Тексерілді: Бекітілді:
МДИЖЖО:______ Мектеп директоры:______
Ибрагимова Н. Балтабаева Қ Т
«Алғабас» жалпы орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі
Бастауыш сынып мұғалімі : Сапахова Урипа Калмуханбетовна.
2012-2013 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың зат есімнің тәуелденуі туралы алған білімдерін пысықтау
Дамытушылығы: Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана білуін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды алғырлыққа, зейінділікке, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері: түсіндірмелі, диалогты оқыту, сұрақ қою, топтық жұмыс, миға шабуыл.
Көрнекілігі: Үлестірмелі кеспе қағаздар, дидактикалық материалдар.
Күтілетін нәтиже: - топта бірлесіп жұмыс жасау.
-Өз ойын еркін айтуға үйренеді.
- Өзгенің пікірімен санасады.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
А) сәлемдесу
Ә) Сабаққа дайындықтарын тексеру.
Б) Психологиялық дайындық.
2. Өтілген материалдарды еске түсіру. Топтық жұмыс.
1 топ. Сөйлем мүшелері туралы не білесің?
2 топ. Сөз және оның мағынасы , құрылымы туралы не білесің?
3 топ. Сөз таптары туралы не білесің?
3. Миға шабуыл. Топтастыру. Зат есім туралы не білесің?
Жекеше Жалқы Көпше
Негізгі Зат есім Туынды
Жіктеледі Септеледі Тәуелденеді
4. Жаңа сабақ. Мақсатымен таныстыру.
Суретпен жұмыс.51- жаттығу
халық-халқым әріп-әрпім бөрік-бөркім
білек-білегің лақ-лағың кітап-кітабың
Түбір сөздер тәуелденгенде қандай өзгеріске ұшырағанын айт.
Оқушы жауаптарын тыңдау.
5. Ой қозғау.Зат есімнің тәуелденуі( тәуелдік жалғауларын еске түсіру)
Жақ
|
Жекеше
|
Көпше
|
I жақ
|
-м, -ым, -ім
|
-мыз, -міз, -ымыз, -іміз
|
II жақ
|
-ң, -ың, -ің
-іңіз, -ыңыз
|
-ың, -ің
-ыңыз, -іңіз
|
III жақ
|
-сы, -сі, -ы, -і
|
-ы, -і
|
53 – жаттығу.Тақтамен жұмыс.
Жақшадағы сөздерге тиісті тәуелдік жалғауын жалғап жаз.
Біздің (халық) бақытты. Сенің (дауыс) естілмейді. Менің (уақыт) болмады. Мемлекеттің (мүлік) шашпа. Ораз (ерін) жыбырлатты.
Деңгейлік тапсырмалар.
1-топ.
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Аузы бар, тілі жоқ ,
Терісі бар , жүні жоқ.
Жүрегі бар, ізі жоқ ,
Қанаты бар , ұшпайды,
Су астында қыстайды.
Аузы сөзінің түбірін тап. Өзгерісін айт.
3. Балық сөзін үш жақта , жекеше және көпше түрде тәуелде.
2-топ.
1. Тәуелдік жалғаулары дегеніміз не?
2.Өлеңді мәнерлеп оқы.
Қазақстан
Туған жер!
Қазақстан - алтын өлке,
Сен –Ана!
Балаларың – халқың ерке.
Көз тоймас келбетіңе көп қарадым
Шалқалап шыққан күнмен шалқып ерте.
-Тәуелдеулі сөздерді тап.
3. Халық сөзіне фонетикалық талдау жаса.
3- топ.
1. Зат есім неше түрде тәуелденеді?
2.Жұмбақты оқы, шешуін тап.
Күндегі тамағы-
Балықтың шабағы.
Теңізге барғандар ,
Жағадан табады.
Шешуі: шағала
3. Шағала сөзін үш жақта, жекеше , көпше түрде тәуелдеп жаз.
6.Ойын « Қайда менің өз жағым?»
Ойын үшін «1 жақ» , «2 жақ» , «3 жақ» деп жазылған және «анам», «анаң», «анасы» т.б. үш жақта жекеше , көпше түрде тәуелденген бірнеше қима қағаз үлестіріледі. Әр оқушы өз орнын тауып тұру қажет.
7. Семантикалық картамен жұмыс.
сөз
|
I жақ
|
II жақ
|
III жақ
|
суретім
|
|
|
|
қаламы
|
|
|
|
қолың
|
|
|
|
добы
|
|
|
|
інім
|
|
|
|
8.Қорытындылау.
-нені білдім?
-нені білгім келеді? Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа жабыстырады.
Үйге тапсырма. 55 – жаттығу.Берілген сөздерді жекеше, көпше түрде тәуелдеу.
9. Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |