Жүйе (система) – өзімізді қоршаған ортаның кеңістіктегі бөлігі, дене тобы, зат немесе заттар жиыны.
Термодинамиалық жүйе – сыртқы қоршаған ортадан ойша бөлініп қарастырылатын, өзара жылу және механикалық әсерлесу болатын дене не заттар жиыны, тобы.
Сонда айналадағы ортадан ойша бөлінген дене немесе өзара әрекеттескен денелер тобы термодинамикалық жүйе деп аталады. Мұны бұдан былай тек жүйе деп қарастырамыз. Жүйе айналадағы ортадан белгілі бір нақты (фазааралық) бет арқылы бөлінеді және жүйедегі молекулалар саны өте көп болуы керек. Өйткені, термодинамикада молекулалар саны аз жүйелер қарастырылмайды.