«Тәуелсіз тарихыма 25 жыл»



Дата07.05.2017
өлшемі494,23 Kb.
#15800
Кенащы орта мектебінде 05.12-15.12. күндері аралығында Тарих және География пәнінен «Тәуелсіз тарихыма 25 жыл» тақырыбында өткізілетін іс-шаралар жоспары



Өтілетін іс-шара

Қатысатын сыныптар

Уақыты

1

Ашылуы. «Тарихты жазуда мемлекеттік мүдде мен тарихы шындық ескерілуі қажет»

5-10

05.12.2016ж

2

Тәуелсіз Қазақстан

Тарихи ойын сабақ



5-10

06.12.2016ж

3

Үздік құқықтанушы

Ойын сабақ



9-10

07.12.2016ж

4

Тапқыр достар

Интелектуалды ойын



5-10

08.12.2016ж

5

Ашық сабақ. Жаратылыстану.

5

09.12.2016ж

6

Ашық сабақ.Дүниежүзі тарихы.


5-10

10.12.2016ж

7

Ашық сабақ.Қазақстан тарихы.

7

12.12.2016ж

8

Н.Ә.Назарбаев еңбектері.

Кітап көрмесі



5-10

13.12.2016ж

9

Дінтану.Дөңгелек үстел.

Діни экстремизм деген не?



8-10

14.12.2016ж

10

Жабылуы.Марапаттау.

5-10

15.12.2016ж


Кенащы орта мектебі



5-15 желтоқсан аралығында Кенащы орта мектебінде өткен «Тәуелсіз тарихыма-25 жыл» атты тарих және география апталығының есебі

2016-2017 оқу жыл

5-15 желтоқсан аралығында Кенащы орта мектебінде өткен «Тәуелсіз тарихыма-25 жыл» атты тарих және география апталығының есебі

Гуманитарлық және жаратылыстану әдіс бірлестігінің жоспары бойынша Кенащы орта мектебінде тарих және география апталығы 5-15 желтоқсан аралығында өтті.Оған барлық сынып оқушылары мен сынып жетекшілері алдын ала құлағдар болып,іс-шараның өтуіне өз үлестерін қосты.

05.12.2016жылы апталықтың алғашқы күні «Тарихты жазуда мемлекеттік мүдде мен тарихы шындық ескерілуі қажет» атты баяндама оқылып,оқушылардың тек шығармашылық қана емес,сонымен қатар рухани деңгейде де өсулері назардан тыс қалған жоқ.

06.12.2016жылы 5-10 сыныптар аралығында «Тәуелсіз Қазақстан» атты сайыс ұйымдастырылды.Оқушылар «Астана» және «Алматы» болып екі топқа бөліне отырып сайысты.Сайыс 9 кезеінен тұрды.Алғашқы 3 кезең ауызша сұрақтардан тұрды.Одан кейінгі кезеңдерде интерактивті тақтамен ойындар жалғасын тапты.Сайыс қорытындысы бойынша І орынды «Астана» тобы топ басшысы-Жақсылық Ақгүл,ІІ орында «Алматы» тобы топ басшысы-Кешуова Тоғжан марапатталды.

07.12.2016ж «Үздік құқықтанушы» тақырыбында құқық пәнінен сыныптан тыс іс-шара ойын түрінде өткізілді.Ойын 6 кезеңнен тұрды.Алғашқы 2 кезеңде ауызша сұрақтар қою арқылы іріктеу жасалынып қатысқан 6оқушының үшеуі қалып,ойында жалғастырды.Қалған кезеңдерден аз бал жинаған оқушылар шығып отырып сайыста бір оқушы ғана үздік құқықтанушы аталды,Ол 9-сынып оқушысы Кешуова Тоғжан «Үздік құқықтанушы» аталып,марапатталды.

08.12.2016ж «Тапқыр достар» интелектуалдық ойыны өткізілді.Оған 5-10 сынып оқушылары қатысты.Сайыс ҮІІ кезеңнен тұрды.Жарыс жеңімпаздары төмендегідей:

«Тапқыштар» топ басшысы Кешуова Ұлжан І орын, «Ойшылдар» топ басшысы-Айкен Елдана ІІ орын, «Алғырлар» топ басшысы-Жақсылық Ақгүл ІІІ орынды иемденді.

09.12.2016ж «Гидросфера және оның компоненттері» тақырыбында жаратылыстану пәнінен 5-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткіздім. Сабақтың мақсатына жете алдым.Сынып өздерінің ұйымшыл,топ бойына жұмыс атқара алатындықтарын көрсетті.

10.12.2016ж 9-сынып оқушыларымен «Түркия» тақырыбында дүниежүзі тарихынан ашық сабақ өткіздім.Сабақтың мақсатына жете алдым.Сынып өздерінің ұйымшыл,топ бойына жұмыс атқара алатындықтарын көрсетті.

12.12.2016ж 7-сынып оқушыларымен Қазақстан тарихы пәнінен «ІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті» тарауын қорытындылау. Сабақтың мақсатына жете алдым.Сынып өздерінің ұйымшыл,топ бойына жұмыс атқара алатындықтарын көрсетті.

13.12.2016жҚазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері Кітап көрмесі ұйымдастырылды.Мектеп кітапханашысы Нағима Саматайқызымен бірлесе отырып алдын ала көрме дайындалып,5-10 сынып оқушыларына президентіміздің кітаптары таныстырылды.

14.12.2016жДінтану пәнінен дөңгелек үстел ұйымдастылып,»Діни экстремизм деген не?» тақырыбында пікірталас жүргізілді.Оған 9-10 сынып оқушылары қатыссып,өз ойларын ортаға сала отырып қорытынды жасады.



Апталық қорытындыланып,барлық белсене қатысқан оқушылар мен сыныптар марапатталдыАпталық енді қанатталып келе жатса да белсенділіктерін танытып,ерекше көзге түскен 7-9 сынып оқушыларына алғыс жарияланды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет