Теоретический тур, 11 класс



бет1/2
Дата18.12.2021
өлшемі74,5 Kb.
#102857
  1   2
Байланысты:
Каз Теоретические задания 10 класс районная 2018-2019


2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ

ГЕОГРАФИЯДАН ТЕОРИЯЛЫҚ ТУР ТАПСЫРМАЛАРЫ

10 СЫНЫП
Тапсырманы орындау уақыты – 90 минут
1 - Тапсырма. Келесі ұғымдарға анықтама беріңіз: абразия, дюна, эккер, реэмиграция, даунтаун. (Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай. Барлығы 10 ұпай).
2 - Тапсырма. Есепті шешіңіз. (Әр дұрыс жауапқа 2 ұпай. Барлығы 10 ұпай).
Есеп 1. 1:100 000 масштабтағы планда орманның ауданы тік төртбұрыш пішінді, қабырғалары 34 мм және 52 мм. Орманның ауданын га анықтаңыз?
Есеп 2. 1: 25 000 масштабтағы топографиялық планда шоссе мен шахта арасындағы қашықтық 7,2 см құрайды. Екінші планда бұл қашықтық 6 см құрайды. Екінші планның масштабы қандай?
Есеп 3. Егер жергілікті уақыттың Лондонның жергілікті уақытынан 5 сағат 8 минутқа айырмашылығы болса, онда қала қай бойлықта жатыр?
Есеп 4. А тауының шыңында атмосфералық қысым 240 мм сынап бағанасына тең, В тауынының шыңында сынап бағынасы – 380 мм. Егер олардың етегінде атмосфералық қысым қалыпты жағдайда болса, таулар биіктігінің айырмасын анықтаңыз.
Есеп 5. 2016 жылы облыстағы халықтың орташа жылдық саны 14 млн. адам., оның 25%-ын 15 – 49 жастағы әйелдер құрайды. Бір жыл ішінде облыста 37000 адам туылып, 21000 адам, оның ішінде 1 жасқа дейінгі – 1056 сәби қайтыс болды. Облысқа тұрақты тұруға 23000 адам келді, ал облыстан басқа жерлерге тұрақты тұруға 12500 адам қоныс аударды. Халықтың механикалық өсім коэффициентін анықтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет