Телебаѓдарламаларды редакциялаудыњ негіздері


Теледидар бағдарламасындағы әдеби сценарийді редакциялау ерекшеліктері



бет6/11
Дата01.03.2023
өлшемі232,5 Kb.
#170703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Шындалиева М.Б. Телебағдарламаларды редакциялау
-9786012473209, 1619113164
Теледидар бағдарламасындағы әдеби сценарийді редакциялау ерекшеліктері
Теледидарлық бағдарламаның әдеби негізі – сценарий болып есептеледі. Әдебиетте сөз бейне жасаудағы жалғыз құрал. Аяқталған шығарма іспетті әңгімеге немесе газет бетіндегі очеркке қарағанда сценарий теледидарлық бағдарламалардың негізгі ретінде ерекшеленеді. Сценарийді драматургия деп те түсінуге болады, яғни әдеби жазба түрінде болған, драмалық негізде құрылған өнермен байланысты.
Публицистикалық шығарма сияқты деректі бағдарлама сценарийінде де өзіндік ерекшеліетер кездеседі. Олардың бірі автордың ойынан, оның оқиғаға жеке көзқарасы мұнда фактілер жинағынан, таңдауынан және дерек көздерінен, сценарий сюжетінен бағынуынан тұрады. Деректі материал және авторлық интерпритация ұйымдасқан түрде болған жөн. Бұл шығармашылық ойдың толық ашылуына, дұрыс режиссерлік баяндауға мүмкіншілік береді.
Әдебиеттің негізгі түрі ретінде сценарий – бұл эпос пен драманың қоспасы, демек, драмалық, этикалық бастама функционалдық өзгерістер кездесіп отырады.
Эпикалық шығармаға ұқсас сценарий пәннің жан-жақты бейнесін ашуға, әр түрлі көзқарастар қалыптастырып, тақырып аспектісін ашуға, көп жоспарлы жұмыс жоспарын құруға жәрдемдеседі. Автор болып жатқан оқиғаға өзінің көзқарасын білдіріп, сюжетке бірден араласып кетуге құқылы. Әлеуметтік-психологиялық оқиға, кейіпкерлердің тәртібі, оқырман ойына аппеляция әдеби сценарийді эпикалық форма тұрғысынан жақындатады.
Драмаға ұқсас сценарий оқырманды кейіпкерлер диологы тұрғысында дайындаған қимыл-қозғалыс бейнесі арқылы оқиғаны аша түседі. Мұнда бейне эпизод бойынша құрылған сюжет заңдылығы арқылы ашылады.
Теледидар дыбыс бейнеге сүйенгендіктен, сюжетке құрылған сценарий үшін қандай фактілер мен оқиға жөнінде айту керек, ал қайсысын көрсету қажет екенін анықтап алған жөн. Басқа сөзбен айтқанда, экранда шығармадағы сөз бен бейне байланысы қандай болатыны айқындалады. Сценарий жасаушы оқиғаға, адамдарға, дерек көзіне байланысты экрандағы сөздің қанша көлемде болатынын білген абзал.
Экранда бірнеше объектіні бірден ашуға, ірі жоспарды қолдануға, қысқа ретроспективті эпизод (өткенді еске түсіру) қосып, әуен мен тура көңіл аударуға т. б. болады.
Дегенмен, бұл барлық компоненттер сценарий барысында бір жүйеге келіп, бір-бірімен байланысты болғаны жөн.
Теледидар бағдарламаларын әдеби сценарий негізі: бейнелеу бөлігі (ремарка), сюжет желісіне құралған қимыл-қозғалыстар; кадр артындағы мәтін (диктаторлық және авторлық) және синхронды бейнелер құрайды.
Ремарканың (белгі) бағдарлама (немесе фильмнің) бейнесін, оқиға желісін ашуда, монтаж немесе әуенді таңдауда орны зор. Сценарийдегі ремарка автордың ойын экранда анық, нақты және дәл түсіндіреді.
Кезінде сценарийдің бейнелі бөлігіне П. А. Павленко алғаш болып көңіл аударған. Ол енді ғана сценарий жасаушы болып жүрген бір адамға өз хатында былай деген екен: «Сіз оны (сценарий – Б. Г.) дайын режиссерлік жұмыс, эпизодты көрсететін монтажды бет ретінде жазасыз. Мәселен, «Жазғы күндегі аэродром. Бір топ қыз бен жігіттер ұшаққа қарап әңгімелесіп отыр» . Қандай аэродром? Қай жерде? Қоршаған орта қандай? Оңтүстік не солтүстік пе? Бір топ қыз бен жігіттер… Олар кімдер? Қалай киінген? Не жөнінде әңгімелесіп отыр? Егер де сценарий жазылса, оқырман оқиға желісін толығымен сезіну үшін бұлардың барлығында жазу керек қой. Демек, режиссер мен кейіпкерлер оқиғаның қай жерде өтіп жатқанын, экранда көрсеткен адамдардың кім екенін білуі тиіс қой. Сценарий, менің ойымша, көзбен жазылған дұрыс. Оқырман ең алдымен не болып жатқанын көзбен көруі қажет. Сценарийді әңгіме не повесть жазғандай жеткізу керек. Біздің сценарийге ықшамдылық жат. Сондықтан да болар, әдеби кино сценарий әлі күнге дейін қалың оқырман үшін көп қызықтыра бермейтін туынды. Сценарий роман емес, әңгіме де, пьеса да емес. Ол – жаңа туынды. Егер де бұл солай болса, онда кинодраматург композиция жұмысында формалық жаңа түрін табуға көп көңіл бөлген жөн («Вопросы драматургии», выпуск 1, Москва, «Искуство», 1954 жыл, 316-318-беттер).
И. А. Павленконың әдеби сценарий жөнінде айтқан ойлары сценарий табиғатын түсінуінен саяды.
Қазіргі таңда деректі телеарна үшін қоғамдық саяси бағдарламадағы «көрініс» («зрелищность») мәселесі өзекті болып отыр. Деректі бағдарламалар эффектісі ойын құралдарына емес, дерек көздері болып қалуы тиіс. Оған тек қана дерек материалдар сценарийдің сюжеті мен компазициясы желісінде құрылған болса ғана жете алады.
Деректі бағдарламада сценарийдегі драматургия кейіпкерлердің бейнесін толық ашуы керек. Міне, осы оның негізгі жұмысы болып есептеледі.
Өкінішке орай, бүгінгі таңда «әдеби сценарий» деген мағынаның өзі телеарнада танымал емес. Міне, сондықтан да болар, құрғақ желіге толы публицистикалық бағдарламалар туындап жатады.
Мәселен, керемет жазылған сценарийдің қатарына «Соңғы қоңырау соғылған кезде» (эстондық теледидар) атты бағдарламаны жатқызуға болады. Оның өте ерте кезде жазылғанына мән бермеген жөн. Жоғарғы деңгейде жазылған кәсіби жұмыстар қай кезде жазылғанына қарамайды. Сценарий мәтінінен үзінді келтірсек:
Мектеп бұрылыста орналасқан. Терезелерінің алдында бүк ағашының бір түрі (каштан) гүлдеп тұр. Жаңа ғана соңғы қоңырау соғылды. Жолдың бойнан бірінші сынып оқушылары үйге қайтып бара жатыр. Олардың көздерінен тұйықтық, ересектік есіп тұрғандай. Қанша дегенмен олар жаңа ғана екінші сыныпқа өткендері туралы қағаз алды ғой. Кейбіреулерін көшеде ата-аналары күтіп тұр… Анау жерде құшағы гүлге толы ұстаз үйге қайтып барады. Әне, талапкерлер де үйге беттеді. Олардың көздерінде алаңдаушылық, мазасыздық байқалады. Олар асығыс. Мектеп алдында оларды енді ата-аналары емес, «Ол» күтіп тұр. Мектеп оқушылары қайтқан дәл сол жолмен мектепке бұл бағдарламаның репортері, әйел адам келе жатыр. Ол бір сәтке мектеп алдында тұрып, ақырын ғана есігін ашып, ішке кірді. Мектептің дәлізі ұзын және бос. Репортер сатының қасына келіп тоқтап қалды.
«Қандай қызық. Кезінде біз күніне оншақты рет осы жермен анда-мында жүгіріп жүріп, осы ғимараттың жылдар өткен сайын бізге жұмбақты, сырлы (таинственный) болып қаларын кім білген?! Бір түрлі болып кетеді екенсің.
…Мектепте ешкімнің жоқтығы қандай жақсы, ешкімге кедергі жасамай еркін жүруге болады. Мұнда өткен мен болашақтың шекарасы. Ғимаратта таныс иіс мұрныңа келеді. Шаңның, бордың және балалық шақтың иісі шығып тұр. Қуаныштың желі есіп тұр. Сол шақ қиын кездердің бірі еді. Көптеген бағалы заттарға бүгінге қарағанда көзқарасымыз басқаша еді. Соғыс қасіреті әлі есімізден шықпаған. Біздегі әрбір бесінші адам жетім еді, Тынисмяга алаңында ол кезде соғыста қайтыс болғандар үшін орнатылған мәңгілік алау ескерткіші әлі жанбаған-ды. Біз тоқ едік, сол кезде анамыздың бір үзім нанды аузынан жырып бізге бергенін білдік пе? Әлі де есімде, бір күні мектепке мектеп формасын киіп келген бір қыз келді. «Қандай керемет!» - деп мұғалімдер таңданған еді. «Жібек көйлек! Жоқ мұндай мүмкін емес, - деген еді мектеп директоры бізге, кейін сендер де осындай көйлек киесіңдер дегенде. Енді бұл киім ешкім үшін жаңалық емес, маған да сол көйлектің қадірін кейбіреулер білмейтіндей болып көрінеді кейде. Өз аналарыңнан сұраңдаршы, олардың өздерінің ең алғашқы көк жібек көйлегін киюді әлі де армандайтынтына толық сенімдімін. (Репортер тоқтап қалды. Оның алдында мұғалімдер бөлмесінің есігі).
Бұл біз үшін шіркеу іспетті еді.
Осы есіктің алдында оқушы қандай сезімде болғанын мұғалімдер білді ме екен сол кезде?! Біз оларды қанша жамандасақ та, қандай да бір есімдер ойлап тапсақ та, болмашы бір сұрақтар қойсақ та, мұғалімнің беделі жоғары еді. Мұғалім қаншалықты қатал болса, соншалықты біздің есімізде қалып қойғаны анық. Әлі де оларды үлкен сағынышпен еске аламыз.
(Әйел ақырын ғана есікті қақты). Ешкім есікті ашпайды, қазір онда, әрине, ешкім жоқ. Мүмкін бар шығар? Жоқ, кірмей-ақ қояйын. Тіпті, мұғалімдер бөлмесінің өзі үлкен пікір қалыптастырады… Мен ұстаздың қаншалықты өнерлі екенін айтамын да. Өзін толығымен біреуге арнау… Ол оңай емес қой. Қашанда білім нәрімен сусындату – ол дегеніміз жанының тазалығы ғой. Кезінде әрбіріміздің өз ұзтазымыз бар еді. Әрбіреуі олар туралы әр түрлі есіне алады.
Есейе келе олардың қадірін жақсы түсінеміз. Ия, мектепте біз азамат болып қалыптастық.
…Өз емтихандарыңды тапсырған соң жазғы демалыстың қалай тез өтіп кеткенін байқамай да қаласың. Бірінші қыркүйек басталып, тағы да алғашқы қоңырау соғылады. Бірақ ол сіз үшін соғылмайды мұнда басқа жаңа бүлдіршіндер келеді. Олар сізді де кәрі деп есептейді. Олар ғарыштық не екенін, онда қалай ұшып баруға болатынын біліп, Айға сапар туралы әңгіме айтып, қаламмен жазу жазады. Олар да біз сияқты білімдерін 2´2=4 екеннен бастайды. Қанша дегенмен, олар сол кездің балаларындай болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет