Телебаѓдарламаларды редакциялаудыњ негіздері


Мәтін-редактор қызметінің басты пәні



бет11/11
Дата01.03.2023
өлшемі232,5 Kb.
#170703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Шындалиева М.Б. Телебағдарламаларды редакциялау

Мәтін-редактор қызметінің басты пәні


Редактор мен автордың арасында мәтінге байланысты тығыз қарым-қатынас орнауы тиіс. Себебі, редактор мәтіннің құндылықтарына көз жеткізу барысында немесе автордың бұдан да басқа шығармашылығымен таныс болуы үшін автордың жазу шеберлігін білуі тиіс. Мәтінді сөз ете отырып, редакторды айтпау мүмкін емес. Редактор өзінің басқа міндеттерін орындаумен бірге мәтінді түрге бөлу, оны классификациялау, мәтінді логикалық тұрғыдан анализдеу, мәтіннің логикалық және синтаксистік құрылымын реттеу, қатемен жұмыс, мәтіндегі фактілік материалдар функциясын қарастыру, мәтін бойындағы элементтердің өзара байланыстылығын зерттеу, мәтіндегі цитаталармен жұмыс істеу сияқты мәтінге қатысты әртүрлі міндетті қоса атқарады. Редакторлау жұмысы өте күрделі еңбек.
Сондықтан, редакторға кез-келген ғылымның саласына икемді болу да басты міндет. Редакторлау үшін алдымен жалпы және арнайы түрдегі анықтама әдебиеттермен жұмыс істей алу қажет. Сонымен бірге редактор әдеби тілді жақсы меңгеріп, әдеби түзетудегі методикалық және әдеби әдістерін білуі шарт. Редактордың мәтінмен жұмысындағы жалпы схема төмендегідей:

  1. Ақпарат алу

  2. Тапсырманың орындалу барысы

  3. Жасалған әр қадамның нәтижесіне баға беру.

Бүгінгі күні мәтінді түзету немесе қайта көшіру сияқты жұмыстар ғылым мен техниканың дамуына біршама жеңілдіктерге алып келеді. Олай дейтініміз, мәтінді дисплэйде жазу мен өңдеу жұмысы уақытты үнемді жұмсауға зор үлесін тигізуде. Тіпті қарапайым мысал ретінде компьютерді алатын болсақ, редакцияларды қойып адамның жеке басында бір компьютер болуы таңсық емес. Егер компьютердің түрлі бағдарламаларын білетін редакторға өз қызметін жемісті орындау да қиынға соқпайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет