Тәрбие сағатының тақырыбы: "Абай –дана, Абай-дара қазақта! " Тәрбие сағатының мақсаты


-оқушы. Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған. 3-оқушы



бет5/7
Дата24.08.2020
өлшемі30,81 Kb.
#76767
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
абай дана

2-оқушы. Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған.

3-оқушы. Абайдың әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ- даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған. Шешесі Ұлжан шешендікпен, тапқырлықпен аты шыққан.

4-оқушы. Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған. Ал 12 жасындаСемейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. 14 жасында үш ай орыстың Приходская школасында орысша сабақ оқиды. 15 жасынан бастап, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел- жұрты Абайды би етіп сайлайды.

5-оқушы. Абай – ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған адам.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек,- дейді Абай ата.

6-оқушы. 14 жасында сықақ өлеңдер шығарған. Ол жастар арасында кең таралған. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі тілдерін үйренді. Сол кезде шығыс тілдерін Абайдан артық білетін адам болмаған.

Мұғалім: Біз абайтанудың бірінші баспалдағында тұрмыз,өмірімен таныстық

Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік. Сонымен Абай аталарыңның қандай өлеңдерін білесіңдер?

1- оқушы:«Құлақтан кіріп бойды алар» 
2- оқушы:«- «Ғылым таппай мақтанба»

3- оқушы:«Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы»

4-оқушы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

5- оқушы:«Алланың өзі де рас, сөзі де рас»

6-оқушы: «Әсемпаз болма әрнеге»

7-оқушы: «Балалық өлді, білдің бе?»

8-оқушы: « Қайран елім, қазағым, қайран жұртым»

Мұғалім: Ендігі кезекте әр топқа тапсырма

І топ: Ғылым таппай мақтанба өлеңін топпен айту

ІІ топ: Әсемпаз болма әрнеге

ІІІ топ: Құлақтан кіріп бойды алар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет