Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі



бет1/7
Дата12.05.2023
өлшемі72,46 Kb.
#176582
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11 лекц

Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі

  • Мемлекеттік егемендік туралы декларация. 1990 жылы қазанда қоғамдағы жағдай әбден шиеленісті. Халық депутаттары арасынан парламент жұмысын жандандыруға баламалы қозғаушы күш болу мақсатында “демократиялық Қазақстан” депутаттық тобы құрылды. Марат Оспанов бастаған оған: Б. Е. Ертісбаев, Ю. Сытых, П. Своик және облыс орталықтарындағы жұм. Комитеттерінің өкілдері мүше болды. 1991 жылы олардың саны 54 депут. жетті. Олар “Азат”, “Единство”қозғалыстарымен және басқа да ресми, ресми емес топтармен байланыс орнатты. “Демократиялық Қазақстан” депутаттық тобы мүшелері ұсынған “Егемендік туралы декларацияның” баламалы жобасы баспасөз беттерінде ерекше дүмпу туғызды. Жоба авторлары 1990 жылдары барлық одақтас республикаларда қабылданған ұлттық мемлеткеттілігін “Дем. Қаз” жетекшілері полиэтникалық қоғамда ұлттық мемлекеттілік тұжырымын жүзеге асыру жағымсыз салдарға әкеледі деп санады. Ұлттық республиканың орнына азаматтық қоғам құрылуы тиіс деген ұстанымда болды. Қазақ зиялылары “егемендік алдымен тілге берілсін” деген ұсыныс тастады.
  • Жоғарғы Кеңес “Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны” 1990 жылы 25 қазан күні 18 сағ. 55 минутта қабылдады. Декларацияда қазақстан аумағының біртұтастығы мен оған жат көз қарас, қарсы әрекеттер болмайтындығы бекітілді. Аса маңызды мәселе –республиканың өз бюджетін қалыптастыратындығы айқындалды. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация – еліміз Конституциясының тұңғыш заң актісі. Бұл құжатта Қазақстан “халықаралық қатынастардың дербес субьектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар” егемен мемлекет деп жарияланды. Декларация алғаш рет табиғи ресурстардың, экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетінің Қазақстан меншігінде болуының ерекше құқығын баянды етті. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігін жариялау-Қазақстан үшін өз дамуының жолын дербес анықтау мүмкіндігін ашқан тұңғыш акті болды.
  • 1990ж. 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес Президент лауазымын бекітіп, ол өзінің шешімімен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Н.Назарбаевты республиканың бірінші Президенті етіп сайлады. Одақтас республикалар КСРО-ны егеменді елдердің одағы етіп қайта құруға дайындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет