Тәуелсіздікті жақындатқан тұлғалар Азаттықтың ақ таңы атқалы он бес жылда облысымызда орнатылған ескерткіштер елдік еңсемізді биіктетіп тұр



бет3/4
Дата04.11.2016
өлшемі297,91 Kb.
#333
1   2   3   4

Қарасай Алтынайұлы (1598-1671) – ел ұраны болған, «Қазақтың Қарасай батыры» аталған ерекше тұлға. 1652 жылы жоңғарлармен болған шайқаста Жәңгір ханның өлімімен аяқталған қазақ жасақтарының жеңілісінен кейін, ел басына қиын-қыстау күн туғанда, ел бірлігін, халық намысын қорғауды Қарасай Алытнайұлы өз қолына алды. жауға қарсы жасақ құрып, жоңғар әскерлерін Шу бойынан бастап қуып Іле өзенінен, одан әрі Жоңғар қақпасынан асыра өткізіп тастайды. Суықтөбе басына жеңіс туын тігеді.

1998 жылы Қордай ауданында Қарасай батырдың туғанына 400 жыл толуы кең көлемде аталып өтті. Батырдың ұрпақтары мекендейтін Қарасай батыр ауылында ескерткіш орнатылды.



Бәйдібек Қарашаұлы (шамамен 6-7 ғ., кейбір деректерде 10-11, 14-15 ғ. өмір сүрген) қазақтың елі мен жерінің тұтастығын қалыптстыру жолындағы аты аңызға айналған тарихи тұлға. Ұлы жүздің Үйсін, Суан, Дулат ру-тайпаларының түп атасы. Жетісуды, Арыс өзенінің алабын, Ташкент пен Қаратау өлкелерін жайлаған елді басқарған. 2002 жылы Тараз қаласындағы Достық алаңында елін, жерін қорғап, оның тұтастығы мен бостандығы үшін күрескен батыр, әрі би, бүкіл алаш жұрты қастерлейтін ұлы бабамыз Бәйдібекке еңселі ескерткіш ашылды.



Өтеген Өтеғұлұлы (1699-1773) – XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. 1723 жылы Тауасар, Райымбек, Ханкелді батырлармен тізе қосып жоңғарлармен айқасады. 1740 жылы Іле бойында қалмаққа қарсы жасақ жинаған Төле би әскеріне қосылып, елін жаудан азат етуге атсалысады. Аңырақай даласындағы алапат шайқаста қалмақтың бас батыры Бохтишарды жекпе-жекте өлтіруі шайқастың жеңіспен аяқталуына жеткізген.

1999 жылы Қордай ауданының Өтеген ауылында батырдың 300 жылдық мерейтойы өткізіліп, аудан орталығында еңселі ескерткіш орнатылды.





Ноғайбай би Дәулетбақұлы (1834-1910) – он тоғызыншы ғасырдағы қазақ халқының қайраткер ұлдарының бірі – Жетісу өңірінің белгілі шешен биі. Ресей патшасы армиясының шенін алған. Ол өмір сүрген кезең Қоқан хандығының қазақ, қырғыз жерінің бір бөлігін билеп-төстеп тұрған кезімен тұс келді. Абылайлық саясатты қолданып қоқандықтармен де, орыстармен де тіл табыса білген оның Шәбден манаппен де терең түсіністігі Кенесары ханның өлімінен кейін ушығып тұрған қырғыз-қазақ қарым-қатынасын қалпына келтіруге септігін тигізді.

2005 жылы маусым айында Қордай ауданының орталығында оған еңселі ескерткіш ашылды.



Кенен Әзірбайұлы (1884-1976) – жыр алыбы Жамбыл бастаған ауыз әдебиеті сүлейлерінің соңы. Халық поэзиясы көгінде ең жарық, ең жарқын жұлдыздардың қатарында орын алатын аса көрнекті өнер иесі, бір бойына ақындық, сазгерлік және әншілік қасиеттері қатар дарыған, елімізге еңбек сіңірген қайраткер.



Кененнің соңында 17 дастан, 150-дей ән, 10-нан астам айтыс, халық қазынасынан жинаған том-том қолжазбалар қалды. Ол сонымен қатар күші де еді. Қазақ КСР-нің Халық ақыны Кенен Әзірбаевтың ескерткіші Қордай ауданының Кенен ауылында 2002 жылы орнатылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет