Тәрбиеші : Ерекешова. А. М. Білім саласы: «Коммуникация» Бөлім саласы



Дата20.07.2020
өлшемі15,29 Kb.
#63441

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Тобы : № 10 «Қарлығаш» ересек тобы Күні : 23.09.2016ж

Тәрбиеші : Ерекешова.А.М.

Білім саласы: «Коммуникация»

Бөлім саласы: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым

Мақсаты: Ойыншықтардың суретіне қарап әңгіме құрастыра білуге, «д», «т» дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету, тілдерін дамыту, ойыншықтарды бөлісіп, ұжыммен ойнауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: жұмыс дәптері, түрлі ойыншықтар суреті.

Сөздік жұмыс: ойыншық , тарақ , доп..

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

Ойын бұрышына саяхат жасатады.

-Балалар, мына көріп тұрғандарың-«Шаштараз бұрышы», ал мына ақ халат, жедел жәрдем, дәрі-дәрмек, ине, барометр, кеуде тыңдағыш тұрған бұрыш қалай аталады?

-Иә, дұрыс айтасыңдар.

- Ал ыдыстар, жапқыштар тұрған бұрыш қалай аталады?

-Көліктер, жол белгілері, бағдаршам тұрған бұрыш қалай аталады?

-Міне, сендер ойын бұрышындағы түрлі ойыншықтармен таныстыңдар.



Балалар саяхат жасап, орындарына отырады.
-Дәрігер бұрышы.

-Асхана бұрышы.


-Көліктер бұрышы.
Балалар орындарына келіп отырады.

Іздену ұйымдастырушы

-Балалар, сендер ойын бөлмесінен қандай ойыншықтарды көрдіңдер?

-Ойыншықтар неден жасалған екен?

-Ойыншықтардың түстері қандай?

-Ойын бұрышында көрген доп «д» дыбысынан басталады. Ал шаштараз бұрышындағы тарақтар «т» дыбысынан басталып тұр.

-«Д» және «т» дыбыстары-бір-біріне ұқсас дыбыстар.

Тәрбиеші осы дыбыстарды айнаға қарап айтқызады.

-Екі дыбыс та-дауыссыз дыбыстар.

Дыбыстардың дұрыс айтылу артикуляциясын түсіндіреді.

-«Д» дыбысын айтқанда тіліміз алдыңғы, астыңғы тістерге қатар тиеді.

«Т» дыбысын айтқанда тіліміз үстіңгі тістің түбіне тиеді.

Тәрбиеші «д» және «т» дыбыстарын буын ішінде айтқызады.

Да –да- дала.

До- до- доп.

Та- та- тарақ.

Т-о то- топ.
-Енді ойыншықтар арасынан ұнаған ойыншықтарыңды алып, сол туралы әңгіме құрап, суреттеп беріңдер.

-Тағы да кім қандай ойыншықты ұнатады.

-Иә, дұрыс, өте жақсы суреттеп әңгіме құрадыңдар. Тәрбиеші 4-5 балаға суреттеп әңгіме құрастырады.

Сергіту сәті:

(Сергіту жаттығуларын А.Меңжанованың «Сылдырмақпен би» өлеңімен жасатуға болады).

Қолымызда сылдырмақ,

Сылдыр, сылдыр етеді.

Аяғымыз тыпырлап,

Өзі билеп кетеді.

Тып, тып, тып, тып.

Тыпылдатып биге шық.

Қолымызда сылдырмақ,

Сыңғырлата қағамыз.

«Жасырынған ойыншықты тап!» дидактикалық ойыны.

Ойын шарты: балалар тығылған ойыншықтарды тауып, неден жасалғанын, қайда қолданылатынын, түсін айтып береді.

Жаңылтпаш қайталату.

Топ бала, топ бала,

Ойнап жүр, топтала.

Зымырап допты ала,

Қуады көп бала.

Дәптермен жұмыс.Дәптердегі №4 ұнатқан ойыншығын қалаған түсімен бояу тапсырмасы орындалады.

Жеке жұмыс жүргізіледі.



-Ойын бөлмесінен әртүрлі ойыншықтарды көрдік.

-Ойыншықтар резинадан, қатты және жұмсақ заттардан жасалған.

-Түстері әртүрлі.

Балалар дыбыстарды айнаға қарап қайталайды.

(Үш дауыста айтады)

Балалар қайталайды.

-Мынау –қуыршақ, аты-Айгүл. Оның шашы қара әрі ұзын.

Көйлегі қызыл, аяқ киімі сары.

-Мынау-жүк көлігі. Дөңгелектері үлкен домалақ, түсі қара.

Онымен құм, тас тасиды. Құрылыста көп қолданылатын көлік түрі.

Өлең мазмұнына сәйкес жасайды.

Кезекпен ойынды ойнайды.

Жаңылтпашты қайталайды.

Тапсырманы орындайды.




Рефлексивті коррекциялаушы

-Қайда саяхат жасадыңдар?

-Балалар, сендер бүгін нені суреттедіңдер?

-Қандай дыбыстармен таныстыңдар?


-Ойыншықтар бұрышына.

-Ойыншықтарды.



-«Д», «т» дыбыстарымен таныстық.

Күтілетін нәтиже: Біледі: Ойыншықтарды суреттеп әңгіме құрауға арналған тапсырманы. Игереді:Ойыншықтардың неден жасалғандығын, оның қажеттілігін. Меңгереді: дыбыстарды айнаға қарап үш дауыста айта білу дағдыларын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет