Топ студенті Әбілқасым А.Б. презентацияны былайша бастауды жөн көрді : «31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі - жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық. Қуғын-сүргін жылдары ішінде Қазақстан аумағында құрылған лагерьлерге 5 млн астам адам жіберілді. "Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салды. Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық" - деп атап өтті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуінде. Қуғын-сүргін арқылы 100 мыңға жуық қазақстандық өтті. 20 мыңы атылды. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Тынышбаев, М.Дулатұлы, Т.Рысқұлов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Асфендияров сияқты мемлекет және қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары болды.»
Топ студенті Бимырзақызы Ұ. бұл күннің маңызы жөнінде өз ойымен бөлісті: «Бұл шара – жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған ерлердің алдындағы борышты өтеуге, парызды ақтауға арналған жұмыстардың бастауы.
Жалпы, зерттеушілер деректеріне сүйенсек, 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан бастам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Осы қуғын сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь болған. Қазақстанда ГУЛаг-тың 20-дан астам лагері орналасқан. «Социалистік режимнің екі үлкен күнәсін кешіруге болайды: бірі – ашаршылық, енді бірі – қуғын-сүргін», - дейді Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Хангелді Әбжанов.
Айта кетейік, атаулы күнге орай еліміздің әр аумағында бірқатар іс-шара ұйымдастырылды. Айталық, 28 мамырда Алматыда Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті және «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Тауқымет пен тағзым» атты жиын өтті. Жиын барысында 1937-1938 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған дискісілерідің тұсауы кесілді. 29 мамырда Астанадағы «Іскер» бизнес орталығында ғылыми тәжірибелік конференция өтті.
Сондай-ақ, бүгін С.Сейфуллин ескерткіші алдында «Өткенге құрмет – мәңгілік міндет» жастар акциясы өтеді.
Топ студенттері арнайы «31 мамыр- Саяси қуғын- сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» тақырыбында видеоролик дайындап көрсетті. https://youtu.be/OUQImPkiSqk
Достарыңызбен бөлісу: |