ТӘуелсіз қазақстанның тмд мемлекеттерімен қарым-қатынасы алматы,2008 мазм ұ н ы кіріспе



бет1/5
Дата31.01.2018
өлшемі1,31 Mb.
  1   2   3   4   5
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТМД МЕМЛЕКЕТТЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ


Алматы,2008

М А З М Ұ Н Ы


КІРІСПЕ....................................................................................................................................3-8


  1. ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР


    1. Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері..............................................................................................9-16

    2. Тәуелсіз Қазақстан Еуразиялық экономикалық қауымдастығында және оның болашағы.....................................17-27



  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ




    1. Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы.... 28-41

    2. Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде................. 42-48



ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................49-54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.............................................55-60

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие (табиғи қазба байлықтары жоғары квалификациялы жұмыс күші т.т), Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орын алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының Азия аймағы мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар.

Жалпы дүниежүзілік бейбітшілік-саяси үдерістер шеңберінде Қазақстанның алдында өзінің тұрақты әрі сенімді экономикалық қуатын арттыру, тұрақты саяси жүйесін кұру, әлеуметтік мәселелерді шешу сияқты жеке мүдделерін жүзеге асыру міндеті тұрды. Осы тұрғыда біртіндеп жалпы дүниежүзілік проблемаларды ғаламдық түсіну орнай бастайды. Қазіргі кезеңде жаһандану-жекелеген мемлекеттердің тіптен ең қуатты деген мемлекеттердің рөлі мен мүмкіндігі төмендеген, ал өркениеттің, ұлттан жоғары бірлестіктердің және ғаламдық «желілер» кұрылымының (мысалы, трансұлттық корпорациялар, халықаралық әртүрлі топтар) рөлі жоғарылаған сатысына өтті.

ҚР-да кіретін Орталық Азияда құрамының әртүрлілігінің өсу салдары біржақты емес, себебі бұл жағдай бір жағынан, аймақтағы ұлттық мемлекеттердің тәуелсіздігін нығайтуға деген талпынысын ынталандырса, екінші жағынан, шамадан тыс әртүрлілікке ұмтылушы жағдйды жандандырды. Ғаламдық қауымдастықтың ұдайы өндірісіне қатынасу Орталық Азияға тиімді құрамда болмаса да «Атлантика - Еуразия - Тынық мұхит» және «Атлантика-Еуразия-Үнді мұхиты» сияқты мұхиттық - конти-нентальдық байланыстарға кіруге мүмкіндік берді. Мұндай байланыстарға кіру бір жағынан Ұлы жібек жолы сияқты дәстүрлі коммуникацияларды қайта жандандыруға, екіншіден, әсіресе мұнай-газ құбырлары сияқты қазіргі заманғы коммуникацияларды дамытуға қолайлы жағдай тудырды. Соңғылары, ең алдымен осы байланстарды игеруге ұмтылушы жаңа әріптестер (Қытай, Жапония т.б.) табуға, байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді.

Жаһанданудың ықпалымен және исламдық дүниеге байланысты Орталық Азия мұхиттық-континентальдық байланыстар құруға тартылды. Бұл жағдай қазіргі зерттеушілердің пікірінше дәстүрліліктің локальды факторының көлемі мен тереңдігін өзгертуге қалай әсер етсе, артта қалушылық пен тәуелділік өлшемдерін айтпағанның өзінде жеке алғанда нақтылықты, жалпы алғанда діни фактордың рөлін өзгертуге де солай әсер етеді /2/. Өз кезегінде мәдениет пен дін саласындағы Қазақстанның ТМД елдерңмен қарым-қатынасы бүгінде мүмкіндігінше күшейіп келетінін де айтып өтуіміз керек. «Дамудың Қазақстандық моделі» казіргі кезеңде барлық ТМД елдеріне үлгі болуда /1/. Мұндай қорытындыны Гарвард университетінде өткен конференцияда дүниежүзінің ғылыми орталықтары мойындайтын танымал сарапшылар жасаған болатын. Осы жағдай халықаралық ғылыми және саяси-практикалық қатынастарда таңдап алған тақырыптың өзектілігін айқындайды.

Тақырыптың зерттелуі. ТМД-ның құрылуын және өмір сүруін тарихи көзқарас тұрғысынан қарастыру қажет. Достастық елдерінің экономикасы құрылымындағы және оны реформалау деңгейіндегі айырмашылықтар, әлеуметтік - экономикалық жағдайларындағы, геосаяси бағыттарындағы өзгешеліктер елдердің әлеуметтік-экономикалық және әскери-саяси өзара әрекеттерінің үлгісін анықтайды.

1990 жылдардың басында Достастық мемлекеттері арасында негізінен екі жақты экономикалық қарым-қатынастар орын алса, одан кейінгі уақыттарда да ТМД шеңберінде жеке мемлекеттердің әртүрлі бірлестіктері (одақтар, әріптестіктер, альянстар т. т): Белорусь пен Ресей Одағы-«екілік», Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Орта Азиялық Экономикалық Қауымдастығы - «төрттік», Белорусь, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан Кедендік Одағы - «бестік», Грузия, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан және Молдова альянсы (ГУӘӨМ) т.т. байланыс қатынастар орын алуда.

Осы аталған «әртүрлі өлшемдегі» және «әртүрлі қарқындағы» қарым-қатынастық үдерістер бұрынғы КСРО республикаларындағы лидерлердің және қалыптасып келе жатқан ұлттық-саяси элитаның Орта Азиялық «төрттікте» біркелкі экономикалық кеңістік құрудан бастап, «бестікте» Кедендік одақ кұру, «екілікте» мемлекеттердің бірігуіне дейінгі мүдделерін бейнелейтін реальды жағдайдың көрінісін береді. Қайта құру жылдары осы тұрғыда жаһандану барысында түрлі жобалардағы Қазақстанның дүниежүзілік тарихи үдерістегі орны мен рөлін талдаушы көптеген еңбектер жарық көрді /2/. Бұл еңбектердің авторлары «Қазақстан - көптеген өркениеттер, этностар және діндер тоғысына орналасуы себепті де конструктивті интеграцияға айрықша мүдделі. Дәл ҚР-сы XX ғасырдың аяғында басталған қайта құрулардың объективті жағдайлары мен ішкі табыстарына байланысты өзара қарым-қатынастың басты күшіне айналып отыр» деген пікірге сүйенеді /1/.

Соңғы жылдары ғалымдар ТМД елдерінің кеңестік өткен кезеңді қайта қарастыруда, оған жаңаша баға беруде көптеген қосымша зерттеулер жүргізіп, КСРО кезіндегі қалыптасқан байланыстарды - қазіргі қоғам мен мемлекет өмірінің барлық салаларындағы өзара қатынастарындағы қол жеткен табыстардьң объективті негізі деп алады. Мысалы, Н.Е. Бекмаханова қазақ және орыс халықтарының әлеуметтік құқьқтары үшін жүргізілген бірлескен күрестеріне, 1812 жылғы Отан соғысына бірге қатынасқандығына, екі халықтың да XIX ғасырдың көрнекті саяси және мәдени қайраткерлерінің шығармашылық байланыстарына тоқталып, одан әрі тереңірек зерттеуді қажет ететін жаңа тақырыптар мен проблемаларды ұсынады/3/. Тақырыпты жазу барысында біз Қазақстанның интеграциялық үдерістер ауқымынан өзіндік орнын алып келе жатқанын да назардан тыс қалдырмай, осы сарында жазылған еңбектер қатарын қарыстырғанынымызды атап өткім келеді. Мысалы, Еуразия мемлекеттері мен халықтары арасындағы ынтымақтастық пен интеграция үдерісінің тарихи аспектілеріне арналған еңбектердің үлкен қоры жинақталған /4/. Бұл еңбектердің біразында әр кезеңдердегі әртүрлі салалардағы Қазақстан мен Орта Азия халықтарының екі жақты қарым-қатынастары мысалы, қазақ және өзбек, казак және армян, қазақ және қырғыз әсіресе қазақ және орыс халықтарының арасындағы ұлтаралық қатынастарының сипатты белгілері, сан түрлі экономикалық, мәдени-әлеуметтік өзара қатынастары көпұлтты қазақ өркениетінің қалыптасуы және дамуы мысалында қарастырылады. Сонымен қатар Батыс пен Шығыс катынастары негізінде қазақ өркениеті дүниежүзілік тарихи тұрғыда, Түркістан халықтарының рухани байланысына ислам дінінің әсері зерттелінеді /5/. Қазақстан мен Ресей мемлекеттері қоғамдарының тарихи трансформациясы мен қазіргі үдерістеріне, соның ішінде эволюциясы мен ұлтаралық қатынастарына салыстырмалы талдау жасаудың бітіру жұмысын жазуымыз үшін көп көмегі болды. Еуразия халықтарының конструктивтік және комплиментарлық бірге өмір сүруінің тарихи қалыптасқан дәстүрлерін одан әрі дамыту қажеттілігі - жоғарыда аталған еңбектердің ортақ қорытындысы .

Қазіргі тарихнаманьң негізгі ғимаратын әрине посткеңестік кеңістікті дамыту проблемалары мен нақты сюжеттерге және оған кіруші елдер, олардың арасындағы қарым-қатынастарды дамыту, аймақтағы сыртқы саяси ахуалдың ерекшеліктері мәселелеріне арналған еңбектер құрайды. Көптеген зерттеулерде ТМД елдеріндегі жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени өзгерістер мәселелерінің кең эмпириялық материалдары салыстырмалы талдаулармен бірге беріліп, тарихи тәжірибені дұрыс түсін-діруге және ұзаққа созылған қоғамдар эволюциясының тенденцияларын ашуға бағытталған мазмұнды қорытындылар жасалған. Ғалымдардың посткеңестік елдер арасындағы ынтымақтастықтың тиімді түрлерін іздестіруге қарай ұмтылысы Еуропадағы осыған ұқсас интеграциялар тәжірибесін зерттеуге деген заңды кызығушылығын туғызды.

М.В. Стрежневаның зерттеулері әлеуметтік мәдени тұрғыдан алғанда Еуропалық Одақ пен ТМД арасындағы салыстырмалылыққа құрылған. Автор, проблемаға тарихи-философиялык кең шолу жасай отырып, аймақтық бірлестіктердің кұрылуын, ұйымдастырушылық түрлері мен қызметін қарастырады. ТМД елдерінің экономикалық және саяси қарым-қатынасының келешегі, институционалдық жүйелерінің ортақ белгілері мәселелеріне тоқталады /6/. КСРО кезеңінде қалыптасқан біркелкі экономикалық біртұтастықтың ыдырауының себебінен туған дағдарыс салдарларын жою жолдары, ТМД - ның барлық елдері үшін өте маңызды болып есептелетін экономикалық ынтымақтастық проблемалары бірқатар еңбектерде жинақталған. Бұл еңбектер интеграцияның халықаралық тәжірибесін салыстырмалы түрде зерттейді .

ТМД-ның құрылуы, ұйымдастырылуы және құқықтық қалыптасуы, функциясы механизмдері мен қызметіндегі сәтсіздіктер себептері тарихына арналған қомақты еңбектер тобын атауымызға болады. Зерттеушілер негізінен Достастық елдерінің экономикалык өзара байланыстары динами-касын, саяси-құқықтық базасындағы өзгерістерді, оның дамуының ағымдағы, соның ішінде - мәдениет, әлеуметтік, қауіпсіздік салаларындағы проблемаларға назар аударады. Бұл еңбектерде Қазақстанның халықаралық байланыс үдерістеріндегі рөлі фрагментті ғана беріледі. Көптеген авторлар Достастықты бұрынғы кеңестік республикалардың «өркениетті ажырасуының» құралы ретінде ғана көріп, бұл саладағы табыстарды баяндай отырып, ТМД шеңберіндегі қалыптасқан өзара байланыстың тәжірибесін тиімсіз деген пікірге келеді /7/.

Интеграцияның әртүрлі деңгейдегі формаларын ұйымдық бекіту динамикасы ғалымдар назарын Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ) және Біртұтас экономикалык кеңістік (БЭК) сияқты болашағы зор ұйымдар тәжірибесін және мемлекетаралық өзара әрекеттің экономикалық аспектілерін зерттеуге қарай ауыстырады /8/. Сол сияқты ЕурАзЭҚ-ғы экономикалық әріптестіктің басты бағыттарын, Еуропалық Одақ (ЕО), Солтүстік-Америкалық еркін сауда аймағы (НАФТА), Латынамерикалық жалпы рынок (МЕРКОСУР), Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақ-тастық форумы (АТМЭЫФ) т.б. осындай кооперациялар мен ынтымақтастық шеңберіндегі негізгі интеграциялық бірлестіктердің жемісті тәжірибелерін басты қозғаушысы әрі көшбасшысы рөлін атқара алады.

Жалпы тақырыптың тарихнамасында салыстырмалы түрде алғанда 1992-2005 жылдарда ТМД елдері арасындағы байланыс мәселелерін зерттеуде ғалымдардың жиі назар аударған саласы экономикалық сала болып қала береді және бұл көбінесе Қазақстан мен Ресей арасында карастырылады. Сондықтан біз бітіру жұмысымызда тараулардың басым көпшілігінде Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынастарына көбірек назар аудадық .Сол сияқты, ТМД елдері арасындағы халықаралық қауіпсіздікті қорғаудағы бірлескен күрес, өзара ықпалдастықтың ұйымдық-құқықтық базасын жетілдіру т.т. проблемалар талдауына да біраз еңбектер арналған /8/. Мысалы, С.Л. Ткаченко мен С. Петерманн КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңдегі ТМД елдері арасындағы әскери саладағы қатынастарына, оған Солтүстік Атлантикалық Альянстың ықпалына тоқталады. 1992 жылғы Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне қол қойысу тарихы мен оның, жүзеге асырылуына, Келісімнің әскери одаққа трансформациясына, 2000 жылдан кейінгі кезеңдердегі Ресей Федерациясының сыртқы және қауіпсіздік саясатындағы өзгерістерге назар аударылады /9/. Мәдениетаралық өзара байланыстарды қарастыруда достастықты нығайту-дың мемлекетаралық түрлері мен құралдарына, ғылыми, шығармашылық, білім мекемелерінің мемлекеттік емес, жеке құрылымдарынан гөрі кәсіби мемлекеттік жағына ғана көбірек көңіл бөлінеді. Оның ішінде де ең жиі зерттеу тақырыбына айналған мәселе - білім беру үдерісін дамыту саласындағы ынтымақтастық /10/.

Көптеген авторлар, Қазақстанның жалпы сыртқы саясатының, халықаралық қызметінің әртүрлі бағыттарына, жекелеген сюжеттеріне, аспектілеріне, экономикалық әсіресе энергоресурстар саласындағы ынтымақтастыққа, көбіне Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара әрекет өлшемдеріне тоқталады. Аталған бағыттағы жұмыстар қатарына А.Е Есенбаевтың, Е.Б.Жатқанбаевтың, Б.Сомжуректің, Т.А.Толеубаевтың, Н.Исингарин мен С.Масакованың, А.Иваситаның т.б. еңбектерін /12/ атауға болады. Мысалы, Т.А. Мансуров пен Қ.К.Тоқаевтың еңбектерінде әртүрлі құжаттар мен жеке дипломатиялық тәжірибелері негізінде Ресей және ТМД-ның басқа елдерімен интеграцияны дамыту мақсатындағы ҚР-ның сыртқы саяси стратегиясы мен халықаралық қызметі баяндалады.

Отандық ғылым жақын арада А.Шайхутдинов пен С. Абдулпаттаевтың Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мәселелеріне арналған Қазақстан Президенті Қоры жанындағы дүниежүзілік экономика және саясат институты даярлаған еңбекпен толықты [13]. Авторлар елдің сыртқы саяси бағыты динамикасын, проблемалық-хронологиялық және жағрафия-елдік талдауларын қоғамның жаңаруының ішкі саяси, экономикалық міндеттерімен байланысты қарастырады. Сол сияқты интеграциялық үдерістерге, Қазақстанның әсіресе ортаазиялық көршілес мемлекеттермен, Ресеймен қарым-қатынастары мәселелеріне көңіл аударады. Ғалымдардың бұл бағыттағы шынайы даму үдерісіне Астананың бастаушы болғандығы, оның заңдылығы жөніндегі пікірлерін толық қолдаймыз.

Зерттеудің хронологиялық шеңбері 1991-2001 жж. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінге дейінгі жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең Кеңестер Одағының ыдырап, мемлекеттің негізі құрылуымен, экономика мен саяси жүйенің терең кұрылымдық өзгерістерінің іске асуымен ерекше. ҚР-сы Халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде ТМД, ЕурАзЭҚ т.т. шеңберінде белсенді қарым-қатынас жасауда.

Зерттеудің максаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен қарым-қатынасындағы экономикалық, саяси, мәдени жағдайларын анықтау. Содай-ақ, қоғамның жаңаруы мен демократиялық қайта құруларды тиімді жүзеге асыру мақсатында жүргізген саяси-құкықтық, әлеуметтік-экономикалык, әскери-саяси және гуманитарлық салалардағы халықаралық өзара қарым-қатынастарының нақты-тарихи түрлерін, әдістері мен нәтижелерін қарастыру, осы үдерістегі Қазақстанның орны мен рөлін, қосқан үлесін анықтау, талдау және қорытындылау.

Осы мақсат жолында автор өзінің алдына мынандай міндеттер қояды:



  • ТМД кеңістігіндегі Қазақстанның қарым-қатынастары мен интеграциялық үдерістердің тарихи алғышарттары мен жағдайларын қорытындылау;

  • бұрынғы кеңестік республикалар арасындағы қарым-қатынас
    үдерісі қалыптасуының саяси-құқықтык механизмдері мен
    түрлеріне, ондағы Қазақстан Республикасының рөліне талдау
    жасау;

  • XXI ғасырдың басындағы экономикалық байланыс тиімділігін елдің тұрақтылығы мен одан арғы прогресі
    мақсатында пайдалану бағытындағы
    Қазақстан Республикасының
    қосқан үлесін және сыртқы саясаты тұжырымдамасының негізгі
    элементтерін анықтау;

  • Қазақстанның Орталық Азиядағы саяси, этникалық, діни және
    мәдени үдерістердегі рөлін аша отырып, оның интеграцияға және
    елдің жалпы дамуына әсерін анықтау;

  • ТМД мемлекеттерінің халықаралық гуманитарлық
    ынтымақтастықтағы Қазақстан мен әртүрлі елдердің екіжақты
    мүдделерін анықтау
    .

Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысыы кіріспе, екі тарау, қортынды және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

  1. ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР
1.1 Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері.

КСРО экономикасы жоғарғы интеграцияланған кешен ретінде дамып, Одақішілік еңбек бөлінісі өндіргіш күштердің дамуы тұрғысынан қарағанда тең дәрежеде болмаса да, жекелеген бөліктері бір-бірімен тығыз байланыста болды. КСРО құлағаннан кейін қалыптасқан қарым-қатынастардың үзілуі себебінен республикалар экономикасында дағдарыс басталды (мәлімет бойынша 1992-1995 жылдардағы ТМД елдеріндегі экономиканың құлдырауының үштен бірі осы байланыстардың үзілуі себебінен болды).

Бұрынғы Одақтас республикалардың арасындағы шаруашылық байланыстар әкімшілік-бұйрықтық негізде құрылып, мемлекеттен қолдау тауып отырды. Сондықтан да нарыққа өту кезеңіндегі тұтас мемлекеттің қирауы салдарынан күрделі құрылымдық деформацияның орын алуы түсінікті де еді. ТМД-ның әрбір еліндегі либералды-нарықтық және дәйекті-орталықтандырылған экономикалық реформалардың бағыттары және олардың жүзеге асырылу қарқындарының әр түрлілігі маңызды рөл атқарды. ТМД кеңістігіндегі көп жақты ынтымақтастықтың дамуын қай кезде де ұлттық ерекшеліктерді және олардың өзара байланысқа деген мүдделілігін ескере бермейтін халықаралық қаржылық ұйымдар да күрделендіре түсті .

Мұның өзі XX ғасырдың аяғында өзара сауда- саттық көлемінің тез төмендеуінен де көрініп, ТМД мүшелерінің ішкі сауда айналымының жиынтығы үштің бірінен төмен көрсеткішті көрсетті. Осылай Қазақстан мен ТМД елдері арасындағы өзара байланысты және өзара тәуелді маңызды экономикалық саласы ажырай бастады. Мысалы, Қазақстан мен Ресейдің мұнай-газ саласы іс-жүзінде даму жоспарларымен келіспестен толықтай дербес жағдайда дами бастады. Даму сипаты да стратегиясы мен нақты нәтижелер де әр түрлі болды. Қара металлургия және энергетика экономиканың басқа да салалары дезинтеграцияланып, КСРО-ның құлауы жаңа тэуелсіз мемлекеттердің алдына кең-байтақ Еуразия кеңістігінде саяси және экономикалық қатынастарды кең масштабта түбегейлі қайта құру міндетін қойды. Көптеген бұрынғы кеңестік республикалар алдында (ЕО- кіруге бет алған Балтық елдерінен басқа) өзара интеграция қажеттілігі туды Басында олар бүрынғы БЭК-тің дизинтеграциялық үдерістерін әлсірету бағытындағы тәжірибеден көрінді. Әсіресе бұрынғы байланыстардың үзілген халық шаруашылығына кері әсерін тигізіп, (көлік, байланыс, энергетика т.б 1996-1997 жылдар шамасында ТМД елдерінің бір бөлігі жаңа бағдармен интеграцияға ұмтылды. Біріншіден, экономиканы синхронды түрде реформалау және жүргізіп жатқан қайта құруларды келісу міндеті тұрды. Сонымен қатар өндірістік, сауда-саттық басқа да байланыстар және ынтымақтастық үлгілерін қайта жасау қажет еді. 1990 жылдар ортасында маңызды ұсыныстар жасалынып, ТМД құру және оның аясын; экономикалық одақ құру туралы Келісім шарт (1993), Еркін сауда аймағын кұру туралы Келісім (1994), Төлем одағы (1994), сонымен қатар Белорус Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің Кеден одағы туралы келісімдер (1995), Ресей мен Белоруссияның білім беру туралы Келісім шарты (1996) жасалынды.

Бұл тұста экономикалық интеграция мамандар тарапынан бірлесудің басты және практикалық тұрғыдан жалғыз жолы ретінде қарастырылды.

Мемлекеттердің экономикадан басқа салаларында интеграция қабілетсіз екенін дәлелдеп, либералдық көзқарас тұрғысынан А.Загарский былай деді: "Мемллекеттер интеграцияланбайды тек біріге алады. Интеграцияланатын рыноктар ғана. Кеңестер Одағы тұсындағы жағдай - интеграция емес, ол үлкен мемлекеттердің экімшілік-экономикалық бірігуі болғандықтан ТМД елдерінің интеграциясының алғышарттарын элі қалыптастыру қажет. Олар осы елдердің ішкі рыногы пайда болған кезде ғана жүзеге асады . Дегенмен КСРО-да, тіпті Ресей империясы кезеңінде де пайда болған әр түрлі аймақтардың экономикалық салада тығыз байланысы бар болатын. Мұның өзі қайта құру жэне экономикалық өзара әрекет саласында одан әрі алға жылжу үшін зор мүмкіндігі бар объективті негіз болды.

Сарапшылардың бағалауы бойынша ТМД елдерінде зерттелген табиғат байлықтарының әлемдік қорының % бөлігі және әлемдік өндіргіш күштердің 10% бар. Бірақ олар әр түрлі есеппен әлемдік ІЖӨ-нен 2 ден 3%-ға дейін, ЕО-тан шамамен 5 рет аз өндіріледі. Посткеңестік альянс елдері соңғы кездерде жылына 400 млн. т. мұнай өндіреді. Бұл оның әлемдік көлемдегі жылдық өндірісінің 12%-ын көрсетеді. ТМД елдері әлемдік электроэнер-гияньщ 11%-ын, алғашқы алюминнің 15%-ын, никелдің шамамен 30%-ын, жездің 10%-дан артығырағын, минералдық тыңайтқыштардың 11 %-ын өндіреді. Болаттың 11%-ын қорытып, әлемге болат экспортының 16%-ын шығарады. Қару-жарақ рыногының 20%-дайы ТМД елдеріне тиесілі, ал олардың зерттеу орталықтарында әлем ғалымдарының 12%-ы еңбек етеді.

Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесіндегі 110 элементтің 99түрі бар, оның 70-і зерттелді, 60-қа жуығы пайдаланылады. Елімізде жанғыштақта тастың, тас және сұр көмірдің 102 көзі және 155 кен орны,

бассейні, мұнай мен газдың мол қоры бар. Металдық руданың 60 түрі шығарылып, марганец, хром, титан, никель, вольфрам, молибден, жез және уран рудасы, алтын, қорғасын, боксит және басқа бағалы кендер зерттеліп, өндірілу үстінде /14-18б/. Шетелдік сарапшылардың пікірінше ТМД елдері рыноғының көлемі шамамен 1600 млн. доллар құрайды.

Достастық елдерінің экономикалық өміріндегі мүлде жаңа құбылыс деп шағын бизнестің туындап және тез өрістеуін айтуға болады. Бұл мемлекеттік саясаттағы бірден-бір маңызды әрекет. 1997 жылы қаңтарда ТМД елдері үкіметі басшыларының Кеңесі (ҮБК) шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, салалық Консультативтік кеңес құру туралы үкіметаралық келісімге қол қойды. Ол 2001 жылға дейін шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекетаралық бағдарламасын жасады. Еркін сауда тәртібіне белсенді көшуге байланысты оны жүзеге асырудың маңызы арта түсті. Шағын бизнес өкілдерінің іскерлік ынтымақтастығын кеңейту ушін қажетті жағдайлар жасалды. Бағдарлама шеңберінде бұл секторды қолдау және дамыту шаралары қолданылып, кәсіпкерлердің эріптестік байланыстарын кеңейту жүзеге асырылды. ТМД елдерінде нарықтық инфрақұрылымның дамуы ірі кэсіпорындардан мамандандырылған жұмысшы күшін шағын бизнес саласына бөлуге ынталандырады. Ол Достастық мемлекеттерінің экономикасында тез дамып келе жатқан сектор бола бастады. Осындай кәсіпкерлікпен айналысатын қызметкерлердің санының күннен күнге артуы бұған анық дәлел. Қазіргі танда осы салада 20 млн. адам еңбек етуде. ҚР-нда шағын бизнес кәсіпорындары мен ұйымдары (350 мың шамасы) барлық тауарлардың 70% өндіріп, қызмет көрсетеді. Шағын бизнес саласын одан әрі дамыту мақсатында Н.Ә. Назарбаевтың "Азаматтардың және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке деген еркіндігін қамтамасыз ететін құқықтарын қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы" бұйрығы шықты. Шағын бизнесті колдау агенттігі көптеген заңнамалық актілердің толықтырылып өзгертілуін талап ету нәтижесінде 1999 жылдан 2000 жылға дейін ҚР шағын бизнес субъектілерінің саны 23% ал, ондағы қызметкерлердің саны 25%-ға көтерілді /13-257б/.

Одақ кұлағаннан кейінгі жылдар бойы теміржол көлігі бойынша ТМД Кеңесі қызметінің арқасында теміржол жүмысы үйлесімді жүргізілі бастады. Кеңес 80-ге жуық келісімдер, заңдар, нұсқаулар, ережелер және басқа да құжаттарды қабылдап іске қосты. Олар жолаушылар мен жүктердің мемлекетаралық тасымалын реттеп жүк вагондары мен контейнерлерді ортақ пайдаланатын болды. Ынтымақтастық пен өзара эрекеттерді көптеген проблемаларының шешуі барлық посткеңестік кеңістіктегі экономиканың "күретамырының" кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз етті, КеңестІң беделінің көрсеткішіне мысал ретінде Болгария мен Балтық елдері мамандарының белсенді қатысуын айтып өтуге болады. Бұндай міндеттерді мемлекетаралық авиациялық комитет те табысты шешеді. Оның ұсынысы бойынша Америка, Африка, Азия, Батыс Еуропаның көптеген мемлекеттерімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылып, авиациялық техника-лардың сертификация жүйесін өзара тану жэне ТМД елдерінде эрекет ететін авиациялық стандарттар мен сертификация жүйесін өндіру туралы АҚШ пен үкіметаралық келісімді бекіткеннен кейін халықаралық мэртебе алды.

ТМД-ның кейбір құжаттарының мазмұнында мынадай тікелей үндеу бар: "Достастық елдерінің экономикалық өзара әрекеттерінің келісілген стратегиясын қалыптастыруда, экономиканы трансұлттандыруда элемдік тэжірибені барынша пайдалану". ТМД Статкомитетінің мэліметі бойынша Достастық елдерінде 2 мыңдай бөлімше фирмалар және б^дан сәл аздау жекеменшік Трансұлттық компаниялар (ТҰК) жұмыс істейді. ТМД-ғы ТҰК қалыптасуының нормативтік құқықтық базасы бар және қазіргі талапқа толықтай жауап береді. Барлық мемлекеттер тарапынан өндірістік коммерциялық, несие-қаржылық сақгандыру жэне аралас трансұлттық бірлестіктерді құруға, дамытуға бірлесе жұмылу туралы Келісімге қол қойылды (15 сэуір 1994 ж.). 1994 жылы қазан айында Төлемдік одақ құру туралы Келісімге ел басшылары "Трансұлттық құрылымдарды қалыптастьь рып және дамыту үшін несие-банктік жэне валюталық-қаржылық ыңғайлы шарттар туғызуға міндеттенеді". ТМД үшін бұндай шарттарды қалыптастыру өте қажетті. Біріншіден, бұрынғы кеңестік Республикалардың өндірістік өнеркәсіп кооперациясының жоғары дәрежелілігі жэне мамандандырудың тарихи қалыптасуы, технологиялық тәуелділік жэне жинақгаушы бұйымдар-мен белсенді алмасу, мұндай тығыз тэуелді байланыстар машина құрылысы мен көлік, химия және қорғаныс салаларында да қатаң орныққан. Екіншіден, экономикалық мақсат тұрғысынан бұйымдардың кең түрін қамтыған ортақ тауар рыногын қалыптастыру. Осы жағдайлардың барлығы 1991-2005 жыл-дар аралығында ТМД мемлекеттерінің ұлттық шаруашылықтарында өзара тэуелділік, өзара толықтыру сақталғандығына дәлел болады.

Мүның бәрі "Интеррос", "Халықаралық авиамоторлар", "Электромет-прибор", "Ильюшин", "Гранит" және т.б. сияқты мемлекетаралық қаржылықөндірістік топтар Щру туралы өкіметаралық келісімдерге қол қоюда маңызды рөл атқарды. Дегенмен материалдық қиыншылықтың зардабынан және ұлттық құқықтық кеңістіктердің сәйкеспеуінен көптеген мемлекетаралық қаржылық-өндірістік топтар қалыптаса алмады. Бұл бірінші кезекте Қазақстандық кәсіпорындар (Мемлекетаралық қаржылық-өндірістік топтар "Интеррос" жэне Трансұлттық қаржылық-өндірістік топтар "Электромет-прибор") және Ресейлік-Украиндық мемлекетаралық қаржылық өндірістік топ "Халықаралық авиамоторларға" қатысты. Тұтастай алғанда ТМД бойынша ресми тізімделген мемлекетаралық және Трансұлттық қаржылық-өндірістік топтар әр түрлі меншік түріндегі 300-ге жуық шаруашылық субъектілерін біріктіреді. Әсіресе мына салалардың маңызы ерекше: автомобиль жасау, жалпы машина жасау, электронды машина жасау, химиялық өнеркәсіп, металлургия, агроөнеркәсіптік кешен. Бірақ көптеген корпорациялардың қалыптасуына ұлттық заңнамалардың әртүрлілігі, экономиканы реформалаудың әртүрлі дэрежесі, қаржылық-экономикалық өзара эрекет шарттары және т.б. кедергі келтіреді /16ен Қазақстан 1997 ж.7 қантар/.

2000 жылы 10 ай ішінде 1999 жылдың дэл осы кезеңімен салыстырғанда ІЖӨ көптеген мемлекеттерде 4-10%-ға өсті. Қазақстан мен Әзірбайжанда 1,5%-ға, Армения мен Қырғызстанда 4%-ға, Белоруссия мен Украинада 5%-ға, Тәжікстанда 8,3%-ға ал Грузияда бүрынғы көрсетІлген дәрежеден 99,8%-ды құрады. Өнеркәсіптік өндірісі орташа есеппен 9,7%-ға өсті (Қазақстан 1 орында— 15,3%). Шындығында бұл және басқа да көрсеткіштердің жоғарғы дәрежесІ теңестірудің төменгі базасымен шартты түрде алынған. ТМД елдерінің өзара сауда-саттығының жалпы көлемі 2000 жылы 9 ай ішінде 43 млрд. долларға жетті. Бұл 1999 жылғы көрсеткіштерден 39% жоғары. Оның ішінде экспортта 41%, импортта 38% асып жығылды. Көпшілік жағдайда бүл өнеркәсіптік өнім өндірушілердің бағасының қалыпсыз өсуінен болып отыр. Белоруссияда олар тіпті 2 есе көтерілді. Өзбекстанда 57%~ға, Тэжікстан мен Қазақстанда 45-47%-ға, ал басқа елдерде (Армения мен Грузиядан басқа, бұнда өсу 0,9% немесе 6%-ға сәйкес келеді) баға 30-39%-ға көтерілді /17 №3/.

Ресми статистикаға сүйенер болсақ, 2000-2004 жылдары Орталық Азия елдері макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етті деуге болады: өндірістің құлдырауы тоқтатылды, экономиканың реалды секторындағы бірқатар жандану байқала бастады, экономикалық өрлеу мен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған қажетті жағдайлар қалыптастыру үшін ауқымды да күрдел міндеттер шешімін таба бастады.

Кесте 2000-2004 жылдардағы Орталық Азия мемлекеттерінің ІЖӨ өндірісі (АҚШ долларымен млрд.)



Мемлекеттер

2000ж.

2001ж.

2002ж.

2003ж.

2004ж.

Қазақстан

18,3

22,1

24,6

30,3

40,7

Қырғызстан

1,2

1,4

1,6

1,9

2,2

Тәжікстан

0,9

1,1

1,2

1,5

2,1

Өзбекстан

13,8

11,5

9,5

8,6

9,2

2004 жылғы берілгендер бойынша ІЖӨ - нің жан басына шаққандағы үлесі: Қазақстанда 2714 АҚШ долл. құраса, Түркіменстан бойынша мәлімет жоқ, Қырғызстанда - 433 долл., Өзбекстан мен Тәжікстанда - 357 және 309 АКДІ долл. Келеді /17 №4/.

2004 жылы Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы көлемі 33 млрд долларға жақындады. Позитивті сальдо 7 млрд доллардан жоғарылап, 1994 жылмен салыстырғанда 3 есе өсті. Тәуелсіздіктің алғашкы жылдарында негізінен ТМД көлемінен аспаған сыртқы сауда-экономикалық байланыстың жағрафиясы да кеңейе бастады. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымының қүрылымында Еуропалық одақ мүше елдері, Ресей, Швейцария және Қытай шықты. Қазақстан Республикасы іс жүзінде әлемдік экономиканың бөлігі болып қалыптасты, сондықтан да жаһандық бәсекенің толқынына ілесуге тура келді.

2005 жылы жаңа қаржылық институтқа сүйенген Қазақстандық бизнес-тің инвестициялық бағдарламасы 30 млн. долларды құрады. "ТұранӘлем" Арменияға Әзірбайжаннан бұрын келді. Әзірбайжан 2005 жылы күзде ғана өз өкілдіктерін ашқан еді. "БТА Инвест Банкасының" активтері 2,5 млн. доллар құраса, "ТұранӘлемБанкінің" активтері 5,5 млрд. доллар құрап, Армения банкі жүйесінің барлық активтерінен 7 есе асып түсті. Ал бұл елдің ІЖӨ 1,5 есе артық көрсеткіш иеленеді (3,7 млрд. доллар) /18,68/.

Әлемдік банктің 'Т)оіп£ Визіпезз іп 2006" атты бизнес жүргізудің ыңғайлығы туралы баяндамасында зерттелген 155 елдің ішінде Қазақстан 86 орынды иеленді. Алдына ТМД елдерінің ішінен Арменияны (46 орын), Ресейді (79), Молдавияны (83) жэне Қырғызстанды (84) жіберді. Дүниежүзілік экономикалық форумның әлемдік бәсекеге қабілеттілік туралы соңғы есебі бойынша 2005 жылы ҚР есепке кірген 177 елдің ішінен 61-ші орынды иеленіп, ТМД-ғы көршілерін басып озды. 2005 жылы республикадағы ІЖӨ-нің өсуі 7,9% құрады, он жыл ішінде орташа есеппен жан басына шаққанда ІЖӨ 700 доллардан 2700 долларға дейін өсті. 2008 жылы ол екі еселеніп, 2015 жылдары үш еселенуі де мүмкін деген болжам бар. Әлеуметтік саладағы статистикалық мэліметтерге жүгінсек, Әлемдік банк Республикамызды орта дәрежелі табысы бар мемлекеттер қатарына жатқызады. Мұндағы басты көрсеткіш реформа кезендеріндегі халықтың табыс мөлшерінің едэуір өсуі. Ең төмен жалақы 25 есе, орта жалақы 6 есе өсті. Көптеген мемлекеттерде нақтылы жалақы қыркүйек айларында да бірте-бірте өсе бастады, валютаның ресми курсына қарағанда ол 101 долларға сәйкес келді. Ал Ресейде 86, Белоруссияда 65, Украинада 46, Әзірбайжанда 45 және Арменияда 41 доллармен сэйкесті. Ең төменгі орташа жалақы Тэжікстанда болды, шамамен 9 доллар (Қар. қосымша 15) /3-15б/.

2005 жылдың 22-23 қарашасында Мэскеуде "Мэскеу Бизнес-диалогы" II халықаралық форумы болып өтті. Онда атап көрсетілгендей, ҚР-да жұмыс жасап жатқан экономикалық субъектілерде толықтай салықтың салмағы РФ-ға қарағанда шамамен 2 есе төмен. Қазақстандағы ІЖӨ-нің мемлекеттік табысының дербес салмағы 20% болса, Ресейде 38%.

ҚР-ғы тікелей шетелдік инвестициялар шамамен ІЖӨ-нің 8%-ын құраса, ал Ресейде ІЖӨ-нің 1%-ын қүрады. ІЖӨ өсуінің орташа жылдық екпіні Қазақстанда соңғы 7 жылда 10,6%-ды, осы кезенде Ресейде 6,6%-ды қүрады. Комулятивтік өсу нәтижесінде ІЖӨ 83%-ға жетті. Ал салыстыра қарасақ РФ-да 53%-ды көрсетті. Осындай экономикалық өсу жалғасатын болса 2006 жылы 8 жыл ішінде ІЖӨ 2 еселенуге дейін жетеді. 7 жыл ішінде Ресейде мұнай өндіру 55%-ға өссе, Қазақстанда 2,3 есе өсті. Екі елдің өңдеуші өндірістік салаларында өсу екпіні бүдан да таңғаларлық жайды көрсетеді. Машина жасау өндірісі көлемінің кумулятивті өсуі 7 жыл ішінде Ресейде 75%, ал ҚР-да 600%. Сонымен тұтастай алғанда бүкіл экономикалық бэсекеге қабілеттілігін қолдау саясатын жүргізу тек экономиканың жоғары екпінмен өсуіне ғана қол жеткізбейді, сонымен қатар экономикалық шикізат саласының да, өндірістік өңдеу салаларыныңда тепе-тең қалыпты дамуына мүмкіндік береді.

ҚР мен РФ-ның макроэкономикасындағы көрсеткіштер арасалмағының принципті маңызы бар. Жан басына шаққанда ІЖӨ Қазақстанда Ресейге қарағақда 52%-ды құраса, 2005 жылы айырмашылық 77%-ға дейін өсті.

Сонымен Қазақстан мен Ресейдің жан басына шаққандағы көрсеткіштерінің айырмашылықтарын жоюдың жарты жолы артта қалды. Қазақстанда жан басына шаққанда табыс көрсеткіштері Ресейге қарағанда әлдеқайда жоғары аудандар пайда болды. 2005 жылы Астана түрғындарының жан басына шаққандағы орташа нақты табысы сатып алу қабілеті жағынан Мәскеу тұрғындарының жан басына шаққандағы орташа табысынан асып кетті. Дегенмен, бұл жерде екі астананың тұрғын халқының сан жағынан едәуір айырмашылығы мен ондағы жоғарғы ақы төленетін жұмысшылардың дербес салмағын ескерген де дұрыс шығар (Астанада 0,5 млн., Мәскеуде шамамен 12 млн). Бұл - ұзақ мерзімді жауапты экономикалық саясат жүргізу нэтижесі /3-18/.

Дей тұрғанмен қарастырылып отырған кезеңде ТМД-да нарықтық негіздегі нақты экономикалық интеграция үшін қажетті объективті шарт қалыптаспады. ТМД мүшелері экономикалық және қоғамдық қатынастарды реформалау, басқарудың демократиялық негіздерін қалыптастыру жэне дамыту үдерісі жағдайында жүйелі элеуметтік-экономикалық қиындықтар-дан әр түрлі дәрежеде шығуда. Мүндай жағдайда жекелеген мемлекеттер басшыларының "саяси ерік күшіне" ғана сүйеніп экономика саласындағы интеграциялық үдерістерді тездету оңай іс болмады. Бұл күрделі үдерістің объеістивті жағдайын, алғышарттарын жэне зандылықтарын толық түсінбей түрып әрекет ету интеграциялық тенденциялар мен үдерістерде қателіктерге үрынуды жоққа шығармайды.

Ал Қазақстан үшін Ресей - басты сыртқы саяси әріптес. Екі ел арасындағы тауар айналымы тек 1993 жылы 47%-ға өсіп, 7 млрд. құраса, 2005 жылы 9 млрд. доллардан асып кетті. ҚР А тауар айналымы РФ-на тиесілі. Кооперациялық Қазақстан-Ресейлік байланыстар эр салада беки түсуде. Олар: табиғи шикізаттарды өндіру жэне алғашқы өндеуге бағытталған салалар, қосымша қүны жоғары дэрежедегі өнімдерді өндіру, оның ішінде жоғары технологиялық салалар. Ресей ҚР-ның Каспий теңізі флоты үшін Выборг кеме құрылысы зауытында танкерлер жасауда. Мұның өзі Ресей мен Ираннан мұнай таситын кемелерін жалға алудан құтылуға мүмкіндік береді. Түркия мен Пэкістан тауарларымен нәтижелі бәсекелесу үшін Оңтүстік Қазақстан облысында өндірістік кэсіпорны ЖШС "Қазақ-орыс тоқыма альянсы" салынуда.

Ақырында РФ мен ҚР ең жоғары технология саласында ынтымақтасып жұмыс істей бастады. Байқоңырда "Ангара" экологиялық қауіпсіз ракетасы базасында жаңа ғарыштық ракеталық кешен салу үшін ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Шекаралық ынтымақтастық бағдарламасы бойынша 1999 жылдың қыркүйек айында елдердің шекаралас аймақтарының жэне олардың шаруашылық субъектілерінің арасында эр түрлі мәселелер бойынша 116 келісім - шарт, контракт бекітілді. Экологиялық ынтымақтастықты одан эрі дамыту жөніндегі қүжаттар 2005 жылы қаңтарда Алматыда екі ел президенттері тарапынан талқыланып, позитивті тенденцияларды бекітіп, екі жақты экономикалық байланысты нығайтып, іс-жүзінде қарқынды дамытуға үлес қосуға шақырды /3,23б/ .

Ғасырлар тоғысындағы ТМД-ның басты тэжірибелері көп жақты ынтымақтастықты дамыту қатысушы-мемлекеттердің тәуелсіздігін нығайту үдерісіне қарама-қайшылық туғызбайтындығын көрсетті. Мазмұнды көп жақты ынтымақтастықты екі жақты ынтымақтастық форматына сүйенбей жүзеге асырудың мүмкін еместігі анық болды. Сонымен қатар көп жақты ынтымақтастықты іс жүзінде жүзеге асыру үшін ыңғайлы механизмдерді ойлап табу қажеттігі айқындалды. Осыған байланысты 2004 жылдың күзінде Қазақстан Президенті ТМД органдарын түбегейлі реформалау үсынысын білдірді. Бірақ оның бүл ұсынысы басқа мемлекет басшылары тарапынан қолдау таба қоймады. Дегенмен де ТМД жүмысындағы бұрынғы тиімсіз әдістерді өзгерту қажеттілігі анық болды және бүл бағыттағы ынтымақтастықтың жаңа түрлерін іздестіру жалғасын табатын болады.

Соңғы уақыттарда анық болғандай, ең алдымен КСРО құлауының қиын салдарын азайту үшін қүрылған ТМД интеграцияның бастапқы кезеңінде-ақ принципиалды жаңа негіздегі интегратор рөлін атқара алмады. принципті жаңа негізде басқару қиындық туғызды. Сондықтан ТМД мүше елдерінің кейбір саясаткерлері мен азаматтарында қалыптасқан ТМД туралы жоғары үміттері шын мәнінде жүзеге аспайтын, идеалистік армандар еді. Дегенмен де ТМД-ның экономикалық өзара әрекеттері тарихы сабақтарының позитивті жақтарын жоққа шығаруға болмайды, ол оны алға қарай дамытудың жаңа, бұрынғыдан әлдеқайда прагматикалық және тиімді жолдарын анықтауға көмектеседі.

ТМД кеңістігіндегі экономикалық қүрылымдарды құрудың ең мүмкін бағыттары - экономикалық ынтымақтастықтың екі жақты сипатының, сонымен қатар бірлестік шеңберіндегі жекелеген мемлекеттердің "әртүрлі дәрежелі", "әртүрлі жылдамдықтағы" интеграция әдісінің басымдылығы. ТМД ішінде бүдан кейінгі уақыттарда да жекелеген мемлекеттер арасында тығыз интеграциялық байланыстар емір сүретін болады. Осы мэселеде бүлар Достастықтың ортақ мақсат, міндеттерімен, әсіресе экономикалық жэне гуманитарлық салада, қылмыс пен есірткі бизнесімен күресте, қоршаған ортаны қорғауда қарама-қайшылыққа келмеуі керек. Қазіргі таңда мемлекеттердің өте алшақ саяси және экономикалық мүдделеріне қарамастан болашақ мемлекетаралық қарым-қатынастардың бағыт-бағдары жасақталып жатыр. ҚР мен ТМД елдерінің экономикалық кеңістігіндегі шын мәніндегі интеграция - байланыстардың жаңа құрылымы және қатысушылар қүрамының анықталуы, өз елдерІ ішінде жэне мемлекеттер арасында өзара тиімді нарықтық қатынастарды дамыту негізінде жүзеге асырылады.




    1. Тәуелсіз қазақстан еуразиялық экономикалық қауымдастығында және оның болашағы
      Пайдаланылған әдебиет тізімі

      Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
      2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
      2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
      2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
      2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
      2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
      2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
      2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
      2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


      Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу