МКҚК «Тасқала колледжі»
(Тәрбие сағаты)
Өткізген оқытушы: Т.Қ.Бакитов
Тасқала 2016
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіз елдің- жаңа белесі».
Тәрбие сағатының мақсаты: Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен табыстарымен таныстырып, білімдерін нығайту, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Желтоқсан оқиғасында мерт болған қазақ қыздары мен жігіттердің рухына, ерлігіне тағзым ету, Отанын сүюге және бейбіт өмір сүруге әр адам тиісті екенін оқушылардың санасына жеткізу.
Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру. Елбасындай Отанын, халық сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тәуелсіздіктің 25- жылдығына орай,Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып патриоттық тәрбие беру және жеткен жетістіктерді слайд арқылы көрсету, мемлекеттердің рәміздері , «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты кітап көрмесін ұйымдастыру.
Құрметті оқытушылар, білім алушылар және кездесудің қонақтары! 1986 жылдың желтоқсан оқиғасына арналған «Тәуелсіз елдің-жаңа белесі» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Тәрбие сағатымыздың қонағы, желтоқсан көтерілісінің куәгері Мұхамбетжанов Қаныбек Бақтыгерейұлымен таныстыруға рұхсат етіңіздер.
16- желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мейрамы.Бұл күн қазақ халқы үшін теңдесі жоқ қасиетті де қастерлі мереке,қазақ елінің шежіресінде алтын әріппен жазылған күн.Міне, бүгінде азат Қазақстанның ең қастерлі құндылығы- тұғырлы тәуелсіздігімізге 16- желтоқсанда, тура 25- жыл толғалы отыр,25- жылда жеткен жетістектеріміз ұшан теңіз. Бүгінде Қазақстанымыз- қашанда мақтанышымыз.Өзіміз ғана емес ,елімізде тұратын 130- ұлт өкілдері де республикамызды айрықша мақтан етеді,Ұлан байтақ жеріміз ұлттар достығының ынтымақ пен бірліктің бесігі, бақытты ордасы.
Екі жарым ғасыр бойы бодандықтың бұғауынан босай алмаған қазақ халқы бұл күнге жету үшін талай қиындықтарды бастан өткерді. Бүгінгі біздің кездесуіміз желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына, Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады. Тәуелсіздік жолы оңай жол емес. Бұл жолда сан мың адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті, желтоқсан құрбандарын 1 минут еске алайық.
Бұл Желтоқсан дүрбелеңі бейбіт шеруі Дінмұхамед Қонаевтың Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, оның орнына Геннадий Колбиннің тағайындалуы жергілікті халықтың наразылығын туғызды. «Әр ұлттың өз басшысы болсын » деген ұранды ту еткен қазақтың ұл-қызы бейбіт түрде күресіп, саяси көзқарастарын білдіргісі келді.Олар « билік қарсы күш қолданады » деген ойдан аулақ болады.
Бұл саяси тұрғыдан алсақ, жай ғана наразылық емес, сол тұстағы қазақ халқының ұлттық санасының көтерілгенін көрсетеді. Ұлт- азаттық көтеріліс дегеніміз – Тәуелсіздікті жеңіп алуға, шетелдік үстемділікті, отарлық езгі мен қанауды жоюға бағытталған күрес екен.Желтоқсан оқиғасы 70 жыл бойы өз үстемділігін жүргізген кеңестер одағының құлауына себепші болады.Осы көтерілістен кейін Балтық жағалауы елдерінде, Грузия,Әзірбайжан т.б республикаларда саяси толқулар орын алады.
Желтоқсан көтерілісіне қатысқан 9 мыңға жуық азаматымыз зорлық-зомбылықтың, қинау мен жазықсыз жазаланудың құрбаны болды. Сол қаһарлы күндері 2500- ге жуық адам тұтқындалыпты ( ІІМ дерегі бойынша- 2336 адам, ҰҚК дерегі бойынша- 2212, Прокуратураның дерегі бойынша- 2401 адам ).Күшпен ұсталған және уақытша қамау изоляторларында қамалған 8,5 мың желтоқсаншы қақаған қыста жалаңаш қала сыртына шығарылып тасталған. Ал ресми деректерде жарақат алғандардың саны 763- тен 1137 адамға дейін деп көрсетілсе, Мұхтар Шаханов басқарған комиссия олардың саны 1700 адам болғанын айтады.Желтоқсан көтерілісін ұйымдастырды деген айыппен 758 студент оқудан шығарылып, 1164-і жазаланған. 319 азамат жұмыстан босатылған, 100-ден астам адам сотталған. 700-ге жуық адам ішкі істер орындарының арнайы бақылауына алынған.Бұл жолда сан мың адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті.1986 жылдың желтоқсанында ұлт намысын қорғап алаңға жалын жүрек жастар шықты.Сол жастардың арасында Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова болды. Осы жастарды нашақор, маскүнем, ұлтшыл деп айып тағып соттады.
1-ші оқушы.Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков ( 13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы- 21 мамыр 1988, Семей қаласы )- 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы.1973-83 жылы орта мектепте оқып,он жылдықты бітірген соң, әскер қатарына шақырылды.1984-86 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін өтеді. Әскери-саяси қызметтердің үздігі ретінде бірнеше мақтау қағазымен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата-анасына алғыс айтқан құрмет қағаздарын жіберді.1986 жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға оралды. Тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет- құрылыс институтына оқуға түсті. 16-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков ең жоғары жаза өлім жазасы – атуға бұйырылды. Кейіннен Рысқұлбековтің ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.Бірақта белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.
Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғары Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды.Оған « Халық қаһарманы » атағы берілді.Тараз қаласында Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс паркі бар.Сондай-ақ онда Рысқұлбековке ескерткіш қойылған.
2-ші оқушы. Асанова Ләззат Алтынайқызы (27.07.70, Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжайық ауылы -25.12.86, Алматы)- Желтоқсан көтерілісінің ( 1986) құрбаны. Алматыда П.Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Көтеріліс қатыгездікпен жанышталғаннан кейін, айып тағылып қамауға алынды. Ләззаттың мәйіті бірнеше күннен кейін музыкалық училище жатақханасынан табылғанда, ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет тараған. Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жуып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қолынан қаза тапқан.
3-ші оқушы. Сыпатаев Ербол Мұқажанұлы (10.03.64. Алматы облысы, Панфилов ауданының еңбекші ауылы-23.12.1986 ж, Алматы)- 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985 жылы Алматыдағы энергетика институтына оқуға түсті. 1986 жылдың 17-18 желтоқсанында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. 18 желтоқсан күні ауыр жараланып ауруханаға түсіп, сонда қайтыс болды.
Жаркент қаласының орталығында Желтоқсан көтерілісінің құрбандары Ләззат Асанова мен Ербол Сыпатаевқа арналған ескерткіш ашылды.
4-ші оқушы. Сабира Есімбекқызы Мұхамеджанова «Ел атын ер шығарады» деген, Қыз бала болса да ерге лайық қайрат көрсетіп, он алты жасында қыршын кеткен Сабира Мұхамеджанованың есімі ел жадында. 26 желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар-намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына училищеден 1 курс студенті Сабира Мұхаметжанова жатақхананың 5-ші қабатынан құлап өлді.Желтоқсан жылнамасында ол туралы: «1970 жылы туған, Өскемен педагогикалық училищесінің студенті. Желтоқсанның 21-22 күндері Өскеменде болған наразылық шараларына қатысып, 26 желтоқсан күні мерт болды» деп жазылған.
Көтеріліс 19 желтоқсан күні Алматыда тоқтағанымен, дәл осы толқулар 19-25 желтоқсан аралығында Жезқазған,Қарағанды,Павлодар,Жамбыл,Шымкент,Талдықорған,Көкшетау, Арқалық қалаларында,Шамалған,Сарыөзек,Шелек елді мекендерінде жалғасын тапты.
Тәрбие сағатымыздың қонағы, Желтоқсан көтерілісінің куәгері Мұхамбетжанов Қаныбек Бақтыгерейұлы қазіргі уақытта өзімізбен бірге Тасқала колледжінде өндірістік оқыту шебері қызметін атқарып жүр. 9 желтоқсан күні аудандық орталық кітапханада ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай «Желтоқсан ақиқаты» атты тарихи танымдық кеште төсбелгі тапсырылып, алғыс хат табысталды. Сол жылдары Қаныбек ағаңыз Алматы қаласында Гидромелиатор мамандығы бойынша техникумда оқып жүрген кезі еді.Сол көтерілістің куәгері ретінде қонағымызға сөз берейік.
Жер бетінде елінің тәуелсіздігін ,халықтың бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар.Бұл тәуелсіздік - біз үшін басқа қонған бақ, астымызға қонған тақ.Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы тиіс.Бұл – ежелден келе жатқан өмір заңы. Басты біріктірер басшысыз елдің ел болуы қиын.
5-ші оқушы. 1991 жылы 1 – желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Призеденті етіп сайлады.
« Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсатта, арман да жоқ!»
1991 жылдың 16 – желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғары сессиясы елді «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет » деп жариялады.
1991 жылы 4 – маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
1995 жылы 28 – қаңтарында тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш « Ата заңы» қабылданды.
2006 жылы 7 – қаңтарда Әнұран қабылданды. Егемен ел әнұраны жаңарды, « Менің Қазақстаным » жер жүзіне таралды.
Елбасының жүргізіп отырған қазақстандық даму жолы мен моделі әлем қайраткерлері тарапынан зор қызығушылық туғызып отыр. Оның жетекшілігімен еліміз ешкімге ұқсамайтын экономикалық даму жолын бастады. Даму қарқыны жағынан ХХI ғасырдағы көш бастаушы мемлекеттердің қатарына қосылды. Нұрсұлтан Назарбаев жас мемлекетті экономикасы орнықты елдердің қатарына қосты.
Осы уақыт аралығында Елбасымыздың елге сіңірген еңбегі көп. Солардың ішінде айтар болсақ, ядролық қарудан бас тарту туралы іс – шараларды қолға алды, сөйтіп, ол мұндай құжатқа қол қойған әлемдегі бірінші мемлекет басшысы болды.Есілдің бойында Елорданы тұрғызды. Қазір Қазақстан мен Астана ажырамас бір ұғым іспетті. Астанада түрлі әлемдік деңгейдегі іс – шаралар жүйелі түрде өтіп келе жатыр. Алдағы жылы « ЕХРО – 2017 » көрмесі болады.
Қазақ халқы егемендігін алып, тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымызбен үкімет басындағы елі үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Айналаңдағы алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанасың. Қуаныш пен жақсылыққа толы жиырмабес жылға көз жіберіп қарасақ, ата-бабамыз бес ғасыр армандаған арманы орындалған екен. Біздер сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алған ерікті елдің ұл-қыздарымыз деп есептейміз.
«Елбасының Жастарға арнап айтқан өнегелі 1000 сөзінен үзінді»
«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны».
«Жас қазақстандық азамат дегеніміз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс».
«Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы».
«Бүгінде әр қазақстандық өзді-өзінен елімізге жақсы болып, біздің Отанымыздың дәулеті артуы үшін мен не істедім деп сұрауы керек.
Сендер, тәуелсіз Қазақстанның келешегі үшін тарихи жауапкершілік арқалайтын азаматсыңдар.
Сендер, тәуелсіз қазақ елінің білімді жастары, өз соқпақтарыңды салып, оны елді дамуға бастайтын даңғылға айналдыруға тиіссіңдер»!
«Елдік пен Тәуелсіздіктің Киелі көк Туын ХХІ ғасырда асқақтата желбірететін –жастар, сендер боласыңдар!»
«Ел бірлігін көздің қарашығындай сақтаңдар!»
«Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады.»
«Осы жауапкершілікті сезіне біліңдер».
Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болып, қазақ елі ертегідей күн кешіп, татулық пен тұрақтылықты ту етіп келеді. Сондықтан егемендігіміз баянды болып, халқымыз аман, ел жұртымыз тыныш болсын деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Қолданылған әдебиеттер:
1. « Колледж және кәсіптік бағдар» Республикалық әдістемелік педагогикалық журналдары.
2. Ғаламтор көзі.
Достарыңызбен бөлісу: |