Тема: Развитие функциональной грам


Жоғарыдағы мәтінде озонның атмосферада қалай пайда болатындығы туралы ештеңе айтылмаған. Шын мәнінде күн сайын біраз озон түзіліп, кейбір басқа озон жоғалады. Озон түзілу тәсілі келесі суретте бейнеле



бет2/3
Дата22.12.2022
өлшемі0,62 Mb.
#163936
1   2   3
Байланысты:
tuleushov-g.s himiya-sabaғynda-oқushylardyң-funkczionaldyқ-sauattylyғyn-қalyptastyruғa-arnalғan-tapsyrmalar-dajyndau

Озон

  • СҰРАҚ 1
  • Жоғарыдағы мәтінде озонның атмосферада қалай пайда болатындығы туралы ештеңе айтылмаған. Шын мәнінде күн сайын біраз озон түзіліп, кейбір басқа озон жоғалады. Озон түзілу тәсілі келесі суретте бейнеленге


Сізде осы суреттің мағынасын түсінуді қалайтын ағаңыз бар делік. Алайда, ол мектепте ешқандай ғылыми білім алған жоқ.
Ол атмосферада суретте көрсетілген кішкентай адамдардың жоқ екендігін біледі. Ағаңыз O, O2 және O3 деген символдардың нені білдіретіндігін білгісі келеді.
Ол сізден осы суретті түсіндіріп беруді сұрайды. Ағаңыз білетіні:
O - оттегінің белгісі;
атомдар мен молекулалар.
Ағаңызға сурет туралы түсініктеме жазыңыз.
Суретті пайдалана отырып 5 сөйлемнен тұратын түсініктеме жазыңыз, сөйлемде атомдар мен молекулалар сөздерін қолданыңыз.

Тақырыбы: «Электролиттік диссоциация» 1. Реакция теңдеулерінің молекулалық, толық және қысқартылған иондық түрінде жаз: 2. Соңына дейін, газдың бөлінуімен жүретін реакция теңдеуіне мысал келтіріңіз, бұл газ қалай аталады? Оның адам ағзасына әсері қандай?

Тақырыбы: «Галогендер». 1. Сізге түрлі дақтарды кетіру керек: тат, май, кофе, йод, сәбіз шырыны, шие шырыны, ет тұздығы. Сіздің қолыңызда: персоль, кір жуу ұнтағы, ультрафиолет шамы, тіс пастасы, бензин, лимон қышқылы. Әр дақ үшін кетіру шешімін таңдаңыз. 2. Тәжірибелер нәтижесінде хлор газы бөлінді. Улабау үшін сізге қажет а/ тәжірибені тоқтату б / мұғалімге қоңырау с/ шалыңыз терезені ашу д/ мақта-дәке таңғышын кию

Кіріктірілген тапсырмалар - бұл әртүрлі сабақтарда қолдануға болатын оқу тапсырмаларының бір түрі. Олардың ерекшелігі әр түрлі ғылымдардан, әр түрлі оқу пәндерінен, тақырыптардан, мәселелерден алынған білім мен біліктерді синтездеуде, оларды айналасында біріктіруде және бір мәселені шешу үшін, бір объектіні немесе пәнді білу үшін маңыздылығы үлкен.

Тақырыбы: «Күкірт және оның қосылыстары» Күкірттің организмдегі қос биологиялық рөлін ашу. Атмосфераны ластайтын зат ретінде күкірт (IV) оксидінің негізгі көздерін атап өтіңіз және оны қалай алуға болады 1. Сызбада жетіспейтін элементтерді толтырыңыз. Суретті талдай отырып, келесі сұрақтарға жауап беріңіз: А) Қышқыл жаңбырдың (SO2 қатысуымен пайда болған) топыраққа әсері, су қоймасының биоценозына қалай әсер етеді? В) Су қоймасында пайда болған SO2 әсерінен болған өзгерістерді қалай жоюға болады? 2. Сіз суретте көрсетілген кәсіпорынның директорысыз. Экологиялық сарапшылар жақын маңдағы көлден су құрамындағы нормадан ауытқуларды анықтады және оның себебі сіздің кәсіпорыннан шыққан SO2 шығарындылары. Сіздің қолданылатын шараңыз - кәсіпорынды жабу - Тазарту құрылыстарын жақсарту - Көлдегі суды тазарту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет