Тәуекел – бұл экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде ол болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін оқиғаны білдіреді. Кәсіпорынның тәуекелі



бет5/14
Дата06.02.2022
өлшемі36,46 Kb.
#81131
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
тауекел

Валюталық тәуекел. Тәуекелдің бұл түрі сыртқы экономикалық қызмет жүргізетін (шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар импорттайтын немесе дайын өнімді экспорттайтын) кәсіпорындарға тән. Ол кәсіпорынның сыртқы экономикалық операцияларында қолданатын шетел валютасы курсының өзгеруінің операциялардан күтілетін ақша ағындарына тікелей әсер етуі нәтижесінде алдын-ала көзделген табыстарды толығымен ала алмауын түсіндіреді. Осылайша, шикізат пен материалдарды импорттай отырып, кәсіпорын сәйкес шетел валютасының ұлттық валютаға қатысты айырбас курсының жоғарылауынан ұтылады. Сондай-ақ, бұл курстың төмендеуі кәсіпорынның дайын өнімді экспорттау кезіндегі қаржылық залалын анықтайды.


  • Депозиттік тәуекелБұл тәуекел депозиттік салымдардың қайтпау (депозиттік сертификаттардың өтелмеу) мүмкіндігін сипаттайды. Бұл тәуекел сирек кездеседі және кәсіпорынның депозиттік операцияларын жүзеге асыру үшін коммерциялық банкті дұрыс бағаламау немесе дұрыс таңдамауымен байланысты болады.


  • Несиелік тәуекел. Бұл тәуекел кәсіпорынның өз қаржылық қызметі барысында сатып алушыларына тауарлай (коммерциялық) немесе тұтыну несиесін ұсыну кезінде орын алады. Оның көрініс табу формасы болып кәсіпорынның несиеге берген дайын өнімі үшін төлемдерді өтемеу немесе уақытында есеп айырыспау табылады.


  • Салықтық тәуекел. Қаржылық тәуекелдің бұл түрі бірнеше түрде көрініс табады: шаруашылық қызметтің жеке аспектілерін жүзеге асыруға жаңа салықтар мен алымдардың түрлерін енгізу ықтималдылығы; салықтар мен алымдардың ставкаларының деңгейінің жоғарылау мүмкіндігі; жеке салықтық төлемдерді жүзеге асырудың шарттары мен мерзімдерінің өзгеруі; кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сферасындағы салықтық жеңілдіктерді алып тастау ықтималдылығы. Кәсіпорын үшін алдын-ала болжанылмайтын бұл тәуекел оның қаржылық қызметінің нәтижелеріне айтарлықтай ықпалын тигізеді.




  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет