Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі


бет Мемлекеттің сыртқы саясаттағы басты міндеті экономикалық басымдық пен ұлттық қауіпсіздікті айқындау, яғни өзінің ұлттық мүдделерін, сыртқы саясат стратегиясын, қорғаныс пен әскери



бет6/7
Дата12.05.2023
өлшемі72,46 Kb.
#176582
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11 лекц
Химиялық тіл, Адам анатомиясы тәжіриб.сабақ, 679, 43 билет

7 бет

  • Мемлекеттің сыртқы саясаттағы басты міндеті экономикалық басымдық пен ұлттық қауіпсіздікті
  • айқындау, яғни өзінің ұлттық мүдделерін, сыртқы саясат стратегиясын, қорғаныс пен әскери

    докторинаны қамту. Қазақстанның геосаяси жағынан орналасуы Еуропамен, бұрынғы КСРО-ның Орта

    Азиялық бөлігін, Азия – Тынық мұхит аймағын және Азия материгінің оңтүстігін байланыстырады.

  • 1992ж. бастап, Қазақстан бірқатар сыртқы елдермен дипломатиялық байланыстар жасады. 1992ж.
  • қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында Н.Назарбаев тәуелсіз мемлекеттің басшысы ретінде

    тұңғыш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінен сөз сөйлеп, “1+1” формула түрінде өз ұсынысын

    білдірді. Қазақстан Президенті бейбітшілікті сақтау, оны қолдау және нығайту үшін мемлекеттер

    өздерінің әскери қаржыларын жыл сайын бір пайызға қысқартып, сол қаржыны дүние жүзілік

    бейбітшілікті қолдау үшін БҰҰ қорын қалыптастыруға аударуды ұсынды. Н.Назарбаев “әлемдік теңсіздік

    формуласын” тиімділікпен шешуге қолдан келгеннің бәрін жасауды ұсынды

  • 1991ж. желтоқсан айында Қазақстан Ресей, Украина және Белорусь басшылығымен бірге ядролық қаруға қатысты бірлескен шаралар туралы Келісімге қол қойды. Осыған байланысты 1995ж. мамырда соңғы ядролық қару Қазақстан аумағынан әкетілді. Содан бері Қазақстан ядролық қарусыз ел болып табылады.
  • Қазақстанның егемендік алғаннан кейін сыртқы саясатындағы маңызды міндеттердің бірі ТМД елдерімен қарым-қатынасты жақсы жолға қою еді. 1992ж. 15 мамырда Ташкентте алты мемлекеттің – Арменияның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Ресей Федерациясының, Тәжікстанның, Өзбекстанның өкілдері ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қойды. Бұл шарттың негізгі ережелерінің бірі, егер кез-келген қатысушы мемлекеттердің біріне агрессия жасалса, ол барлық қатысушы мемлекеттерге агрессия жасалған болып есептеледі. Олар бір-біріне қажетті жәрдем береді, оның ішінде әскери көмек те бар. 1994ж. 14-16 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары болды. Онда төмендегідей құжаттарға қол қойылды: Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы демократиялық бірлестік туралы Хартия, Қорғаныс және әскери қатынастар саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандум, Қорғаныс конвергиясы жөніндегі бірлескен комитетті құру принциптері туралы Мәлімдеме, Қазақстан үкіметі мен АҚШ үкіметі арасындағы ғылым мен техника саласындағы ынтымықтастық, Ядролық қауіпсіздік саласындағы техникалық ақпараттар алмасу және ынтымақтастық туралы Келісім, Қазақстан мен АҚШ-тың Эксимбанкі арасындағы жобаларды қолдау туралы хаттама, Қазақстан Республикасы мен Шетелдік жеке инвестициялар Корпорациясымен (ОЛИК) және экономикалық даму жөніндегі Американ-Қазақстан кеңестерімен арадағы ынтымақтастық принциптері, Жердің жасанды серігі “Инмарсат-3” ұшырылуына байланысты Қазақстан, Ресей және АҚШ арасындағы Келісім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет