«Тәрбие жұмысынның технологиясы»


Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері



бет11/12
Дата29.12.2021
өлшемі81,88 Kb.
#106358
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
ОТЧЕТЬ
ОТЧЕТЬ
2.4 Ауызша есептеуге үйрету тәсілдері

 Бастауыш сынып математикасын оқыту үрдісінде есепті шығара білу шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру және дамытудың шешуші бағыттарына тоқталайық.

1. Есеп шығаруға үйрету – математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі мәселелердің бірі. Бұл балалардың шама-шарқына, психологиялық жас ерекшелігіне сәйкес салыстыру, жан-жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою. Жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру, қорытындылау, абстрактциялау сияқты түрліше меңгеруіне байланысты бірдей дәрежеде орындала бермейді.

2. Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері қабілет деңгейлерінің әр түрлілігіне байланысты, олардың бәрінен де бір тарақтың жүзінен шыққандай есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды.

3. Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып ілгерілген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды.

Ауызша есептеуге үйрету Бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім. Ол уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай шығатыны, ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға уақыт жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде болғанымен, олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік мол.

Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.

Бастауыш сыныпта математиканы оқыту тек математикалық білімді берумен шектелмейді. Бұл пән оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда маңызы өте зор. Оқушылардың ойлау процесінің нақтылығын, тереңдігін анықтау үшін олардың белсенді іс-әрекетімен бірге өз бетінше жұмысын ұйымдастыру керек.

Ауызша есептеуге үйретуде оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру кезінде арифметикалық диктант ретінде қолдануды ескеру қажет. Диктанттан кейін тексеруді ауызша жүргізген қолайлы.

Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту мектепке сабақ және сабақтан тыс жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады. Сабақтарда балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға,олардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы өседі. Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың белсенді әдістерінің бірі – оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу.

Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін бірте-бірте игеріп алуы тиіс.

Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі – кітапқа, оның ішінде оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі. Әр сынып оқулықтары қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен қамтамассыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың құрылымына да, элементтеріне де әсерін тигізеді.

Өзіндік жұмыс үшін оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе тақтаға жазылған, сондай-ақ қалталы полотноға белгіленген тапсырмалар ұсынылады. Өзіндік жұмыс үшін кейде тапсырма әрбір оқушыға жеке түрде беріледі. Бұл жағдайда тапсырмаларды әр оқушының шама-шарқын ескере отырып, сараптауға болады. Сонда жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесінің жоғары болуы қамтамасыз етіледі. Өзіндік жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Өзіндік жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді. Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін барынша ескеру мүмкін болады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өзіндік жұмыс түрлерінің өзгермелі болғаны жөн.

Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға көмектесуі тиіс.

Көрнекті қоғам қайраткерінің бірі Н.К. Крупская: «Балаларды өздігінен жұмыс істеуге үйретудің төтенше қажет нәрсе екендігін, техниканың ғылымның алға басып өркендеуі, жаңадан пайда болған проблемаларды ойланып шеше білудің қажеттігі адамның өздігінен үйреніп, білімін толықтырып отыруын талап ететіндігін, жасөспірім ұрпағымызды өздігінен жұмыс істеуге үйрете білуіміз керектігін» - көрсеткен болатын.

Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы – жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:

1. Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.

2. Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

3. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.

4. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.

Қорыта келгенде, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары: карточкалар, өздік жұмыстар, есептер шығарту, кестелер толтыру арқылы жүзеге асады. Тоқсандық бақылау, өздік 5-10 минуттық бақылау жұмыстары жүргізіледі.

Өз бетімен орындайтын жұмыстары біріншіден, олардың ақыл-ойын таным белсенділігін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.

Математика сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір бірімен байланысты жүзеге асады. Мысалы: саналық, көрнекілік, жүйелілік, беріктік, шамаға лайықтылық және тағы басқалар. Бастауыш сыныпта математикадан оқушылардың білім деңгейін көтеруде көрнекілік принциптерінің рөлі ерекше.

Көрнекі түрде оқыту – оқушылардың тиісті бақылауларына сүйеніп оқыту, бірақ көрнекі оқыту дегенді тек көрнекі құралдарды пайдаланып отыру деп түсінбеу керек. Алдыңғы айтқандай көрнекілікпен оқыту арқылы білім сапасын артттырамыз, материалды жетік терең әрі тез, жеңіл түсінуіне ықпал жасаймыз. Көрнекі құралдар оларды қалай пайдалану керектігі туралы бірқатар педагогикалық-психологиялық зерттеулерге тоқталып өтуге болады.

Көрнекілік принципін теориялық жағынан бірінші болып негіздеген Я.А. Коменский (1592-1670) болса, орыс педагогтары ең алдымен ұлы педагог К.Д. Ушинский (1824-1870) көрнекілік мәнін психологиялық жағынан қоса алып көрсетті.

Көрнекілік әдісімен оқу – оқушыларды өз бетінше байқауға үйретуге негізделеді. К.Д. Ушинский көрнекілік әдіске психологиялық анализ жасай келе, көрнекілік тек көру сезіміне ғана байланысты деген бір жақты пікірді сынады. Себебі қандай нәрсені болса да қабылдағанда сезім мүшелеріміз неғұрлым көбірек қатынасса зат және құбылыс жөніндегі қабылданбаған ұғым, түсінік есіңізге соғұрлым берік, тиянақты есте сақталады.

Сондықтан сабақта көзбен көру, дыбыс органымен айту, қолмен жазу, тағы басқа сезім мүшелерінің белсенді қатысуы тиіс. Егер де педагог баланың есінде бірдеңені берік қалдыруды көздейтін болса, ал көз, құлақ, дауыс, бұлшық ет сияқты сезім органдарының, тіпті мүмкін болса, иіс және дәм сезімдерін де есте сақтап қалу актісіне көбірек қарастыруға тырысуы керек деген К.Д. Ушинский.

Көрнекілікті қолдану оқушылардың білім сапасын арттырады, көрнекі құралды пайдалана отырып, мұғалімнің жетегімен, оқушылар өздігінен оңай қорытындылар жасай алады.

Оқылатын материалды көрнекі құралдармен иллюстрациялау арифметикалық оқытудың бірінші күнінен бастап барлық оқу жылдарында қолданылып отырады. Баланың санды үйренудегі бірінші адымы сурет қараудан басталады. Баланың көз алдынан құстың, қоянның, мысықтың, тағы сол сияқты суреттері өтеді. Бұл суреттер белгілі жолмен құралып, бірінші ондық сандарының әрқайсысын кескіндейді.

Көрнекі құралдар арқылы балалар амалдың идеясын да түсінетін болады, мысалы, тәрелкедегі сүтті жалап жатқан екі мысыққа үшінші бір мысық жүгіріп келе жатқанын көргенде, бала барлығы неше мысық деген сұрауға жауап беру үшін, 2+1 керек деген ой келеді.

Көрнекі құралдарды әр-түрлі тәсілмен пайдаланудың маңыздылығы оны жеткілікті және қажетті пайдалануды көрсету керек. Берекесіз пайдаланған көрнекілік өзінің сапасын жоғалтады. Мұнда оқу процесінің білімділігі де кемиді. Оқушылардың сабаққа ынта-жігері, қызығушылықтары жоғалады. Сондықтан көрнекіліктерді тиімді тәсілмен қолдану керек.

Көрнекілік қолдану тәсілдерін таңдау үшін көрнекі құралдарды оқушылардың оқу процесіндегі ролін білуіміз керек. Көрнекіліктің оқу процесіндегі роліне қарай екі үлкен топқа бөліпқараймыз. Заттың-бейнелік көрнекі құралдармен таңбалы көрнекілікке бөлуге болады. Бірінші топтың құралдары: суреттер, фотосуреттер, диафильмдер, кино үзінділері, табиғи объектілер және тағы басқалар. Осылар міне мұғалімге түсініктер мен ұғымдарды қалыптастыру кезінде сезімдік қабылдауына оқушыларға өзара жәрдем беріп отырады. Екінші жағдайдағы көрнекі құралдар: схемалық көлемді объектілердің күрделі байланыстарын, өзара тиімділігін және нақты бейнеде қабылдауға байланысты пайдалану керек. Көрнекі құралдарды қолданудың осындай тәсілдерін білу мұғалімнің оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуды тиімді түрде жүргізуге, сондай-ақ сабақтың сапасын арттыруға, оқушылардың зейінін бір мақсатқа бағындыруға көмектеседі. Сабақта көрнекі құралдарды тек қана бір тәсілмен қолдану дұрыс емес. Олар бір-бірімен араласып , біте қайнасып жатады.

Көрнекілік математика сабағында білім көзі ретінде қолданылған, ол елеулі мәселеде берілетін білімдерді нақтылау мақсатында көрнекі құралдар да түрлі тәсілдермен қолданылады.

Жоғарыда айтылып өткендей оқыту процесінде бір-бірімен тығыз байланысты оқулықтардың, көрнекі құралдардың және оқытудың техникалық құралдарының тұтас жиынтығы пайдаланылады. Олардың ішінде ең маңыздылардың бірі - әр сыныпқа арналып жеке-жеке басылатын «Дидактикалық материалдар». «Дидактикалық материалдар» ең алдымен курс бойынша орындалатын жаттығулар мен сабақтарда орындалатын әр түрлі жұмыстарды ұйымдастыруда мұғалімге елеулі көмек көрсетеді. Сонымен бірге, сабақ үстінде топтық немесе жеке-дара жұмыстар орындағанда, үлгерімі төмен немесе жақсы оқитын оқушылармен жеке жұмыс жүргізгенде, бақылау жұмысын ұйымдастырғанда; сондай-ақ оқушылардың әр алуан категорияларымен жұмыс істегенде «дидактикалық материалдар» кеңінен пайдаланылады.

Оқушылар сабақта, ойын үстінде, ойлау, өлшеу, есептеу, табу, зерттеу жұмыстарымен шұғылданады. Оларды ұштап, жетілдіріп отыру мұғалімнің міндеті деп білеміз. Бастауыш сыныптарда математика пәнін оқытуда баланың ой-өрісін дамытып, бағдарламада өтілген негізгі материалдарды практикада қолдана білуіне, оқушылардың сабаққа деген ынта-ықыласын арттыруына, өткен материалды өз мәнінде толық игеруіне мүмкіндік жасайтын тәсілдердің ішінде дидактикалық ойынның мәні зор. Сабақта өтілген метериалға сәйкес дұрыс жүргізілген дидактикалық ойындар оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тақырыпты дұрыс меңгеруіне ықпал тигізеді.

Математика – ұлы ғылым, адам ақылының ең бір асыл қабілеттерінің тамаша жемісі. Шәкірттерді білім нәрімен сусындататын, өмірдің асулары мен шыңдарына қажымай-талмай шығуына алғашқы жол нұсқаушысы – ұстазы.

Оқушылардың ұлы ғылым саласынан сапалы білім алуы тікелей мұғалімге байланысты. Яғни, мұғалімнің сабақ барысында оқушыларға білім беру мақсатымен жүргізілетін жұмыс түрлеріне. Бұл жұмыс түрлері әр сабақта қолданылып отырса оқушының білім сапасының ойдағыдай деңгейде нәтиже беретініне үлкен үміт артуымызға болады. Бастауыш сыныпта математикадан оқушылардың білім деңгейін арттырудың жолдарын қарастырдық. Онда ауызша есептеуге үйрету тәсілдеріне; өз бетімен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыруға; көрнекі құралдарды пайдалану жүйесіне; дидактикалық материалдарды орынды ретпен қолдануға тоқталып өттік. Осылардың барлығы оқушы санасына жеткізе білу мұғалімнің профессионалдық шеберлігімен, іскерлігімен тікелей байланысты, «ана - өмір тұтқасы» болса, «ұстаз – мектеп тұтқасы» десек артық айтпаймыз.

Оқушыларға математика негіздерінен білім беру, басқа ғылым салаларымен ұштастыру ұстаздардың басты міндеті екенін әрдайым есте тұтқанымыз жөн.

2.5 Сыныптан тыс жұмыстарда қолданылатын тапсырма түрлері

Математикалық мазмұнды өлең есептер

1.Түйе бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұпақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой

Бәрі нешеу айта ғой?  ( 17 бас мал )

2.  Бір балық                       Алты арғымақ...

Екі ешкі,                        Ауызша жазбаша

Үш үкі,                           Қосып шық ( 16 )

Төрт түлкі

3. Оу, жарандар жарандар!

Бұл қызыққа қараңдар:

Бір кітапта қанша бет?

Білмей отыр Қамшыбек

Отыз парақ санады.

Он бет тағы қарады

Қане санап көріңдер

Досқа көмек беріңдер.      ( 70 бет)

4.Ескі жұрттан                                              Үскі төртеу

Таптық олжа:                                              Тоғыз таға,

Кейбіеуі тіпті тозған.                                 Отыз шеге

Кейі жаңа,                                                    Төстен бесеу,

Кәне сан                                                      Сегіз семсер,

Балта екеу,                                                   Алты кепсер..

Жалғыз көсеу,                                             Зерек бала

Қашау бесеу,                                                Қане сана!

Балға жетеу,

Жауабы: ( 2+1+5+7+4+9+30+5+8+6 = 77 )

Қазақтың ауызша есептері


  1. Екі қарға.

Екі қарғаның біреуі оңтүстікке екіншісі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне бірі :

  • Достым, мен сені көріп отырмын, - дейді.

Олар бір бірін қалай көреді?

Қарға қарға,  қарғалар,

Қар үстінде жорғалар,

Екі шоқып бір қарар

Жауабы: олар бір-біріне қарама-қарсы отыр, сондықтан бірін-бірі көреді.


  1. Шыпта.

Шыптағы оралған ши мен оралмаған ши алма кезек орналасқан. Шыптада оралған 30 ши болса, оралмағаны нешеу?

Балды бармағыңнан. Шешуі: 29, 30, 31.

3.Қария кішкентай немересіне ескілікті бір әңгіме айтады.»әкесі, - дейді ол, - жеті жасар Лұқпанды базарға жұмсапты. Оған ақша беріп: «үш нәрсе сатып әкел» депті Лұқпан базарға барып, бір қауын сатып әкеліпті.


  • Балам-ау, әкелгенің бір ғана қауын ғой, депті әке.

  • Бұл бір ғана нәрсе емес, үш нәрсе, - депті сонда бала.

  • Қалайша үшеу? – деп сұрапты әке таңданып.Лұқпан әкесінің сұрағынане деп жауап берді екен. ( «Қырық қазына» кітабынан)

Жауабы: Баланың «үш нәрсе» дегені қауынның қабығы, шырыны, дәні.

Балалардың математикалық түсінігін қалыптастыруда қазақ зиялыларының бірі ағартушы-ғалым А. Байтұрсыновтың берген есептерінің ролі өте зор. Олар:



  1. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді. Жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды ? (1 адам)

  2. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Неше мысық отыр? ( 4 мысық)

  3. Төлептің төрт ұлы бар. Төрт ұлының адам басына бір апа, бір қарындасы бар. Төлептің барлық баласы нешеу болғаны. (6 бала)

  4. Бір үйдің 4 аты бар еді. Еркек жаны 2 әке, 2 ұл еді. Еркектері кісі басы бір аттан мінгенде, бір ат артық болып болып шықты. Бұл қалай? (атасы, әкесі және баласы  бір аттан мінгенде, 1 ат артық қалады.)

Математикалық фокустар.

а) Туған айдың реттік номерін 21-ге арттыр, шыққан санды 16-ға кеміт, шыққан санды 5-ке кеміт. Нәтежиесі бойынша туған айды айтуға болады. Мысал : туған ай қыркүйек  болса, онда реті  9-ды 21-ге арттыру керек.

(9 + 21 =30), оны  16-ға кеміту (30-16 =14) керек. Алынған нәтежиені 5-ке кемітіп, ( 14-5 = 9), яғни қыркүйек айы екенін айтып беру керек.

ә) Туған күнге 20-ны қосып, шыққан санна 17-ні азайту керек. Алынған нәтежиені 3-ке кемітсе, туған күн шығады. Мысалы, 27 наурыз, 27+20 = 47,

47-17=30,            30-3 =27

б) Бір сан ойла. Оған 15-ті қосып, шыққан санды 13-ке кеміт. Нәтежиесін айтқызып, оны 2-ге кеміт. Шыққан сан ойлаған сан болады. Мысалы:

6+15 = 21,       21-13 = 8,            8 – 2 = 6

2.3  «Алтын қақпа» математикалық ойыны

Мұғалімдерге осындай кештер, танымдық ойындар өткізуде кәдеге асар деген ниетпен төменде кештің жоспарын ұсынып отырмын.

Мақсаты. Оқушылардың пәнге қызығушылығын  арттыру.

Шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталандыру, білімге деген талпыныс, ізденістерін ояту.

Көрнекілігі.   Алтын қақпа, математиктердің суреттері.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер

Жүргізуші. Кім білімді, көп оқыған болса егер, Алтын қақпаны ашып, бүгінгі күннің жеңімпазы атанар. Әрине ондай оқушылар бар. Ойын шартымен таныстырайын.

Мен ортаға бір сұрақ тастаймын, кім бірінші болып жауап берсе «Тас қақпаны» ашуға мүмкіндік алады. Алдыңызда үш сұрақ болады, біреуін таңдайсыз, сұраққа дұрыс жауап берсеңіз екінші «Күміс» сол сияқты «Алтын қақпаны» ашуға мүмкіндік аласың. Сөйтіп соңында «Алтын сандықты ашуыңызға» болады.

Құрметгі «Алтын қақпа» ойыншылары, ортаға мына сұрақты тастаймын.

1.   Математик  бәрінен  бұрын нені ұнатады?

Жауабы: Математик симметрияны ұнатады. Әсемдік симметриямен тығыз байланысты. (Симметриялы фигуралар көрсетіледі.)

2.  Дәлдік дәрежесі үлкен, қозғалмалы аспапты ата.

Жауабы: Штангенциркуль.

3. Алгебра қандай сөзден шыққан?

Жауабы: «Әл-жебір» деген араб сөзінен шыққан.

Жүргізуші. Жауабыңыз дұрыс, ойын шарты бойынша үш сұрақтың бірін таңдайсыз, таңдалған сұрақты дайындап келген оқушы қояды.

«Тас қақпа» сұрактары

1. Математикада «қарыс» сөзі нені білдіреді?                                            

2.  Математикада «мысқал» сөзі нені білдіреді?

3.  Ата-бабаларымыз «Шынтақ елі» сөзін пайдаланған, ол нені білдіреді?

Жауаптары: 1. Математикада қарыс-ұзындық өлшемі, кең керілген басбармақ пен шышақтың арақашықтығы. 2. Мысқал сөзі қазақ арасында кең тараған, байырғы өлшеулік термин. Мысқал-доля, 4,44 грамм.

4. Ата-бабаларымыз қол өлшемі шынтақ елі деп жылқы сойғанда оның қазысының өлшемін айтқан.

Жүргізуші. Жауабыңызды қабылдаймыз. Дұрыс жауапты тыңдайық. Сұрақ қоюшы жауап дұрыс болса, жауаптың дұрыстығын, ал дұрыс болмаса өз жауабын айтады. Жауап дұрыс болмаған жағдайда «Тас қақпа» жүлдесін сұрақ қойған оқушы алады, ал жауап дұрыс болса «Күміс қақпапы» ашуға мүмкіндік алады.

Жүргізуші. Алдыңызда «Күміс қақпаның» үш сұрағы, қайсысын таңдайсыз?

Қазақ халқы қай санды киелі сан дейді?

Жауабы: 7 саны. Көкті жеті қабат жерді жеті қат деп есептейді, жеті қазына деген атаулар білімдар адамды жеті жұрттың тілін біледі дейді. Балаға жетіге келгенше жерден таяқ жейсің, жеті ағасын білмеген -жетесіз деген даналық сөзі осы жеті санының киелілігін білдіреді.

2. Түмен сөзі нені білдіреді және қай елдің сөзі?

Жауабы: Түмен сөзі түріктің мың санын білдіреді.

3.  Шахеризада саны деп қай санды айтады?

Жауабы: 1001 саны. Мұның ерекшелігі 7,11,13 сандарына қалдықсыз бөлінеді. Кез келген үш таңбалы санды 1001-ге көбейкенде шығатын көбейтінді осы үш таңбалы санды екі рет қайталап жазса жеткілікті           болады.   Мысалы: 126*1001=126126

Жүргізуші. «Алтын қақпаны» ашамыз ба, жоқ әлде осы арадан қайтасыз ба? Ойыншының еркі біз үшін заң.

«Алтын қақпаның» қай сұрағын тандайсыз? Сұрақты тындайық.

1.  Мысыр елі қандай ғимараттарымен әйгілі.

Жауабы: пирамидалармен.

Египет пирамидаларының түсінуге келмейтін бірталай жағдайларын ғалымдар ашты. Олар: ерітпе кофе пирамидасында біраз тұрса, табиғи кофе сияқты дәмі шығады, арзан сигареттер хош иістеніп ең бағалы сигареттен ажырағысыз болып шығады, балық, ет, май, борсы майы тек қатып-сеніп қалады, су борсымайды, сүт ашымайды, кір тат басқан зергерлік бұйымдар өз-өзінен тазарады, пирамида суымен шашты жуса, шаштағы ақ кетеді. Күніне ең болмаса 10-15 минут пирамида астында тұрған адамның көңілі көтеріліп, сергіп тыңайып қалады.

Пирамидада мұндай керемет қасиеттер неліктен болатынын ешкім білмейді. Мұндай ғажап қасиеттер сырын мүмкін сіздер ашасыздар.

2.  Мына гүлдердің қайсысы математик әйелдің құрметіне аталған. Лилия, астра, гортензия, хризантема, георгина.

Жауабы: 1723-1788 жылы өмір сүрген француз математигі Гортензин Лекот кұрметіне аталған. Ол гүл Индиядан әкелінген гортензия деп аталған.

4. Милеттен шыққан кемеңгер Жеті Данышпанның бірі, жаратылыстану мен математикаға үлес қосқан "қалыңдық" теоремасы деп аталған теоремасы бар ғалым кім?

Жауабы: Фалес Милетский - ежелгі грек оқымыстысы б.э. дейінгі VI ғасырда өмір сүрген. Фалес теоремасы - ежелде қалыңдық теоремасы деп аталынған.

Жүргізуші. Талайлардың көзінің құрты болған “Алтын сандық” алдыңызда. Тәуекел түбі, жел қайық деп «Алтын сандықты» ашасыз ба?

«Алтын сандықта» екі конверт бар, біруі сізге, біреуі маған арналған дұрыс жауабымен. Ал сұрағыңызды оқыңыз.

«Алтын сандық» сұрағы

Даңқы шыққан әр елге,

Аты шулы теоремасы

Тарап кеткен әлемге

Бір ереже тапқанда

100 өгіз сойып

Зевес құдайға құрбан еткен.

Біздің эрамызға дейінгі 570-500 жылы Самос аралында дүниеге келген Пифагор, ұлы данышпан, сиқыршы, ежелгі шығыс ғалымдарының мұрагері "Өмір" туралы: өмір үлкен ойын секілді, біреулер жарысқа қатысуға, біруелер сауда жасауға келеді, ал ең бақыттылары не істеуге келетінін тауып, Пифагордың өмір туралы тұжырымын аяқта.

Жүргізуші. Асығыс шайтанның ісі, ойланып жауап беріңіз дұрыс жауапқа құлақ асайық. Алтын сандық ашылды, ішінен жеңімпаздың жүлдесі шығады, жеңген оқушыға беріледі.

Келген қонақтар мен ойын.

1.  Түбір таңбасы қалай аталады?

2.  Трапеция қазақша қандай мағынаны білдіреді?

3.  Қандай санды «Шайтан» сан деп атайды?

4. 12 жаста геометрияның алғашқы теоремаларының дәлелдеуін ашқан кім ?

5.  Мұнай көлемін қандай бірлікпен өлшейді?

Көрнекіліктер.

1. Математикамен бала күнінен айналысқан адамдар өзінің ілтипатын дамытады, миымен еркін жаттықтырады. (Маркушевич А.И.)

2. Математика - ұлы ғылым, адам ақылының ең бір асыл қабілеттерінің жемісі. (Писарев Д.И.)

3.  Егер математикалық дәлелдеуден өтпесе, адами зерттеулердің ешқайсысы да нағыз ғылым деп атала алмайды. (Леонардо да Винчи)

4. Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін келтіреді: бірі математикамен шұғылдану, екіншісі одан сабақ беру. (Пуассон С.Д.)

5.  Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін -математика, сондыктан да оны оқу керек.

6.  Математика - ғылымдар патшасы, ал арифметика - математика патшасы. (Гаусс К.)

Қорытынды

Оқыту  - білім берудің негізгі жолы болып табылады. Оқыту оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі – сыныптан тыс оқыту. 


    Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады. Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді. 

Оқыту барысында оқушылардың сыныпта алған білімін дамытып, оны ары қарай жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды тәрбие құрамы екендігін көреміз. Сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Белсенді өмір сүру негізі салынады. Математика сабағындағы сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың шығармашылық ойын дамытып, өзіндік іздену жұмыстарына баулиды. Осыған орай оқушы бағдарламада белгіленген білімді игеріп қана қоймай, жан – жақты ізденіп, ой - өрісін дамытады. Сыныптан тыс оқыту оқу мен тәрбие саласындағы барлық жұмыстарды әрі дамытып, жалғастыру мақсатын көздейді. Оны жүзеге асыру жолында мұғалім ең озық әдістерді таңдап алып, оны іс жүзінде пайдалана білуі қажет. Бұл шаралардың бәрі мұғалімнен көп ізденісті күтеді. Қорыта келгенде, сыныптан тыс оқытуды жүйелі түрде таңдап алғанда, адам тәрбиесіне айтарлықтай үлес қоса алады.

Жұмысты осылайша ұйымдастыру оқушылардың математика пәніне ден қойып, оған ерекше ықылас қоюына жол ашады.

Жоғарыда баяндалған жайлардан сыныптан тыс жұмыстар, оның мазмұны мен құрылымының байлығы, әрқилылығы оқушылардың математика  пәніне қызығушылығын күшейтуге үлкен мүмкіндік жасайды деп қорытындылауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет