Тексерілді:
Күні: 15.12.2016
Пәні: Абайтану
Сыныбы: 10-сынып
Сабақтың тақырыбы: Абайдың дүниетанымдық көзқарастары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Замана шамшырақтарының бірегейі, ақыл мен ойдың телегейі, ұлтымыздың данагөйі, бір бойына барлық қасиетті жинақтаған, қалың ұйқыда жатқан қазақ елін өнер-білімге, ғылымға жетелеуді мақсат тұтқан ұлы Абайдың дүниетанымдық көзқарастарын оқушыларға таныту;
Дамытушылық: Қызметі, саяси көзқарасының қалыптасуы, жеке қасиеттері, Абайдың қоғамдық-саяси және тарихи көзқарастарынмен танытырып, кестелермен жұмыс жасауға дағдыландыру;
Тәрбиелік: Қазақ тарихындағы Абай орны, мұрасын насихаттау, білімдерін кеңейту, толықтыру. Абай атамыздың ұлылығын, шығармаларының тереңдігін сезіндіру, туған елін сүю, адамгершілік, еңбекқорлық, саналылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, салыстыру, ой шақыру, кубизм әдісі, мағынаны тану, талдау.
Көрнекіліктері: ақынның портреті, ақын туралы ұлылар ой-пікірлері, көрме.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, орыс әдебиеті, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;
2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;
3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;
4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
5. Cабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үйге тапсырмасын сұрау:
А. Құнанбаев «Отыз жетінші сөз» оқу.
«Қарасөзден алған әсерім» эссе жазу.
Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын.
Абай «Отыз жетінші қарасөзінде» не туралы айтады?
Қандай тақырыптарды қозғайды?
Қандай қасиеттерді насихаттайды?
Достарыңызбен бөлісу: |