Тәрбиенің ТҰжырымдамалық негіздері


ТӘРБИЕНІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ



бет4/6
Дата21.09.2022
өлшемі47,4 Kb.
#150208
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
5 - 7 сынып ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

ТӘРБИЕНІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ:


Тәрбие жұмысының негізін жалпыадамзаттық құндылықтар (сенім, ақиқат, әсемдік, бостандық, қайырымдылық, жақсылық, махаббат, және т. б.) және ұлттық құндылықтар – (тәуелсіздік, патриотизм, толеранттылық, ана тілі, заңға бағынушылық, этникалық мәдениет, салт-дәстүр) құрайды.
1. Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие;
2. Рухани-танымдық тәрбие;
3. Ұлттық тәрбие;
4. Отбасылық тәрбие;
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;
6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу;
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру.


Сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2022-2023 оқу жылында аталып өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндер:

  • Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы;

  • Роза Бағланованың 100 жылдығы;

  • Қазыбек бидің 355 жылдығы;

  • Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы;

  • Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы;

  • Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығы.

Білім алушылардың функционалдық сауаттылықтары мен әмбебап құзырлылықтарын қалыптастыруға қол жеткізетін бағыттардың бірі – құндылыққа негізделген оқыту мен тәрбие бағдарламасы (одан әрі – Бағдарлама).


Бағдарламаның шешуші идеясы оқу-тәрбие процесін білім алушыларды ұлттық құндылықтар негізіндегі жалпыадамгершілік құндылықтарға баулуға бағыттау.
2022-2023 оқу жылында құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде төмендегі жобалар ұсынылады:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет