Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі



бет4/7
Дата12.05.2023
өлшемі72,46 Kb.
#176582
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11 лекц
Химиялық тіл, Адам анатомиясы тәжіриб.сабақ, 679, 43 билет

4-бет

  • 1993ж. 28 қаңтарда республиканың Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясын қабылдады, ол құқықтық мемлекеттік құрудың іргетасы болып, оның мемлекеттігінің кепілдігінің қалыптасуын, тәуелсіздікті, экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз етуді қамтиды. 1990ж. сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің өкілеттігі 1995ж. аяқталу керек еді. Бірақ, 1993ж. аяғында республикадағы саяси өмір күрт өзгеріске ұшырады. 1993ж. қарашада Алатау аудандық кеңесінің халық депутаттары өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдады. Аудандық кеңестің депутаттары Жоғарғы және жергілікті Кеңестерді өзін-өзі таратуға шақырды. 10 желтоқсанда Президент Жарлығымен Қазақстан республикасының жергілікті өкілетті және атқару (әкімшілік) органдары туралы Заңды күшіне енгізді. Мәслихаттарды жергілікті халық бес жылға сайлайтын болды, ал облыс әкімшілігі басшыларын (әкімдерді) Президент тағайындады.
  • 1993ж. 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Кодексі қабылданды, оған сәйкес парламентке сайлаудың жаңа жүйесі 117 депутат құрамында ұсынылды. Олар бес жыл мерзімге сайланды. 1994ж. 19 сәуірден бастап республикада заңды сайланған Жоғарғы Кеңестің болмауы және жаңа парламент сайлағанға дейін “Қазақстан Республикасы Президенті мен жергілікті әкімшілік басшыларына қосымша өкілеттілікті уақытша беру туралы” Заң негізінде Президентке Заңдылық күші бар шешімдер қабылдауға және өзге де өкілеттіктер берілді. Республика Президенті экономиканы, әлеуметтік мәселелерді реттейтін бірқатар жарлықтарға қол қойды. 1995ж. 30 тамызда және Конституция жобасы туралы республикалық референдум болды. 1995ж. 6 қыркүйекте Президент сарайында жаңа Конституцияны ресми түрде жариялау салтанаты өткізілді. Оның ресми мәтіні Орталық мемлекеттік мұражайға сақтауға берілді. 30 тамыз мемлекеттік мейрам – Конституция күні болып жарияланды.
  • Ата заңда жаңа мемлекеттіліктің негізі қаланып, қоғамдық дамуды бағыттауға және реттеуге қабілетті тұтас мемлекеттік билік қалыптастырылды. Конституция бойынша ҚР демократиялық, унитарлық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет. Басқару нысаны бойынша Қазақстан мемлекеті президенттік республика болып анықталды. Қазақстанның негізгі демократиялық қағидалары-адам құндылығы, адам құқығы мен бостандықтары, идеологиялық және саяси әр алуандылық (плюрализм) заң алдындағы теңдікке негізделді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет