«Тәрбие жұмысынның технологиясы»


 Математикадан сыныптан тыс жұмыстарға шолу және оның



бет10/12
Дата29.12.2021
өлшемі81,88 Kb.
#106358
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
ОТЧЕТЬ
ОТЧЕТЬ
2.2.1  Математикадан сыныптан тыс жұмыстарға шолу және оның

бағыттары

Математикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс деп – мұғалімнің оқушылармен сабақтан басқа уақытта жүргізілетін жұмыстарының жүйесін айтамыз. Математикадан сыныптас тыс жұмыстарға шолу жасай отырып оларды мынадай бағыттарға топтастыруға болады:

а) бағдарламадағы материалдарды толық түсінбеген оқушылармен жүргізілетін жұмыстар;

ә) математикалық қабілеттері жоғары математика пәніне қызығушылықпен қарайтын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.

Бірінші бағыт: әртүрлі себептермен білім деңгейі, біліктілігі төмендеген оқушылармен жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім деңгейлері бірдей болатын оқушыларды 3-4-тен топтастыра бөліп алып, сабақтан тыс уақытта қосымша дәріс беру арқылы жүргізіледі.

Қалыс қалған оқушылармен дайындық мүмкіндігінше жүйелі түрде, яғни аптасына бір немесе екі рет, әр оқушыға нақты көмек ретінде болуы керек. Қайталау жасалғаннан соң, оқушылардың білім деңгейі дәрежесіне толық көз жеткізу үшін қорытынды бақылау жүргізіп, әр тақырып бойынша баға қойылуы қажет. Пән мұғалімі әр тақырып бойынша оқушылардың қалыс қалу себептерін анықтап, жиі жіберетін қателіктерге талдау жасау керек.

Екінші бағыт:

а) оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру;

ә) бағдарламада қамтылған сұрақтарды тереңірек және кеңірек оқыту;

б) оқушылардың математикалық қабілеттерін, іздену дағдыларын арттыру;

в) математикалық ойлауын тереңдету;

г) ғылыми-көпшілік әдебиеттерді өз беттерімен пайдалан білуге үйрету;

д) математиканы ғылым мен техникада, өмірде пайдалана білу т.б. мақсаттарға жетуін көздейді.

2.3  Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі түрлері

Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.

Математикалық үйірме – математика пәні бойынша  ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстардың мейлінше кеңінен тараған және негізгі түрі. Математикалық үйірме оқушылардың білімін тереңдетуде, олардың математикалық таным мәдениетін және пәнге қызығушылығын арттыратын маңызды құрал болып саналады. Оған қосымша, әртүрлі үйірмелерге қатысу математика бойынша қосымша әдебиеттер мен өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады.

Математикалық үйірме жұмысының белгілі бір жоспары және оқушылардың ынта-зейінін басшылыққа алған нақты мақсаты болады. Үйірме сабақтарындағы жұмыс математиканың даму тарихымен таныстыру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын қалыптастырады. Тәжірибе көрсеткеніндей, бұл тақырыптағы шолу баяндамалар оқушыларға беймәлім және түсініксіз есімдер мен терминдерге толы болғандықтан, қабылдауға ауыртпалық түсіреді. Соған қарамастан, математикалық үйірмеге әдетте оқу үлгерімі жақсы оқушыларды қамтиды. Нашар оқитын оқушылар қатысқысы келсе, оларға да үйірме есігі ашық болуы керек. Үйірмеге қатысатын оқушылар саны 20-25 болғаны қолайлы. Үйірменің алғашқы отырысында, оның төрағасы сайланып, үйірме мүшелерінің құқықтары мен міндеттері келісілуі керек.

Қазіргі кезеңде мектеп алдындағы басты мақсаттардың бірі – оқушылардың жалпы білім деңгейін арттыру, өз бетімен білім алу жолдарын үйрету, болашақта алған білімдерін өз мұқтаждарына пайдалана алатын жолдарға бейімдеу болып табылады. Математикалық білімдерді толықтырудың басты көзі – кірап, ғылыми - көпшілік әдебиеттер. Оқушылардың қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білуге үйрету – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.

Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істегенде оқушылардың біліктілігі мен дағдыларын қалыптастырудың  негізгі құраушылары төмендегідей:

а) мәтінді терең түсіну біліктігі;

ә) ең бастысын ажырату және есте сақтай білу;

б) әңгіме жасалынып отырған мәселелерді іштей қорыту біліктілігі;

в) жоспар, конспект құра білу, көшіре ала білу;

г) қабылданатын ақпараттарға өз бетінше  сын көзбен қарай білу;

д) математикалық мәтіндерде кездесетін қиындықтарды жеңе білуге, өзін-өзі жұмыс істеуге мойындатуға үйрету.

Оқушыларға оқыған әдебиеттері бойынша баяндама, реферат жазу, кестелер, үлгілер жасауға үйрену, керекті әдебиеттерді таңдай білуге үйрету мұғалім қызметінің басты құралы болып саналады. Міне, осы жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың пәнге ынталылығы арта түседі.

Математикалық викториналар – сыныптан тыс жұмыстың қызықты, еліктіргіш әрі жаппай сипаттағы түріне жатады. Оның оқу-тәрбие ісіндегі орны ерекше және оны әр түрлі кештерде дербес шара ретінде өткізуге болады. Викторинаның табысты өтуі оқушылардың оны ұйымдастыруы мен жабдықтауға белсене қатысуымен бірге сол викторинаның сұрақтарын құрастыруға тікелей қатысуына байланысты. Викторина сұрақтарын іріктеуде тарихи-математикалық, көркем және ғылыми-көпшілік әдебиеттерді, сонымен қатар математика пәнінің сыныптан тыс жұмыстарға арналған кітаптарды пайдаланған жөн.

Сұрақтардың тақырыбы төмендегідей болуы мүмкін:

Атақты  математиктер және олардың табыстары;

Атақты математиктердің өмірбаяны;

Біздің еліміз тарихындағы әйгілі математиктері және олардың математиканы дамытуға қосқан үлесі;

Көршілес елдердегі математиканың даму тарихы;

Математикалық белгілердің, терминдер, таңбалар мен түсініктердің пайда болу тарихы;

Рыноктік қарым-қатынастың даму қарқынын бейнелейтін есеп-сұрақтар;

Бұл сөздер кімдікі екенін білесіздер ме?

Викторина мектептегі математика кешінің, үйірме сабақтарының құрамдас бөлігі ретінде де өткізеді. Оның сұрақтарының математикалық газеттерде жарияланады. Викторина өткізу барысында төмендегідей сан алуан сұрақтар қойылуы мүмкін:

- ауызша сұрақ, викторина жүргізуші сұрақтарды оқиды да, оған жауап күтеді;

- есеп-сұрақтар немесе жаттығулар (көп түрлендіру қажет етпейтін);

- сұрақтар плакат немесе сурет түрінде берілуі мүмкін және т.б.;

- викторина сұрақтары, әдетте математикалық газеттерде жарияланып кроссворд, бас қатырғыш түрінде де берілуі мүмкін.

Викториналарды мектепаралық олимпиадалар өткізуге де пайдалануға болады. Математиканың тарихы жөнінде викторина өткізудің үлкен тәрбиелік мәні бар. Оқушылардың бойында  ілімнің жұмбақ қырларын білуге құштарлық, пәнге қызығушылық қасиеті  пайда болып, олар зерттеу жұмыстарының алғашқы  негіздерімен танысып, математикаға арналған ғылыми-көпшілік әдебиеттерді өз бетінше оқуға дағдыланады.

Математикалық ойындар. Әдетте жасөспірімдер өздерінің белсенділігімен көзге түсетіні белгілі. Ол жұмыстың бірыңғайлылығы мен сабақтың эмоционалдық жұтаңдығынан жылдам жалығып, өзге әрекеттерге тез дайындалады. Оқу материалдарының мазмұны жасөспірімдерді қаттырақ қызықтырады. Мұның өзі мұғалімнің сабақ барысында болсын, сыныптан тыс жұмыстарда болсын жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайға сәйкес құбылтып отыруын талап етеді.

Оқушылардың пәнге ынтасын арттырудың тиімді әдістерінің бірі – математикалық ойындарды шебер ұйымдастыру. Мұндай кештер әсерлі өткізілген жағдайда оқушының алған білімін толықтырып, көз-қарасын кеңейтуге мүмкіндік береді. Дидактикалық ойындардың тәрбиелік және ағартушылық деңгейі оның методикасы мен ұйымдастыру сапасына байланысты болады. Ойынның тапсырмалары оқушының ойлау қабілетін, түйсігі мен қиялын тербейтін, тапқырлығы мен шығармашылығын ұштайтындай талаппен іріктелуі тиіс. Мұндай ойындар өзара жарыстың бір түрі ретінде  оқушылардың жан-жақты  дамып қалыптасуына, коллективтік сана-сезімді ұялатуға, өзінің жеке пікірін ұжымдық пікірмен қабыстыра білуге дағдыландырады. Математикалық ойындар сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарына да машықтандырады. Осы мақсатпен берілген есепті барынша толық шығаруға, ол үшін қосымша  айқындама шарттарға назар аудару қажет. Сонымен, ойынды ойлы ұйымдастыру  оқушылардың математикаға қызығуын арттырудағы міндетті жеңілдете түседі. Төменде оқушылардың белсенділігін арттыруға септігін тигізетін сыныптан тыс жұмыстардың құрамдас бөлігі – ойын түрін ұсынуға болады.

«Жұмыла жауап».

Бұл ойын түріне 2-3 команда қатысады.

Жүргізуші белгі берісімен олар есепті шығаруды немесе ережені айтып беруі керек. Мұнда шапшаңдық танытқан, жауаптары дұрыс шыққан команда жеңімпаз атанады?

Тапсырмалар үлгісі:

1. Ромбының неше бұрышы бар? Ал оның біреуін кесіп тастасақ, қаншасы қалады?

2. 10 бұрышты үш есе ұлғайтатын лупамен қараймыз. Сонда бұрыштың шамасы қандай болады?

3. Айнымалының кейбір анықталған мәндерінде  дұрыс болатын теңдік қалай аталады?

4. Геометриялық деректерді бірыңғай жүйеге келтірген кім?

5. Мектептегі математика кестесінің авторы кім?

6. Математика оқулықтарының авторларын атаңдар?

7. Бұрышты қақ бөлетін сәулені не деп атайды?

Математикалық олимпиадалар – сыныптан тыс жұмыстардың және оқушылардың жаппай бәсекесін туғызатын тиімді тәсілдердің бірі. Әдетте олимпиадалар математикалық үйірме жұмысының өзіндік қорытындысы да болып табылады. Мұнда оқушылар әр түрлі  математикалық мәселелерді еркін талдай білуге машықтанып, алғырлығын танытады, өзінің математикалық дайындық деңгейін байқап көреді.

Олимпиада оқушының пәнге қызығуын арттырып, математикалық ойлаудың жоғары мәдениетін қалыптастырады. Олимпиада үшін есептерді іріктеудің маңызы зор. Олар мектеп программасы шеңберінде жүргізілуге тиісті, сондықтан І турда олимпиадаға тілек білдірген кез келген оқушы қатыса алады. Сонымен бірге олимпиадалық есептер алғырлық, тапқырлық қасиеттерді талап етеді және оқушының есепті  ой елегінен өткізіп, өзіне сыни тұрғыдан қарай білу қасиетін қалыптастыруы қажет. Ал, қандай бір математикалық баяндаудағы есептерді дәлелдеуге білімпаздық, терең ойлау, қорытынды жасай, талдай білушілік талап етіледі.

Сондықтан, математикалық олимпиаданың ерекшелігінің бірі ретінде математикалық ойлаудың барлық формаларында шығармашылық элементі бірінші кезекке тұрады. Сонымен математикалық олимпиада жеке адамның табандылығымен мақсаткерлігін, еңбексүйгіштігі мен дербес ой-қорытуын, ғылыми-зерттеушілік қабілетін ұштауға септігін тигізеді.математикалық олимпиада талантты оқушыларды іріктеуге, сөйтіп болашақ жас ғалымдардың университет қабырғасында одан әрі оқуына жол ашады.

Математикалық газет. Бұл газеттердің беттерінен математикалық терминдер мен  таңбалардың шығу тарихы, әр түрлі халықтар ғалымдарының оны дамытудағы еңбегі көрініс беруі мүмкін. Бұл материалдар оқушылардың математика пәніне құштарлығын арттыра түседі.

Газеттер математика ғылымының жетістіктерін насихаттап, оқушылардың таным көз қарасын кеңейтіп, еңбексүйгіштікке, ізденімпаздыққа тәрбиелейді.

Газеттің тақырыбын белгілеуде мұғалім математикалық күнтізбені, үйірменің жұмыс жоспарын, ел өміріндегі айтулы оқиғаларды, шет елдердегі, достық қауымдастықтағы елдердегі жаңалықтарды басшылыққа алады.

Газетті үзбей шығарып отыру үшін құрамында 5-7 адам бар ауысымдық бірнеше редколлегия ұйымдастырған жөн. Мұндай тәжірибе газеттің сапасын арттыруға, оны шығаруға оқушылардың басым бөлігін қатыстыруға жағдай туғызады. Сонымен қатар газеттің мазмұнын мұғалімнің басшылығымен әрбір редколлегия дербес белгілеуі қажет. Әрбір редколлегия өздеріне тапсырылған газет нөмірінің тақырыбымен шығарылу мерзімін алдын-ала білуі тиіс. Бұл оқушылар санасына жауапкершілік және тәртіп тәрбиесін ұялатады. Мұның өзі редколлегия мүшелері мен газет шығарушылардың ғылыми-көпшілік кітаптарды, журналдарды, пән бойынша басқа да әдебиеттерді оқып, бағдарламаның жекелеген сұрақтарын еске түсіріп, пысықтауға дағдыландырады, білімдерін тереңдете түседі.

Редколлегиялар арасында өзара бәсеке рухы орнығып, оқушылар өз газетін жан-жақты, әсем безендірілген әр мазмұнды етіп шығаруға тырысады. Сондықтан мазмұнды дайындалған газет оқушылардың белсенділігін арттырып, өзі қалаған пән ғылымының сырына қанығуға ұмтылады. Ол үшін газет арқылы салмақты материалдар жариялап, бұл күні ешқандай ғылым мен өндіріс саласы математикасыз дами алмайтындығын математика техника мен медицинада, химия мен биологияда, астрономия мен тіл білімінде, музыкада кеңінен қолданылатынын әсерлі баяндау керек.

Балаларға, газет материалдары мазмұнымен, көркемдік безендірілуімен айрықша әсер етуі тиіс, яғни ол аса зор тәрбиелік мәнге ие болуы тиіс. Мақалалардың айшықты тақырыптары, ұтқыр суреттер мен фотографиялар, карикатуралар, ребустар, жұмбақтар, маңызды пікірлерді бөлектеп жазу оқушыларды бірден баулап алады, әсерлік қуатын күшейтеді.

Математикалық кештер. Тәжірибе математикалық кештердің сабақ барысында алған білімді елеулі түрде  тереңдетуге және кеңейтуге, сол пәнге  қызығушылық қасиетін қалыптастырып, дамытуға барынша ықпал ететінін көрсетті.

Әрбір кештің ағартушылық және тәрбиелік құндылығы ең алдымен оған дайындық ісіне, оны дайындап өткізуге оқушылардың белсенділікпен қатысуына байланысты. Бұл кештер қызықты әрі оқушыларды қалжыратпауы үшін баяндамалар қысқа және  мағынасы жағынан да, дикциясы жағынан да мұқият пысықталуы керек. Сонымен қатар баяндамалар алдын-ала дайындалған текст бойынша  оқылмағаны дұрыс. Мысал үшин:

Мектептерде тәрбиені жолға қою өте күрделі іс. Бұл мақсатқа жету үшін математикадан жүргізілетін кеште ұлы ғалымдарының математиканы дамытудағы рөлдері т.б. насихаттаудың маңызы зор. Ғұлама ғалым Әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуына арналған кешті өткізу  тәжірибесін ортаға саламыз. Кеш өткізер алдында  практиканттар мен математика мұғалімдерінің және оқушылардың бірлескен дайындығы жүргізіледі. Кешке байланысты «Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары» атты қабырға газетінде Әл-Фараби, Абу Райхан Бируни, Насредин Туси (суреттерден стенд жасалған) т.б. ғалымдардың еңбектерінен үзінділер келтіріледі. Газетте ғалымдардың өмірбаяны мен бірге:

Қиын есептер

Тарихи есептер

Жұмбақ есептеу

Бұл кітаптарды оқыңыз

Осы оқу құралын сатып ал, - деген сияқты бөлімдер болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет