Түргеш қағанаты 8 Нұсқа
1. Түргеш қағанаты ыдыраған уақыт:
А. IX ғасырда
В. VIII ғ.ортасында
С. VII ғасыр аяғы
Д. X ғасыр басы
Е. XI ғасырда
2.756 жылы Түргеш қағандығын құлатып, билікті өз қолына алған тайпа:
А. Қарахан
В. Қарлұқ
С. Басмыл
Д. Ұйғыр
Е. Қырғыз
3.Түргеш қағандығының ыдырау себебі :
А. Үлеске талас
В. Құлдар көтерілісі
С. Шетелдіктердің сатып кетуі
Д. Арабтар мен қытай арасындағы шабуылы
Е. Билеуші топтың мемлекетті тастап кетуі
4.Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға көңіл аударуы саудаға байланысты екенін айтқан ғалым:
А. В.В.Григорьев
В. Ә.Х.Марғұлан
С. В.В.Бартольд
Д. К.Ақышев
Е. М.Қадырбаев
5.Соғдылар деп аталған тайпалар:
А. Моңғол тілдес халық
В. Қытай тайпасы
С. Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық
Д. Қытайланған түркілер
Е. Түркіленген парсылар
6.VI-VII ғасырларда соғдыларды жаулап алған ел:
А. Кушан патшалығы
В. Қытайлар
С. Селжұқтар
Д. Түрік қағандығы
Е. Моңғолдар
7.Соғдылықтар саудамен де егіншілікпен де айналысқаны туралы айтқан қытай саяхатшысы:
А. Чжан Цянь
В. Го Ги
С. Лю-Бань
Д. Янь Синь
Е. Сюань Цзянь
8. «Соғдылықтардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ» деп жазған ғұлама ғалым:
А. әл-Идриси
В. Әл-Имақия
С. Баласағұн
Д. әл-Бируни
Е. Махмуд Қашқари
9. Түргеш қағаны Сұлу 717 жылы қай елге сәтті сапар жасап қайтты?
А. Иранға
В. Хорезмге
С. Тан империясына
Д. Византияға
Е. Ауғанстанға
10. Сұлу қаған Орта Азия халықтарымен кімдерге қарсы күш біріктірді?
А. Иранға
В. Византияға
С. Қытайға
Д. Арабтарға
Е. Ұйғырларға
11. Сұлу қаған 737 жылы кімдермен бірлесе отырып, арабтарға ойсырата соққы берді?
А. Кимектермен
В. Ғұндармен
С. Қарлұқтармен
Д. Соғдылармен
Е. Қырғыздармен
12. Арабтар түргештің қай қағанымен ашық майданда соғысудан сескенген?
А. Датодан
В. Сұлудан
С. Үшліктен
Д. Сақалдан
Е. Шегуден
13. Сұлудың орнына билікке келген қаған:
А. Тұқарсан Құтшар
В. Тон
С. Шегу
Д. Иштеми
Е. Үшлік
14. Сары және қара түргештердің екі арадағы күресі неше жылға созылды?
А. 10
В. 15
С. 20
Д. 25
Е. 30
15. Қытай империясы қай қаладағы әскерлерін Жетісуға аттандырып, 748 жылы Суябты жаулап алды:
А. Чаньян
В. Бейжін
С. Чэнду
Д. Куш
Е. Леоян
16. 749-753 жылы Түргеш қағанатындағы билікті өз қолына алғаны тархан:
А. Сұлу
В. Иштеми
С. Күлтегін
Д. Жыпыр
Е. Құтштар
17. Жыпырдың тұсында Түргеш қағанатында орнаған жағдай:
А. Тыныштық орнады
В. Жұрт байыды
С. Жағдай жақсара қоймады
Д. Сары және қара түргештер өзара татуласты
Е. Өзара келісім орнады
18. Шонжарлардың аң аулаумен айналысуының себебі:
А. Сауық құру үшін
В. Күн көру үшін
С. Баю үшін
Д. Аң терісін сату үшін
Е. Мақтану үшін
19. Түргеш қағанатында шұрайлы жер кімнің меншігінде болды?
А. Шадтың
В. Таттың
С. Бұйрықтың
Д. Қағанның
Е. Халықтың
20. Тараздан табылған теңгелерде қандай жазу бар?
А. «Қаған»
В. «Бек»
С. «Хан»
Д. «Менің ақшам»
Е. «Түргеш қағанының теңгесі»
21. Түргеш жерлеріндегі сөздер қандай жазумен жазылған?
А. Ұйғыр
В. Руна
С. Соғды
Д. Араб
Е. Қытай
22. Ғалымдар соғдылардың Жетісуға келуінің неше себебін білдіреді:
А. 1
В. 2
С. 3
Д. 5
Е. 10
23. Соғдылардың ежелден қоныстанған өзендері:
А. Әмудария мен Сыр
В. Ніл мен Ефраб
С. Шу мен Іле
Д. Еділ мен Жайық
Е. Зеравшан мен Қуандария
24. Сюань Цзяньнің көрсетуінше, соғдылар немен айналысқан:
А. Кесте тігумен
В. Үй соғумен
С. Қора салумен
Д. Алым-салық жинаумен
Е. Бір бөлігі егіншілкпен, бір бөлігі саудамен
25. Жетісуға келген соғдылар кімдердің тілін, әдет-ғұрпын, мәдениетін қабылдай бастады?
А. Ұйғырлардың
В. Қырғыздардың
С. Қаңлылардың
Д. Түріктердің
Е. Қытайлардың
Достарыңызбен бөлісу: |