«Кәсіп туралы не оқуға болады» ашық сабақ ұйымдастырды.
Мақсаты: ”Мамандық “ құндылығы туралы түсініктерді кеңейту. Мамандық таңдау, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышы туралы ұғым беру.
Міндеттері: Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту.
- Мамандық таңдауда оң шешім қабылдауға, еңбек қуанышын сезінуге, өзінің бойындағы қасиетін тануғажетелеу.
- Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табысты болуға тәрбиелеу. «Кәсіптік бағдар беру олимпиадасы» бойынша олимиадаға 9 «А» сынып оқушысы Абдикаримова Асем және Қожамуратов Нұрсултан қатысып алғыс хаттармен марапатталды. Оқушыларды дайындағаны үшін мектебіміздің педагог-психологы С.Н.Абдрасиловаға алғыс хатпен және «Өзіндік маркетинг құпиялары» тақырыбында шеберлік сабағына қатысқаны үшін мектебіміздің әлеуметтік педагогі Г.А.Досымуратоваға сертификат берілді.