Неміс педагогы И.Ф.Гербарт сабақтың негізгі 4 кезеңін ұсынады: 1. Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі. 2. Жаңа материалды өткен материалмен байланыстыру кезеңі. 3. Сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі 4. Қысқаша қорытынды жасау кезеңі.
2-оқу сұрағы: Сынып және сабақ туралы түсінік
Сынып – сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай–ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт–бағдар беріп, жетекшілік рөлін атқарады.