ІV Талдау: Ақын өмір сүрген кездегі қазақ қоғамы:
• Феодалдық – патриархалдық құрылыстың шырмауында болатын;
• Рулық құрылыс ыдырамады;
• Патшалық әкімшіліктің ру басшыларының тартыстарын қоздыруы;
• Қоғамдық ахуал шиеленсті;
• Халықтың күйі нашарлап кетті;
• Халықтың мұң-мұқтажын жоқтаған ақын болыс, төбе би болып әлеуметтік мәселелерді шешті;1868 жылы 100-бап ереже жасаған
• Топтық қоғамда әлеуметтік әділдіктің болмайтынын да көре білді; «Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан,
Қолға түсер, сілесі әбден қатып
Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,
Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып» — деп теңдік алу үшін қанша арызданып ізденгенімен, байларға «ырылдатып ит қосып» күрескенімен, кедейдің қалжырап, сілесі қатқаннан басқаға әлі жете алмайтынын көрсетті.
V Шығармашылық тапсырма:
Абай – ақын;
Абай – сазгер;
Абай – шешен;
Абай – ағартушы-ойшыл;
Абайдың тарихи көзқарастары;
Абай – күйші, сазгер;
Абай – аудармашы;
Абай саясаткер;
Абай төбе би – шешен.
VІ Қорытынды. Ұлы Абай
• Жазба әдебиеттің негізін қалаған, ұлттық поэзия тілін көркейткен көсем;
• Ғажайыпты болжаған айыр тілді аруақты шешен;
• Қазақ поэзиясына ұшан теңіз өзгерістер енгізген реформатор;
• Ұлттық музыка өнерін асқар биікке көтерген біртуар композитор (сазгер);
• Аударма өнерінің үздік шебері;
• Ана тілінің негізгі сөздік қорын сарқа пайдаланған ерен дарын;
• Абай мұрасы, Абай жолы кейінгі ұрпақ үшін сарқылмас қазына.
VІІ Оқушыларды бағалау:оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
VІІІ Үйге тапсырма: Абайдың дүниетанымдық көзқарастары туралы түсінік.