Тәрбиенің мақсаты мен маңызы



Дата17.11.2022
өлшемі2,14 Mb.
#158739
Байланысты:
Презентация1
502513, www.zharar.com-kosh-keldin-nauryz

Тәрбиенің мақсаты мен маңызы
Тәрбие адам бойындағы жақсы мінез қалыптастырушы.Адам дүниеге келгеннен бастап ата-анасының қамқорлығында болады яғни ата-ананың тәрбиесінде өседі.Адам өз бойына ата-анасы берген тәрбиені сіңіріп өсуі керек. Тәрбие ол адамның болашақ өміріне тікелей байланысты.Қазақ халқы жастарды тәрбиелеуде тәрбиеге аса мән берген.Қазақ халқы жастарды тек екі сөзбен тәрбиелеп отырған.Олар ұят болады,обал болады.Негізінен қарап отырсақ екі-ақ ауыз сөз бірақ бұл сөзде қаншама мағына жатыр.Адам жақсы мінез қалыптастыру арқылы,Абай айтпақшы бұл өмірдің бір кірпіші болып қаланады.Бұрынғы ата-бабаларымыз тәрбие-тал бесіктен деген ұғымды айтып кеткен.Яғни тәрбиеге біз адамның туылған кезінен бастау керек.Ал туылған кезінен бастап жақсы мінез қалыптастыра алған адам болашақта кез-келген жетістікке жете алады.Кішкентай бала мектеп қабырғасын аттағанша ата-анасының қарқорлығында,қарауында болады.Мектеп қабырғасын аттаған соң баланың тәрбиесіне оның ұстаздарының да ықпалы болады.Көптеген ұстаздар балаларға білімнен бұрын тәртіп керектігін түсіндіреді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас – жауы» Әл – Фараби.Қазіргі жастар-елдің болашағы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет