Мәтінді түзету процесі. Редактор мәтінді түзету үшін ең алдымен оны терең ұғынып, оқып алуы қажет. Көркем әдебиет редакторларының тәжірибесіне негізделген редакциялаудың дәстүрлі әдісі осылай жасауды қажет етеді. Ғылыми және техникалық әдебиетті баспаға дайындау кезінде ұсынылған редакциялаудың динамикалық әдісі редакторға материал жайлы өз әдіс бойынша, түзету мәтін терең зерттеліп оқылғаннан кейін енгізіледі де, басуға ұсынылар алдында тағы бір қаралады.
Редакциялаудың теориясы мен практикасына байланысты әдебиетте редакторлық сараптама мәселелерін екінші орынға ығыстырып шығарды.
Редакторлық жұмыс - өте күрделі жұмыс. Кез-келген мәтінге қолданыла беретін түзету түрі болмайды. Түзету әдісін редактор өзі таңдайды. Бірақ оның бұл таңдауы нақты, әрі негізделген болуы қажет. Түзетулер мен өзгертулердің саны ол жұмыстың сапасын айқындамайды. Бүгінгі күні де газет редакцияларында кейбір қызметкерлер автор шығармасын қайтадан жазып шығуды өз міндеті деп санайды. Мұндай өңдеуден кейін көп жағдайда мәтін өз өңін жоғалтады.
Түзету түрлері. Редакциялау әдісінде түзетудің төрт түрі белгілі: қайта оқып түзету, қысқарту арқылы түзету, өңдеу арқылы түзету, қайта жазып барып түзету.
Қайта оқып түзету – тексті түпнұсқасымен салыстырып оқу, ондағы -әріп қателерін түзету. Ресми материалдарды, қайта басылып шығатын кітаптарды редакциялау барысында түзетудің осы түрі қолданылады.
Қысқарту арқылы түзету – текстің мазмұнын, логикалық жүйесін сақтай отырып, оны белгіленген көлемге, яғни таңбаға, жолға, бетке түсіріп ықшамдау. Шығарманы шұбалаңқылықтан, нанымсыз дәлелдерден, біртекті дәлелдеулер мен қайталаулардан арылту үшін де түзетудің осы түрі қолданылады.
Өңдеу арқылы түзету – авторлық тексті сақтай отырып, шығарманың композициялық құрылысындағы олқылықты жою, деректік және логикалық қателерін түзеті, тілі мен стиліндегі кемшіліктерін жөндеу.
Қайта жазып барып түзету - әдеби тілді нашар меңгерген авторлардың қолжазбаларын әзірлеу кезінде қолданылады. Мұнда әдеби өңдеуші автордың негізгі ойын, өзіндік стиль ерекшелігін сақтай отырып, шығарманы қайта жазып шығады.
Теледидар бағдарламасын редакциялаудың ерекшеліктері Ұйымдастырушылық – шығармашылық кезең
Редакциялаудың жалпы әдістемесі әрбір редактор үшін қажет. Ал теледидар бағдарламасын редакциялаудың кітап пен газет мақаласынан өте көп ерекшеліктері бар. Өйткені соңғыларында редактор мәтінмен ғана жұмыс істейді.
Теледидар редакторы мәтіндік материалдан (бейне) видеоқатармен де айналысуы керек, яғни сөз бен бейне үйлесім табуы қажет. Бұл оның телережиссура негіздері, сонымен қатар теледидардың техникалық мүмкіндіктерімен танысуын талап етеді.
Теледидар бағдарламасын дайындау кезеңдерінің барлығында қоғамдық жұмыс көлемі кітап пен мақаланы басуға дайындаукезеңіндегі жұмыс көлемінен едәуір үлкен. Онда: автор таңдауы, объектілердің сарапталуы, бағдарламада көрсетілетін ұйымдармен келісім, бейнелік материалдар таңдау, қатысушыларды іздеу сияқты көптеген іс-әрекеттер атқарылады. Өзіміз байқап отырғандай, теледидар редакторының қызметі басқаларымен салыстырғанда өте қиын.
Оның іс-әрекетін кей-кезде әдеби-ұйымдастырушылық деп те айқындайды. Бірақ бізде теледидар редакторы режиссерді, операторды, суретші мен администраторды ауыстыра ала ма деген сұрақ тууы мүмкін.
Бұл сұрақ, бір қарағанда, шындыққа ұласады. Бағдарламаның сапасы шығармашылық топтың әрбір мүшесі өз жұмысын жоғары деңгейде орындағанда ғана жақсы болады. Редактор бұл жерде ұйымдастырушы, бағыттаушы барлық топтың жұмысын үйлестіруші ретінде қызмет атқарады. Олардың жалпы мақсаттары – бағдарламаның кәсіби деңгейін жоғары етіп көрсету болып табылады. Редактор, міне осыған жауапты.
Тікелей эфирде редактор «дайындалмаған» материалмен жұмыс жасайды. Бұл жерде ең бастысы – тақырыпты ашып, бағдарламаның дұрыс мағынасын бере білу. Әрине, көркемдік безендірілуіне редактордан гөрі қоюшы режиссердің жауапкершілігі басымдау.
Осылайша, теледидар редакторына өз жұмысын жоғары деңгейде орындау үшін редакциялау шеберлігін білумен қатар, теледидар драматургиясы төңірегіндегі мәселелер жөнінде хабары болуы керек.
Шешендік өнер негіздерін, бағдарлама дайындау технологиясын, экранның бейнелік көркемдік құралдарын жақсы меңгеруі керек. Теледидар редакторына тағы бір қажет қасиет – адамдармен қатынас орната білу. Оның іс-әрекетінде ұйымдастырушылық бөлім маңызды орын алады, сондықтан бағдарлама дайындаудың барлық кезеңіндегі дұрыс жүргізілген жұмыс бағдарлама сапасына үлкен әсерін тигізеді.
Ұйымдастырушылық жұмыстың жедел бағдарламаларда, трансляциялар, мерекелік кештер, байқаулар мен ток-шоу кезінде алатын маңызы зор. Бұл кезде қатысушыларды дұрыс таңдап, олармен танысып, мінез-құлықтарын зерттеп, олардың әрқайсысының атқаратын міндетін жете түсіндіру қажет.
Редактор теледидар қызметінде түрлі мәселелерді шешеді, сондықтан оның жұмысының кезеңдерінің саны өте көп.
Теледидар редакторы үшін дайындық кезеңі тақырып өңдеуден басталады. Ең өнімді теледидар мүмкіндігі мен спецификасын айқындай алатын материал таңдалады. Ол кезде редактор бірнеше позицияға арқа сүйеді.
Біріншіден, теледидардың ерекше қасиеттері: жеделдік, көру мүмкіндігі, бірден көпшілік аудиторияны қамтуы.
Екіншіден, теледидардың басқа бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы.
Үшіншіден, теледидар көрсетілімнің спецификасы. Бағдарламаның бір рет көрсетілуі тиімді қабылдауды төмендетеді. Деректі материалдарда тақырып нақты, әрі түсінікті баяндалуы, дұрыс ұйымдастырылуы қажет.
Төртіншіден, аудитория тұрақтылығы, олармен жүйелі түлде қарым-қатынаста болу.
Бесіншіден, теледидар аудиториясының әртүрлілігі, яғни көрермендердің жасы, білім деңгейі әр түрлі болады.
Редактор ұсыныстарды, журналисттердің меншікті және штаттан тыс корреспонденттердің, шығармашылық бірлестік өкілдерінің, мамандардың жобаларын қарастырады. Осы кезеңде көрерменге тақырыпты дұрыс жеткізе алатын көркемдік құралдар таңдалады.
Он жыл ішінде телерадиохабарлардың мемлекеттік монополиялық жүйесі бұзылды. Бұл көптеген мемлекеттік емес, яғни жекеменшік телерадиокомпаниялардың пайда болуына әкеп соқты.
Сондықтан бірін-бірін қайталаудан аулақ болған жөн. Әрбір арнаның өзіндік «мінезі» болуы шарт, олардың айдарлары, жүргізушілері, хабар беру формалары мен жанрларында айырмашылық болуы тиіс.
Мысалы, АсТВ арнасының тұрақты аудиториясы бар. Бірақ әлі күнге дейін айдарлар мен жүргізушілері жиі ауыстырыла береді.
Бағдарлама саясатын жүргізу үшін міндетті түрде оның құрамдас бөліктері: айдарлар, циклдар, сериялар мен блоктарды бөліп алу керек. Айдар бағдарламаны тақырыптық принцип бойынша немесе мақсаты бойынша біріктіреді: «Азамат» (Хабар), «Әлі есімде» (Ел арна), «Назар», «Айна ақпарат», «Ел мен жер», «Астана уақыты» (Қазақстан), «Хабар - жер», «Айбын» (Хабар), «Жеті күн» (Хабар), «Дода» (31 арна). Бұл бағдарламалар бір-бірінен жанры, формасы, жеделдігі жағынан өзгешеленеді. Тақырыптық жағынан бірдей материалдарды біріктіре отырып, айдар көрерменге өзіне қажет бағдарламаны тез таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар көрерменге бағыт береді, бағдарлама мағынасын терең ұғынуға көмектеседі. Сондықтан, айдар таңдауға сақ болған жөн.
Бағдарламаның тағы бір маңызды құрамдас бөлігі циклдар. Циклға бір бағыттағы бағдарламалар кіреді, оларды бір автор жүргізіп, қатысушылары да бір болады. Циклда тақырыбы жағынан әр түрлі материалдың бірігуі қойылған міндетті толық шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, «Айна. Апта қорытындысы» (Қазақстан), «Жеті күн» (Хабар), «Апта» (АсТВ), «Состояние -kz» (31 арна), «Портрет недели» (КТК). Бұл циклдардың басты артықшылығы – таңдалған мәселені жан-жақты, әрі жүйелі зерттеуге мүмкіндік берілуі.
Теледидар тәжірибесінде бағдарламалық блоктар кең қанат жайды. Олар түрлі бағдарламаларды уақытына қарай жинақтауға мүмкіндік береді. Мысалы, таңертеңгілік, кешкілік блоктар («Көңіл ашар» (Қазақстан), «Нұрнама» (Рахат), «180 минут» (АсТВ). Блоктық құрылым көптеген арналар қызметін жүйелейді. Оның көптеген артықшылықтары да бар.
Бұл көрерменнің нақты бөлігіне бағытталатын бағдарлама ішіндегі бағдарлама, оның құрылысы еркін, жанры мен формалары әр түрлі.
Бағдарлама блогын дайындау кезінде ондағы кейбір жеке материалдардың тәртібі мен орналасуының өзіндік заңдылықтары бар, оларды көрерменге жақсы әсер қалдыру үшін пайдалануға болады.
Теледидар аудиториясының тұрақтылығы көлемі үлкен материалды бөліктермен, яғни серияға бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл оқиға немесе құбылыс жайлы толық мәлімет алуға көмектеседі. Серияға, әдетте, фильмдер мен спектакльдерді, үлкен бағдарламаларды бөледі («Она написала убийства, НТВ, мультсериал, «Симпсоны», «Том и Джерри», «Рассказы старого сплетника», «Культура»).
Мағыналық реттеудің де үлкен маңызы бар. Ол материалды таңдап, оны әлеуметтік-қоғамдық және саяси мәнінің деңгейіне қарап топтастыру. Мысалы, «Время», «Сегодня», «Вести» ақпараттық бағдарламалары үнемі бір уақытта (кешкісін) жүргізіледі. Бұл кезде көптеген көрермендердің уақыттары бос болады. Редакцияның да күні бойы жинаған материалдары бұл уақытта жүйелі түрде беріледі. Ақпараттық бағдарламалар миллиондаған аудиторияның естіген мәліметтерін бейнекөріністермен нақтыландырады.
Ақпараттық хабарлар әр түрлі уақытта жүргізілуі тиіс.Бірақ бұл принцип әрдайым сақтала бермейді.
Жанрлық беттеу сюжеттердің әртүрлілігін, берілу ерекшеліктерін есепке алады. Материалдың нақты орын тәртібі көрермен үшін өте маңызды. Беттеу арқылы көрермендер дайын бейнелік ассоциациялар алады.
Бағдарлама беттеуін «драматургиялық ход» біріктіруі тиіс, яғни сюжеттердің қойылымы, нақты орын тәртібі, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени тақырыптардың өзара байланыстығы.
Ырғақтық (ритмдік) беттеу дегеніміз – түрлі бейнелік және техникалық құралдардың (телесюжет, тікелей эфир, студиядағы түсірілімдер) пайдалануы. Ритмдік беттердің заңдарын бұзудың зардабы мағыналық беттеудегідей қабылдау белсенділігіне әсерін тигізеді.
Бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметі
Теледидарда редактор сценарийдің авторымен жұмыс жасайды. Онымен жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол екеуінің жұмысын телебағдарлама авторы деген бір ұғымға біріктіруге болады. Редактор мен автордың жұмысы заявка берілгеннен бастап, бағдарлама эфирге шыққанға дейін жалғасады. Теледидар бағдарламасын дайындау процесіне авторды араластыру редактор жұмысының маңызды ерекшелігі. Авторды шақыра отырып, редактор өз шешімінің дұрыстығын анықтау қажет. Ол автордың кәсіби және әдеби мүмкіндіктерін камера алдында өзін еркін ұстауын есепке алады.
Теледидар немесе радиодағы автор қызметі баспа қызметінен әлдеқайда қиынырақ. Мысалы, баспа материалының әдеби құндылығы ғана ескерілсе, теледидарда оның бейнелік қатары да үлкен роль атқарады. Өте мықты газет очеркшісі теледидарға очеркті тез дайындай алмайды. Өйткені теледидар бағдарламасының өзіндік ерекшелігі бар. Ал әдеби шығармашылықтағы негізгі көркемдік құрал – сөз ғана.
Авторды эфирге шығаруға шақыру этика нормаларымен сәйкес келеді. Сондықтан авторды шақырып алып, эфирге шығар кезде одан бас тартуға болмайды.
Сценарий дайын болып, эфирге шығар кезде ғана автормен байланыс орнату қажет. Себебі автордың сценариймен жұмыс істеуі көптеген шығынды қажет етеді. Автормен алдын-ала жақсы қатынас орнату жоспарланған ойды асыру үшін керек.
Өтініштер бағдарлама циклін дайындауға аса қажет. Ол қысқа не кеңейтілген болуы мүмкін. Мысалы, ОРТ продюсері Д. Тицков дайындаған «Мамина школа» бағдарламасына көңіл аударайық.
Достарыңызбен бөлісу: |