Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі



бет2/7
Дата12.05.2023
өлшемі72,46 Kb.
#176582
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11 лекц

2 бет

  • 1990-1991жж. Жоғарғы Кеңес “Мемлекеттік билік пен басқаруды жетілдіру туралы” және “Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР халық депутаттарының жергілікті Кеңестері” туралы заңдар қабылдады. Бұл заңдар республиканың билік органдары мен басқару жүйесіндегі елеулі өзгерістердің бастамасы болды. Республика үкіметі өзінің сыртқы саясатын дербес жүргізуге мүмкіндік беретін аса маңызды экономикалық бірқатар заңдарды қабылдады: “Қазақ КСР-гі меншік туралы”, “Қазақ КСР сыртқы экономикалық қызметінің негізгі принциптері” туралы, “Қазақ КСР-гі еркін экономикалық аймақтар” туралы, “Қазақ КСР-гі шетелдік инвестициялар туралы” және т.б. Осының бәрі сауда-саттықтың өсуіне әсерін тигізіп, ол 1990ж. 1,5 есе артты. Коммерциялық, инновациялық және т.б. банктердің құрылуы іскерлік қызметті жақсарта түсті. 1990ж. қарашада Сауд Арабиясымен бірлесіп, бірінші рет шетелдіктердің қатысуымен “Аль-Барака Банк Қазақстан” құрылды. 1990ж. “Экономиканы тұрақтандыру және нарықтық қатынастарға көшудің бағдарламасы” қабылданды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруді екі кезеңде өткізу жоспарланды. “Шағын жекешелендіру” деп аталатын бірінші кезең (1991-1993) мемлекеттік тұрғын үйді купон механизмі арқылы жеке меншікке беруді және әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық обьектілерді жекешелендіруді қамтыды. “Үлкен жекешелендіру” деп аталатын екінші кезең (1993-1995) қалған мемлекеттік меншікті азаматтардың жеке меншігіне беруді жүзеге асырды.
  • 1991 ж. 25 тамызда Қазақстан Президентінің “Қазақ КСР аумағындағы КОКП мүліктері туралы” Жарлығы шықты. 1991ж. 29 тамызда Қазақ КСР Президенті Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды. 28 тамызда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы болып, онда Н.Назарбаев ҚКП ОК-ің Бірінші хатшысы міндетін өзінен алып тастады.

3 бет

1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет