Тәуелсіздікті жақындатқан тұлғалар Азаттықтың ақ таңы атқалы он бес жылда облысымызда орнатылған ескерткіштер елдік еңсемізді биіктетіп тұр



бет4/4
Дата04.11.2016
өлшемі297,91 Kb.
#333
1   2   3   4

Жауғаш Қырбасұлы (1733-1782) – Абылай ханның әскери қолбасшысы, елші. Абылай хан оның ерлігін жоғары бағалап, «Жаралы жолбарыс» деп атаған. 1754-1756 жылдары Абылай ханның арнайы әскери қолын басқарды. Қытаймен арадағы қатынасты реттеуге қатысқан елші де болған. Биыл Меркі аудаының орталығында Жауғаш батырдың ескерткіші тұрғызылды.

Сыпатай Әлібекұлы (1781/82 – 1867/68) – XIX-ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген қазақ батыры. Жастайынан қоқандықтардың елге көрсеткен зорлық-зомбылығын көріп өскен Сыпатай Қоқан хандығынан елін азат етуді өз өмірінің басты мұраты етеді. 2002 жылы Сыпатай батырға Меркі ауданының іргесінен үлкен ескерткіш тұрғызылды.





Биназар Ақеділұлы (1802-1860) – Қоқан хандығына қарсы күресте Сыпатай батырдың сенімді серігінің бірі болған батыр. Кейін Шу өзеніне тоған салып, ауылын егіншілікпен айналысуға баулыған. Биназар Ақеділұлының ескерткіші есімі берілген ауылда 2004 жылы Тәуелсіздік күні мерекесінде ашылды.

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (1966-1988) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы. Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Қайрат еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылғы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық қаһарманы» атағы берілді. Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіші 1992 жылы Моынқұм ауданының Бірлік ауылында орнатылды.


Тұрар Рысқұлов (1894-1938) – мемлекет қайраткері. 1918 жылы сәуірде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланып, өз күш-жігерін ашаршылыққа ұшыраған халықты төніп тұрған ажал тырнағынан арашалап қалуға, орыстар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, кеңестерге жергілікті халық өкілдерін көптеп тартуға жұмсады. 1926 жылы Ресей Федерациясы Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары болып бекітілді. Бұл қызметіне қоса Түрксіб темір жолын салу жөніндегі үкімет комиссиясының орнына 3 жылда пайдалануға берілуін ұйымдастырды. 1937 жылы сталиндік жазықсыз жазалау құрбаны болды. 2002 жылы Тұрар Рысқұлов ауданының Құлан ауылында оның ескерткіші тұрғызылды.



Шоқай Қарабекұлы Қаратау өңірінде, Саудакентте XIX-ғасырда өмір сүрген белгілі тарихи тұлға. Шоқай Қоқан ханы сарайының лауазымды қызметі – датқа атағын алғанмен, Құдияр ханға және оның шылауындағы зорлықшыл топқа емес, өзінің халқына қалтқысыз адал қызмет етті. 2001 жылы Сарысу ауданының Саудакент ауылында ескерткіші орнатылды.



Ұлбике Жанкелдіқызы (1825-1849) – қазақтың ғажап айтыскер ақыны, жезтаңдай әнші, дәулескер күйші. Ұлбике ақынның шығармаларын В. Радлов Петербургте бастырып, кейін орыс және неміс тілдеріне аударып жариялаған.

Ұлбике ақын ескерткіші туғанына 180 жыл толуына орай, 2005 жылы Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында тұрғызылды.



Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1912-1993) – Қазақстанды ширек ғасыр бойы басқарған қазақ халқының көрнекті мемлекет қайраткері. Үш мәрте Еңбек Ері, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1952), техника ғылымдарының докторы. Ірі ұйымдастырушы және көрнекті мемлекет басшысы ретінде танылды. Талас ауданының Ақкөл ауылында 2002 жылы туғанына 90 жыл толуына орай Д. Қонаевқа ескерткіш қойылды.


Төле би Әлібекұлы (1663-1756) – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлес қосқан атақты би, мемлекет қайраткері. Ол Қазыбек және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қырдың қатал заңын бір жүйеге келтіріп, оны жаңа жағдайдағы тіршілікке сәйкес бай мазмұн мен түр беріп қайта түзді. «Жеті жарғы» атанған түзілген құжатта ертеден келе жатқан дала демократиясы ескеріліп, жаңаша көзқараста жер мен жесір дауы, құн мәселесі, т.б. әділ шешімін тапты. Төле би бабамыздың ескерткіші 1993 жылы Шу ауданының Төле би ауылында орнатылды.
Ақ жол.- 2006.- 16 желтоқсан. – 5б.
Каталог: referats
referats -> ӘӨЖ 894. 342. 35 Ә 20 жамбыл әлем түркілері поэзиясының алыбы меңдібай Әбілұлы А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ
referats -> Саттар Ерубаев (1914-1973) Қысқаша өмірбаяны
referats -> ӘӨЖ 951/959 ортағасырлық ТҮркі ғалымдары мен жазушылары ф. М. Махашова №36 қазақ орта мектебі, Тараз қ
referats -> Еуропалық орта ғасыр әдебиеті
referats -> Торайғыров Сұлтанмахмұт
referats -> Ілияс есенберлин
referats -> Сүйінбай Аронұлы
referats -> Сүйіктісі халықтың
referats -> С‰йіктісі халыќтыњ
referats -> Өмірбаяны мен күрескерлік ќызметі с. Д. ¤мірзаќов Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз ќ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет