Телебаѓдарламаларды редакциялаудыњ негіздері


Мәтін түрлері мен оны классификациялау



бет9/11
Дата01.03.2023
өлшемі232,5 Kb.
#170703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Шындалиева М.Б. Телебағдарламаларды редакциялау

Мәтін түрлері мен оны классификациялау
«Мәтін» термині көп мағыналы. Филология саласында мәтін тіл мен шығармашылық, сөз өнерінің жазбаша қайнар көзі ретінде тілдік шығарма ретінде түсініледі. Ғылыми зерттеулер тәжірибесінде автор шығармашылығының мәтіні ұзақ уақыт бойы тіл өнері процессінің ұйымдасқан нәтижесі болып саналады, ал мәтін лингвистиканың обьектісі ретінде сөйлеммен ғана шектеледі. Қазір әдебиеттанушылар нақты зерттеулер барысында лингвистикаға көп назар аударады, ал лингвистер сөйлемге емес, керісінше сөздік бірлікке-мәтінге баса назар аударады.
Ұзақ уақыт бойы «мәтін » термині редакторлау теориясында өз мағынасында қолданылмады. Ол тек «Авторлық қолжазба » немесе «мәтіндік оригинал » деген терминмен тар ауқымда аударылып жүрді. Редакциялау процесі барысында мәтінді кез келген автордың кітап немесе мақала жариялау мақсатындағы қолжазба ретінде түсінді, ал бұл түсінік мәтінді толыққанды ғылыми тұрғыда зерттеуге жол ашпады.
Редактордың пікірінше, мәтін әдеби шығармада үнемі шектеулі, аяқталған, тұтас болып табылады. Әдебиетте «мәтін » түсінігі синонимдік тұрғыдан редакторлағанда авторлық шығарма мағынасында қолданылады. Бүгінгі күнгі мәтін теориясын танып білудің арнайы міндеттемелері бар:

  1. мәтіннің тууы мен оны түсінудегі мәтіннің мағынасын толық зерттеп алу,

  1. бірегей коммуникация ретінде мәтінді бақылау,

  1. мәтіннің бойындағы ақпараттану проблемасын зерттеу.

Мәтіннің түрлеріне тоқталмас бұрын оның қайнар көзін білудің де артықтығы жоқ. Біріншіден, қолтаңба, ашып айтқанда шығармашылық процесс барысында мәтіннің соңына автордың өз қолымен қойылған қолтаңбасы болуы тиіс. Екіншіден, өзге біреудің қолымен жазылса да, мәтін авторының өз қолымен грамматикалық, стилистикалық тұрғыдан тексерілгендігін айқындайтын мәтіннің қосымша көшірмесі. Үшіншіден, Автордың басылған мәтіні немесе мерзімді басылымдарда жарық көрген мәтіннің түрі.Төртіншіден, көшіріп алынған немесе мәтіннің анық көшірмесі. Қайнар көзінің бұл түрі ХІХ ғасырда кең таралған болатын, яғни жоғары баға қойылған аз ғана данамен мерзімді басылым сияқты болып шыққан мәтіндер. Мәтіннің қайнар көздері мен оны теориялық тұрғыдан зерттеудің басты мәселелерін толық танып білу, текстология қызметін білдіреді. Текстология қызметінің соңғы қадамы мәтіннің жазылған уақыты мен қолжазбасын қайта қарау міндетімен шектеледі.
Мәтіннің әр жерде әр түрлі қосымша мағыналары да кездеседі. Атап айтқанда, «каноникалық мәтін», «дефинитті мәтін», «сыни тұрғыда қаралған мәтін » және аяқталмаған « аяқталмаған мәтін» т. с.с. Мәтіннің мұндай сипаты оның жазылу стилі мен мағыналық жағына байланысты туып отыр. Сондықтан әр автордың жазған шығармасына баға бере отырып редактор жоғарыда аталған мәтіннің сипатымен бағалай алады.
Мәтінді редакторлық тексерістен өткізуде бірінші кезекте толық немесе біркелікті, байланыстылық , нақты бір белгісі бар жүйеде бекітілгенділік сияқты қасиеттерді анықтап алу қажет. Мәтін тудырушы автор шығарма бойында грамматикалық немесе стилистикалық, морфологиялық қателерден басқа қандай да бір тілдік деректіліктің кетпеуін, газет журналдарда берілетін жаттанды тіркестердің орынсыз қолданылмауын жіті қадағалап отыру тиіс.
Жоғарыда аталған мәтіннің қасиеттеріне жеке-жеке тоқталар болсақ, мәтіннің біркелкілігі дегенді мәтіннің өн бойын тұтас байланыстырып тұрған мағыналық жіп деп түсінуге болады. Мәтіндегі бұл қасиеттің барына көз жеткізу үшін екі бағытта шығарманы тексеруіміз керек: 1. органикалық бірлік ретінде оны анализдеу, 2. ондағы элементтердің толықтығы мен нақтылығын анықтау. Мәтіннің осы қасиеттерін толықтыру үшін ондағы кейбір сөйлемдерді тереңірек ұғымды білдіретін сөйлеммен алмастыруға болады. Бірақ, көптеген редакторлар мен шығарма авторлары мәтінді мәндендіре отырып, оның бойындағы артықшылық тудырып отырған элементтерін жойып алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет