Транслятор таба алмайтын қателіктер
Программада пайдаланылатын операторлар дұрыс жазылғанымен, транслятор таба алмайтын көптеген қателіктер болады.
Осындай қателіктердің мысалдарын келтірейік.
Логикалық қателіктер:
шартты тексеруді дұрыс көрсеткенмен, оның алгоритмнің нақты тармағын орындауға өту жолын дұрыс көрсетпеу;
мүмкін болатын шарттарды толық есептемеу;
программада алгоритм блоктарын орындау үшін қажет болатын бір немесе бірнеше шамаларды қалдырып кету.
Циклдерде кездесетін қателіктер:
циклдің басын дұрыс көрсетпеу;
циклдің аяқталу шарттарын дұрыс көрсетпеу;
итерация санын дұрыс көрсетпеу;
шексіз цикл.
Енгізу-шығару қателіктері; деректермен жұмыс істеудегі қателіктер:
деректердің түрін дұрыс бермеу;
талап етілген аз немесе көп деректерді оқуды ұйымдастыру;
деректерді дұрыс нәтижеге шығармау.
Достарыңызбен бөлісу: |