Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу. Дамытушылығы



бет4/4
Дата31.01.2018
өлшемі1,13 Mb.
#37255
1   2   3   4
Көрініс:

Сахнаға Қаз дауысты Қазыбек би шығып сөйлейді.

Қаз дауысты Қазыбек би: - біз Қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз.

Сіздерді 16-Желтоқсан тәуелсіз Қазақстанымызға 15 жыл толу мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбекте жеміс, оқуда озат болуларыңызға тілектеспіз.



1-жүргізуші:Көрініс: «Егемендік деген не?»(Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.)

Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз?

Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.

Немересі: - Ата, өткен өмір деген не?

Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?

Немересі: - Ал, ол қандай болған?

Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін.

Болмаса да оқыған тарихшы атам,

Жинады ескілерден тарих хатын.

Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса,

Айтылған аталардың аманатын.

Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз Қазақ руларының басын қасып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих. Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.

Немересі: - Ата. «Егемендік» деген не?

Атасы: - Егемендік – «бостандық» деген сөз,

Көптен бері естілмеген ерен сөз,

Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,

Көркем жігіт болып өсу.

Егемендік ел болудың белгісі.

Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күні,

Егеменді деген сөзден естілер,

Ата жұрттың арғысы мен бергісі –Міне «Егемендік» деген осы.Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар айналайын ұрпақтарым!

Жүргізуші: Бұл балалар еліміздің болашағы.Біздің Қазқастан Республикасы жылдан-жылға, күннен-күнге өркендеп, өсіп кеңейіп, гүлденіп келеді. Олай болса, атамыздан ақ тілек тілейік!

«Ақ бата»Басшыларымыз алысты көрсін,

Жекешелеріміз табысты болсын!

Қыздарымыз саналы, сұлу болсын,

Ұлдарымыз қамысты болсын!

Қалада, мейлі қырда болсын!

Келген-кеткен ырза болсын!

Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын!

Баға сөмкемізге сыймайтын болсын!

Халқымыз ғасыр табалдырығын,

Қазақша сөйлеп, аттайтын болсын!

Аумин!


Жүргізуші: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1-минут үнсіздік)Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.

1991 жылы Тәуелсіз Қазақстан елі тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады.

1-жүргізуші: 1992 жылы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, әнұраны, туы туралы заң қабылданды.

2-жүргізуші: 1993 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 15 қарашада төл теңгеміз алғаш реет айналымға түсті.

1-жүргізуші: 1994 жылы Ғарышта қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабев көк байрақты желбіретті.

2-жүргізуші: 1995 жылы ұлы Абайға 150 жыл толды.

1-жүргізуші: 1996 жыл Жамбыл жылы. Тәуелсіздік монументі орнатылды.

2-жүргізуші: 1997 жылы «Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды.

1-жүргізуші: 1998 жылы Ақмола атауы Астана деп өзгертілді.

2-жүргізуші: Астанада алғаш рет Бәйтерегіміз салынды.

1-жүргізуші: 1999жыл Қорқытқа 1500 жыл тойын Қызылордада тойладық.

2-жүргізуші: 2000жылы – Мәдениетті қолдау жылы.

1-жүргізуші:2001 жылы 18мамырда – Күлтегін ескерткішінің көшірмесін И.Тасмағамбетов Астанаға әкелді.

2-жүргізуші: 2002 жылы – Денсаулық жылы.

1-жүргізуші: 2003-2005 жылдары Ауыл жылдары

2-жүргізуші: 2006жылы - Сыр елі өнер ордасы



1-жүргізуші: 2007жылы төл теңгеміз жаңа түрмен айналымға түсті.

2-жүргізуші:2008жылы Қазақстанның бас ордасына Астанаға 10 жылдығы тойланды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет