Тыңдаушының өзіндік жұмысы Хайтметов Шерхзад Бахадирович Оқытудағы құзыреттілік тәсіл



бет6/6
Дата25.06.2020
өлшемі36,76 Kb.
#74504
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Хайтметов Шерзад Бахадирович 5.тапсырма
спешите
V. Синтез (жинақтау, жүйелеу).

Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері жаңа мазмұнмен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.

Жеке бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу. Жалқыдан жалпыға бағыттау

VІ. Бағалау.

Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Мұнда тұжырымдар нақты талаптар (критерийлер) тұрғысынан болуы керек. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелелеріне қол жеткізуді меңзейді.

Материалдың өзі үшін керектігін, құндылығын, керектісін анықтату, пайымдауға бағыт беру. Идеялар алмасу, мен пікір айтуды ұйымдастыру. Өзіне керектісін таңдату.

3. Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті- білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Яғни, қазіргі білім беру концепциясының басты мақсаты: өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, шынайы өмірге белсене араласатын, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, ой-өрісі кең, білім деңгейі жоғары, сауатты, танымдық әрекетке қызығушылығы мол оқушы тәрбиелеу.

Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.

Критериалды бағалау- бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу- танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын- ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс.

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: мектепте оқыту сапасын жоғарлату және мектеп  оқушылардың білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Критериалды бағалаудың міндеттері:

-Сабақтың әр  бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

-Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

-Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

-Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

-Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының  әділдігіне көзін жеткізуге;

-Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

-Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге

Критериалды бағалаудың  басты ерекшелігі:

-Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы;

-Анық, айқындылығы;

-Бағаның әділдігі;

-Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.

Критериалды бағалау жүйесі бағалаудың екі түрін қамтиды: оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтайтын бағалау формативті (қалыптастырушы) немесе оқыту үшін бағалау (ОүБ) деп аталады, ал екінші түрі егер бағалау мақсаты жіктеу, сертификациялау немесе оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау суммативті (жиынтық) болып табылады және кейде оны оқытуды бағалау деп те атайды.



Қалыптастырушы бағалаудың пайда болуына шолу жасап өтсек: «Білім беру бағдарламасын тұрақты жетілдіруде өзіндік орны бар» бағамдау үдерісін сипаттау үшін «қалыптастырушы» деген терминді алғашқы болып Майкл Скривен қолданған (Скривен, 1967, 41-б.) деген факті кең тараған. Сондай-ақ, ол бағамдау «мектеп басшыларына бірыңғай білім беру бағдарламасын әзірлеп, бағамдау үдерісін өзінің бастапқы рөлінде қолдану арқылы оны қайта қарай отырып, мектеп жүйесі жұмсайтын шығындарды ақтау мақсатындабасқа баламалармен салыстырғанда айтарлықтай артықшылығы бар ма екенітуралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді» (41-42-б.) деп атап өтті. Осы ретте «бұл рөлдегі бағамдауды жіктеу үшін «қалыптастырушы» және «жиынтық» терминдерін» ұсынған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет