Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты



Дата05.11.2016
өлшемі79,64 Kb.
#898
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім - келешегім»

Тәрбие сағатының мақсаты: Жетпіске желкен керген ардақты ақын Аманқос ағамыздың өлеңі мен өмірі туралы оқушыларға кеңірек таныстыру.

Тәрбиелілігі: Қазақ поэзиясының шаңырағының биік болуына үлес қосқан және қазақ поэзиясында өзіндік орны бар талантты ақын, қарымды қаламгердің жыр шумақтарымен таныстыра отырып,оқушыларды ұлтжандылыққа, сыйластыққа , адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: академик-жазушы Зейнолла Қабдолов пен филология ғылымдарың докторы, профессор Қадыр Жүсіптің ақын туралы лебіздері , талантты ақынның ырым-тыйым сөздері және ақынның өмірінен сурет – шежіре презентациялары.
Мұғалім сөзі :

Жылыой ауданын облыста «ең ақыны көп аудан» деп айтады. Шынында да өмірден өткен бір өзі бір төбе дарындарды былай қойғанда, бүгінде де талантымен оқырмандарын тамсандырып жүрген жылыойлық ақын-жазушылар аз емес. Санамалап көрсек, Жанаш Нұрмахан, Далабай Жазықбаев, Меңдекеш Сатыбалдиев, Амангелді Бердіғалиев, Қабиболла Сыдиықов, Бәйен Есекенов, Амангелді Қазтуғанов, Нұрлан Жаңабаев, Қуаныш Сұлтанов, Сапарбек Сәрсенов, Аман Жанкеев, Тементай Әділханов, Өтеген Оралбаев, Аманқос Ершуов, Амандық Сасаев, Дүйсенбек Бөкенов, Мейрамбай Ғазимов, Лұқпан Сисекенов, Маржан Ершуова, Сәулеш Шәтенова, Жаңыл Бәйеділова, Ербол Қошақанов, Салауат Исахаев, айта берсек көп-ақ. Ең бір қызығы, биылғы 2012 жылы көптеген жылыойлық ақындар мерей жасқа толды. Солардың бірі Жылыой ауданының Құрметті азаматы, ҚР«Халық ағарту ісінің үздік қызметкері» белгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен, «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған;1994 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағын алған; Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті, Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті жабық конкурсының 2 мәрте лауреаты болған; ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталған жерлес ақынымыз Аманқос Назарұлы Ершуов ағамыз осы жылдың тамыз айында 70 жасқа толып отыр.


1-жүргізуші: Бүгін №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 6 «б» сыныбында Ақкиізтоғайлық ақын Аманқос Ершуовтың адамзат ғұмырының биік бір белесі 7о жасқа толу мерей тойына орай «Көкжиегім-келешегім» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз. Аманқос Ершуовты оқырманға таныстырып жатудың қажеті жоқ. Сонау алпысыншы жылдардың орта тұсында академик-жазушы Зейнолла Қабдоловтың назарын жалғыз шумақ өлеңімен өзіне аудартып,дуалы ауыздың батихалы батасын алған балаң ақын нұрлы нысанасынан ауытқып көрген емес.

2-жүргізуші: «Аманқос сөз жоқ, сөз химиясын игерген шынайы қаламгер. Ол қазақ поэзиясының шаңырағының биік болуына үлес қосқан және қазақ поэзиясында өзіндік орны бар талантты ақын, қарымды қаламгер. 1974 жылы оның тұңғыш жинағы «Көкжиегім-келешегім» жарық көрді. Ақынның тұңғыш жинағы оның болашақ асуларына еркін бағытталған маяк іспеттес туынды еді. Жинақ оның кім екенін танытты.

« Сенімнің сексен теңін арқаладым,

Ат басын енді қалай тарта аламын.

Ақтарып отырған соң қариялар

Келешек күндерімнің әр парағын.» Бұл бәйгеге қосылған тұлпардың мінезі. Осы жинақтағы мына бір шумақ ақынның халық алдындағы антындай естіледі.

1-жүргізуші: «Тамшыдан жатса да әзір көл құралмай,

Аумайды күн жолынан енді маңдай.

Мен жоқпын мынау жайсаң дүниеде

Сендерді қалар болсам сендіре алмай»

Қазақстанның қай өлкесінен астанаға әуестік ,Алматыға үйілу, бір жинағы шықса ұлылық ұялағандай ,ақындық сапарына қосылдым деп кеудесіне нан піскендей ,үй жалдап тұрса да кейбіреулер Алатаудың маңына ұмтылды. Алматы дарындылықты сонда тұрсаң ғана беретіндей. Бірақ , Аманқос туған жеріне терең тамырланған талант екенін ауылда тұрып-ақ мойындатты» -дейді филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жүсіп.
І. «Ақ бұлттар атын шығарған» (А. Ершуовтың өмірбаяны туралы Қайроллаева Ақерке мәлімет берді.)
ІІ. «Жайым жоқ ақындықтан жалтаруға...» (Ақын шығармаларын оқушылар жатқа оқыды.)


  1. Даиров Дархан - «Абай»

Қапастағы халқы үшін қайран Абай,

Арыстанша атылып Айға қарай.

«Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп

Мыңмен жалғыз алысты» тайғанамай.

Қазағымның бағына анық туған,

Ақын десе ақын ғой жанып тұрған.

Қара түннің қабағын дір еткізіп

Жалғыз шумақ өлеңі жарық қылған.

Кейінгіге қалдырмай кер есепті,

Беріп кеткен кезінде ол берешекті.




  1. Темірғали Айбол - «Әкеммен әңгіме»

Биіктен сөз аламын өз атымнан,

Ақынмын көкіректен сөз атылған.

Сонда да ойлап тұрсам, асыл әке,

Өзіңнен қылығым жоқ оза туған.

Болғанда үзім нанның аты қайғы,

Жарылқап жетім, жарлы-жақыбайды.

Ең алғаш колхоз құрған бір ісіңе

Менің бар атақ-даңқым татымайды.

Баласы деп айтты ел басқарманың,

Білемін бұл сөз де де астар барын.

Желіден үріккен құлын секілденіп

Жек көрдім лауазым баспалдағын.


  1. Бижанова Альбина - «Достық туралы ойлар»

Жанымда жамырасып не бір өлең,

Бір ыстық сезімменен тебіренем.

Қаолығаш қанатымен су тасыған,

Достық-ай,бар тараптан сені көрем.

Көремін сені бүгін ойдан,қырдан

Сен екен мына өмірді тойландырған.

Айналып кетсем бе екен қасиетіңді,

Қатыгез қара тасты ойландырған.




  1. Шолохова Аружан - «Тасиды теңізім»

Мен теңізбін әлі бір тасымаған,

Шар болатпын мұқалып жасымаған.

Қасиетті қаламын қаламын қалдырыпты

Қарай-қарай артына Қасым ағам.

Аруағын пір тұтқан аға ақынды-

Риза қып қомдадым қанатымды.

Жырымның сырлы сазын тыңдатамын,

Ұйқысынан оятып қара түнді.



  1. Төлегенова Дана - «Меңдекеш Сатыбалдиевке»

Асау теңіз тежеді өз ағысын,

Ақсұңқарым,адасып қонамысың.

Неге жұрттың жанары буланады?

Неге менің қапырық дем алысым?

Қалдырсаң да ойыңды ала кетпей,

Оқылмаған жыр едің жаңа беттей.

Дос-жарандар шарасы тұншығады,

Алатаудың басында ауа жетмей.



  1. Зереков Қайырбек - «Жерұйық»

Ауыр салмақ басқанда ер иығын,

Адастырып кетеді пері-құйын.

Аралап аспан астын,

Жердің жүзін

Асанқайғы таппаған жерұйығын.

Ақкиізтоғай! Жер ұйық сенде ғана,

Жын қуып, жыр іздеген мен де бала.

Көңілдің кірі кетті, денем сергек

Шайынып шыққандаймын Жемге жаңа.


  1. Басар Еламан - «Кең Жылой - ән»

«Кең Жылой»-кербез әуен шығанданған,

Несіне ән сөзіне күманданам .

Қалқаның судан қайтқан ізін көріп,

Атына бозбалалар міне алмаған.

Бұл сөздің несі шындық несі жалған,

Көресің кеудең жетсе,кешіп арман.

Еліктің лағындай еркетайлар

Ежелден ер жігіттің есін алған.




  1. Кенжеев Сұлтанбек – «Поэзия - арғымақ»

Поэзия-пырағым-арғымағым,

Қайтсем сенің бағыңды жандырамын?!

Жүгеніңді қолға ұстап жүгіремін,

Көкжиекке көзімді талдырамын.

Саған деген көңілім таза,керім.

Соқтырып сойқан өлең жазар едім,

Еліктеп Махамбеттің мақамына,

Қондырып қыр арқаңа қазақ ерін.




  1. Қиса Нұрғиса – (Аманқос Ершуовке жерлесі, ақын Қаржау Оразбаевтың арнау өлеңі)

 ... Ақкиізге түледің,
Жыр боп соғып жүрегің,
Ақмешіттің сорына,
Аунап өскен ұл едің.
Елге ақын боп елендің,
Марапатқа кенелдің.
Ортанқолдай әулеттің,
Ортасында көп елдің.
... Өткен өмір, ол – есте,
Бес перзенті белесте. 
Жақсылардың кеудесі,
Алтын сандық емес пе?!
Сексенге жет, сергек боп,
Тоқсанға да өрлеп кет!
Тойлап жатсын дүйім ел,
Қаулап жатсын жыр көктеп.
Ардақ тұтқан бір кезден,
Арда ақын ең, жыр-безбен.

Баптап ұдай, беу, Муза,
Сақта, Құдай, тіл-көзден!


ІІІ. Ән шашу

  1. «Алтыным» - әні Б.Қоқаманов, сөзі А.Ершуов

  2. «Бөбек» әні – сөзі Маржан Ершу

  3. «Атырау- арман» әні - сөзі М.Ершу


ІV. Сурет – шежіре

(Оқушылар т.б сурет шежірелерді көре отыра, ақын кітаптарымен танысты.)


Қорытынды сөз.

Ақынның «Келешегім –көкжиегім», «Шырқау», «Шопан баласы», «Жылқышының ұлы», «Ойсылқара», «Алтын босаға», «Шұғылалы шақтар», «Пір Бекет пен жыр зекет», «Оғыланды» жыр кітаптары мен «Жаралы жылдар», «Мәңгілік махаббат» драмалық шығармалары оқыр­мандардың ыстық ықыла­сына бөленуде. Ақын «Құрмет Белгісі» ор­де­ні­нің иегері, Қазақстанның ең­бек сіңірген қызметкері, рес­пуб­лика халық ағарту ісінің үздігі. Бүгінде Атырау аймағы ақын­ның 70 жылдығын тойлауда. Міне, осындай ақы­нын ардақтаған елге ризамыз.
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Ғабиден Мұстафин. Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет