Қонышы тізені жауып тұратындай ұзын, табаны қалың сіріден оң-солы жоқ, түзу болып тігілетін аяқ киім. Оны киіз байпақпен киеді. Қысқы күнгі аязда ат үстінде жүргенге жылы, әрі қолайлы.
Байпақ
Жылылық үшін етіктің, мәсінің ішінен киетін киізден тігетін аяқ киім. Қыста киетіп байпақтық киізі қалың, ал жазда киетін байпақтың киізі жұқа болады. Байпақ тігудің екі тәсілі бар. Оның бірі .табанын бөлек салып ұлт арып тігу; екіншісі, тұтастай қусырып тігу. Байпақтық тігісі аяққа батпау үшін оны сыртынан тігеді . Тігуге түйенемесе қой жүнінен иірілген шуда жіптіп айдаланады. Жүннен тоқылатын байпақтардың қонышы қысқа болады. Ерте кезде оны шұлғау орнына киіз байпақтың ішінен кию үшін де пайдаланған. Қазіргі кезде бәтеңкенің, қысқа қонышты етіктің, мәсінің ішінен киеді. Байпақ түйе жүнінен, қой жүнінен, ешкінің түбітінен тоқылады. Мұндай байпақтар әрі жылы, әрі жеңіл әрі жұмсақ болады.
Достарыңызбен бөлісу: |