Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.
Тәрбиелігі: Өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз анна тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.
Көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова,
Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова суреттері.
«Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты
плакат. Желтоқсан тақырыбындағы топтардың қабырға
газеттері және буклеттер. Қанатты сөздер.
( Қайрат, Ляззат, Сабира, Ерболдардың суреттері
Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған
« Ер есімі - ел есінде » атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.
1-жүргізуші:
тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың 16 желтоқсан еді. Таңертеңгілік сағат 10 -да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып
келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев түсіріліп, орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.
Оқушы:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Оқушы:
Желтоқсанда шындық жырын
шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріндей ер намысты жас өркені бар елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
1-жүргізуші:
Қазір бұл күн Қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы Қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділетсіз көтерілістің бірі.
Көрініс «Ызғарлы Желтоқсанның ызалы үніне» кезек береміз
Лаззат-Сая:Қайрат сен естідің бе?Кеше Қонаев ағамызда орнынан алыныпты дейді.
Қайрат-Санжар: Қойшы рас па? Кімнен естідің?
Лаззат-Сая:Кеше куратор ағайдан естідім.Бүгін Брежнев алаңына көп адам жиналып жатыр дейді.
Қайрат-Санжар: Неге?Неліктен?
Лаззат-Сая:Қонаевтің орнына Ресейден бір орыс келіпті.Халық наразылылық білдіріп жатқан көрінеді. Куратор ағай ол жаққа бармаңдар деп ескертті
Қайрат-Санжар: Қой, біздің мұнда құрғанымыз дұрыс болмас, жүр кеттік,тез барайық!
Оқушы:
Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп қырға шықтым.
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Достарыңызбен бөлісу: |