«Тәрбие жұмысынның технологиясы»



бет12/12
Дата29.12.2021
өлшемі81,88 Kb.
#106358
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
ОТЧЕТЬ
ОТЧЕТЬ
Қорытынды

Мен, Амангельдыева Іңкәр Тлеубекқызы Қазақстан–Американдық Еркін Университеті колледжінің «Негізгі орта білім беру математика пәні» мамандығы бойынша 2020 жылдың 16 қарашадан 12 желтоқсанға дейін «Шілікті орта мектебінен» тәжірибеден өттім. Оқыту барысында оқушылардың сыныпта алған білімін дамытып, оны ары қарай жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың белсенділігін арттыруда, өзіндік көзқарасының қалыптасуында, білімін жетілдіруде бірден – бір маңызды тәрбие құрамы екендігін көреміз. Сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушылар бойында ұйымдастырушылық, белсенділік дамиды. Бағалы моральдық қасиеттер қалыптасады. Белсенді өмір сүру негізі салынады. Математика сабағындағы сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың шығармашылық ойын дамытып, өзіндік іздену жұмыстарына баулиды. Осыған орай оқушы бағдарламада белгіленген білімді игеріп қана қоймай, жан – жақты ізденіп, ой - өрісін дамытады. Сыныптан тыс оқыту оқу мен тәрбие саласындағы барлық жұмыстарды әрі дамытып, жалғастыру мақсатын көздейді. Оны жүзеге асыру жолында мұғалім ең озық әдістерді таңдап алып, оны іс жүзінде пайдалана білуі қажет. Бұл шаралардың бәрі мұғалімнен көп ізденісті күтеді. Қорыта келгенде, сыныптан тыс оқытуды жүйелі түрде таңдап алғанда, адам тәрбиесіне айтарлықтай үлес қоса алады.



Жұмысты осылайша ұйымдастыру оқушылардың математика пәніне ден қойып, оған ерекше ықылас қоюына жол ашады.

Жоғарыда баяндалған жайлардан сыныптан тыс жұмыстар, оның мазмұны мен құрылымының байлығы, әрқилылығы оқушылардың математика  пәніне қызығушылығын күшейтуге үлкен мүмкіндік жасайды деп қорытындылауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет