. Албырт балықтарынан қызыл уылдырық алынады. Бұған таулы алқаптың өзен-көлдерінде кездесетін, бахтах (форель) балығы да жатады. Еті өте дәмді болғандықтан, оны кейде «патша балығы» деп атайды. Каспий және арал албырттары деген түрлерінің саны аз болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.

 

Трескалар отряды. Қазіргі кезде кәсіптік мәні зор балықтардың көпшілігі осы отрядқа жатады. Трескалар солтүстік жарты шардың қоңыржай және арктикалық теңіздерінде кеңінен таралған. Олардың еті, бауыр майы қымбат бағаланады. Бауырынан балық майы алынады. Оның құрамында Д витамині мол. Оны мешел ауруына қарсы ем ретінде пайдаланады.

 

Көзауықтар (камбалалар) отряды. Олардың тұлғасы жалпақ, екі көзі де денесінің арқа жағында орналасқан. Теңіздің түбінде тіршілік етуге бейімделген. Арқа жағының түсі қарақошқыл, ал құрсақ жағы ақшыл болады. Оларды арнайы темір аулар салып аулайды. Көзауықтың тілбейне (глосса), қалқан деген түрлері Арал теңізіне жерсіндірілген. Соңғы жылдары Арал балықшылары көзауықты аулап, табыс көзіне айналдыруда.

 

Тұқытектестер отряды. Бұл отрядқа тұщы суларда тіршілік ететін аққайран, мөңке, қаракөз, табан, ақмарқа, қаяз балықтары жатады. Тұқы, мөңке балықтарын қолдан жасаған тоған суларында өсіру тиімді әрі пайдалы. Олар (ақ амур, дөңмаңдай, т.б.) өсімдіктермен қоректенеді.

Қазақстанның су айдындарында 180-ге жуық балық түрлері кездеседі. Соның 16 түрі сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Солардың ішінде біздің елімізде ғана кездесетін балқаш алабұғасын, іле шармайын сақтап қалудың маңызы зор.
Сүйекті балықтарға майшабақ тәрізділер, карп тәрізділер, угрлар, шортан тәрізділер, алабұға-шортан тәрізділер, саргандар, тікен тәрізділер, шоқ желбезектілер, тікен қанаттылар, треска тәрізділер ,камбала тәрізділер жатады. Су-тршілік ортасы болғандықтан тіршілік тіршілік ету үшін қолайлы жағдайлар жасайтын өзіндік көптеген ерекшеліктері болады. Оған -судың қозғалыста болуы, су температурасының өзгергіштігі, газдарды еріту қасиеттері, мұз қабатының пайда болуы. Балықтардың оттегіне қажеттілігі әрттүрлі болады. Оттегін өте көп қажет ететін балықтар, оттегін аз қажет ететін баклықтар болып бөлінеді. Балықтарды негізгі экологиялық топтарға бөледі. 1-теңіз балықтары. 2-тұщы су балықтары. 3- өткінші балықтар. 4-жартылай өткінші балықтар. Балықтардың қоректік заттары әртүрлі болады. Суда тіршілік ететін барлық тіршілік иелерін қорек етеді. Өсімдікпен,ұсақ жануарлармен қорктенетін балықтар болады. Балықтар өзінің тіршілігіне лайықты жерлерде мекен етеді. Жыл мезгілдерінің ауысып отыруына байланысты балықтар тіршілік әрекетін өзгертеді. Балықтар барлық сулы ортада кездеседі. Мемлекет тарапынан балықтар қорғауға алынған. Экологиялық жағдайдың өзгеруі балықтардың биологиялық тіршілігін өзгертті. Олардың саны азайып бара жатыр. Өндіріс орындары ішкі суларды ластап балықтар санын кемітуде. Сондықтан мемлекет тарапынан балықтар қорғауға алынған.


Пайдаланған әдебиет:

1. Губашев Н.М. Зоология практикумы : оқу құралы / Н. М. Губашев, А. К. Днекешев, С. М. Жумагазиева ; ЖӘгір хан атындағы БҚ АТУ. -Орал : БҚ АТУ, 2007. - 151 с

2. Бәйімбет Ә.А., Темірхан С.Р. Қазақстанның балықтәрізділері мен балықтарының қазақша–орысша анықтауышы. Алматы, 1999.

3. Қайымов Қ. Балықтар әлемінде. Алматы, 1973, 1980.

4. Дәуітбаева Ә. Омыртқасыздар зоология 1,2-бөлім. Алматы., 200



5. Наумов С.П. Омыртқалылар зоологиясы. Ч.1,2. М., 1979.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет