Терінің зақымданған факторына байланысты күйіктер термиялық (ыстық сұйықтықпен, от жалынымен, ыстық металмен), электр және химиялық болып бөлінеді



Дата07.02.2022
өлшемі13,5 Kb.
#96865
Байланысты:
алғашқы көмек көрсету 203 топ Исраилова Саярам


1)Күйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады. Күйіктен кеп зардап болдырмау және ауырғанын жеңілдету үшін күйік шалған жерді дереу салқын суға малыңыз
2) Күйіктің асқынуын болдырмау үшін күйіктің бетіне таза таңғыштар жабу керек. 1- дәрежедегі күйік кезінде таңғышты спиртпен, арақпен, калий пермаганатымен ылғалдап қоюға болады. Көпіршіктерді қыздыруға, алуға немесе қандай да бір май жағуға (вазелин, май немесе өсімдік) болмайды. Жағылған май ауруды жазуға көмектеспейді. Есесіне жұқпалылардың енуіне жол береді. Бұл өз кезегінде алғашқы медициналық көмекті көрсетуге, теріні алғашқы хирургиялық емдеуге кедергі келтіреді.
3) Күйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады.
4) Терінің зақымданған факторына байланысты күйіктер термиялық (ыстық сұйықтықпен, от жалынымен, ыстық металмен), электр және химиялық болып бөлінеді.
Зақымданудың тереңдігіне байланысты 4 деңгейге бөлінеді: І деңгей – терінің қызаруы және ісік; ІІ деңгей – қызару мен ісік үстіне көпіршіктер пайда болады, сұйықтық толады; ІІІ деңгей – терінің өлуі; ІҮ деңгей- терінің және тері асты клеткаларының, бұлшықеттерінің, сүйектердің өлуі.Күйік ауданы тоғыз ережесі және алақан ережесі арқылы анықталады. Ересек адам алақанының ауданы дене ауданының шамамен 1 % құрайды. Тоғыз ережесі бойынша дененің ірі бөліктері дене беті ауданының 9 немесе 18 % құрайды. Мысалы, бас және мойын беті, қолдың сырты 9 %-дан тұрады, аяқ сырты, дененің алдыңғы жағы -18 % -дан тұрады. Егер зақымданған жердің жалпы ауданы 10%-дан жоғары болса, күйік ауыр болып саналады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет