Tiff (Tagged Image File Format). Бұл формат жоғары сапалы растрлық кескіндерді сақтауға арналған (файлдардың расширениесі. Tif). Бұл формат өте кең таралған. Ол ibm pc және Aрple Macintosh платформаларының екеуінде де қолданыла береді
TIFF (Tagged Image File Format). Бұл формат жоғары сапалы растрлық кескіндерді сақтауға арналған (файлдардың расширениесі - .TIF). Бұл формат өте кең таралған. Ол IBM PC және Aрple Macintosh платформаларының екеуінде де қолданыла береді. Кӛптеген графикалық, дизайнерлік бағдарламаларда қолданыс тапқан. Түс диапазоны ӛте кең – монохромды қара-ақ түстен бастап CMYK 32-разрядты түсті бӛлу моделіне дейін.
PSD (PhotoShop Document). Adobe Photoshop бағдарламасының меншікті форматы (файлдардың расширениесі .PSD). Графикалық деректерді сақтау жағынан мүмкіндіктері ӛте кӛп, кең тараған формат. Әртүрлі түстік модельдер, түс бӛлу, түсті 48-разрядтық кодтау қамтамасыз етіледі.
JPEG (Joint Photographic Experts Group). Бұл формат та растрлық кескіндерді сақтауға арналған (файл атының расширениесі .JPG). Файлды қысу дәрежесі мен кескіннің сапасы арасындағы қатынасты ӛзгерту мен басқаруды қамтамасыз етеді. Мұнда қолданылатын қысу әдістері «артық» ақпаратты жоюға негізделген. Сондықтан бұл форматты кӛбіне электрондық кескіндер үшін ұсынады.
GIF (Graphics Interchange Format). Түстің белгілі бір тұрақты саны бар (256) қысылған кескіндерді сақтауға арналған (файл атының расширениесі .GIF). Үлкен файлдарды қысуға мүмкіндік беретін бұл формат Интернетте кең қолданыс тапты. Түстер санының шектеулігіне байланысты бұл формат тек электрондық жарияларымдарда қолдануда.
PNG (Portable Network Graphics). Бұл формат басқалармен салыстырғанда жаңалау (1995ж) және кескіндерді сақтауға және оларды Интернетте жариялауға арналған (файл атының расширениесі .PNG). Үш түрлі кескіндер сақталады:
- 8 бит тереңдігі бар түрлі-түсті;
- 24 бит тереңдігі бар түрлі-түсті;
- сұр түсінің 256 реңдік градациясы бар қара-ақ түсті.
PDF (Portable Dokument Format). Құжаттарды сақтау форматы. Adobe фирмасы жасаған (файл атының расширениесі .PDF). Бұл формат құжаттарды түгелімен сақтауға арналғанымен, оның мүмкіндіктері ӛте кӛп. Кескіндер жоғары сапалы болады және оларды экранда да, баспада да шығаруға болады. Кескіндер мүмкіндігін басқаруға мүмкіндік беретін қуатты қысу алгоритмі кескіндердің жоғары сапасын жоғалтпай файлдарды қысуды қамтамасыз етеді.
BMP (Bit Map image) форматы. BMP (Bit Map image) форматы растрларды Windows ОЖ-де сақтау үшін қолданылады. Ол растрлық суреттерді салатын Windows қосымшаларында қолданылатын формат болып табылады.
РСХ форматы. PCX (PC PaintBrush File Format, файл атының кеңейтілуі. PCX) форматын PC PaintBrush программасы үшін Z – Soft фирмасы жасаған. РСХ файлдарын компьютерлердің барлық графикалық қосымшалары аша және импорттай алады.
Мәзір қатары Ашылатын мәзірі бар аймақ
Қасиеттерт панелі Белсенді аспапқа немесе объектке қатысты командалары бар ауыспалы панель. Мысалы, мәтін енгізу сайманыбелсенді болғанда, қасиеттер панелінде мәтін құру жәнеөңдеу қасиеттер панелі көрінеді.
Саймандар тақтасы Жылдам шақырылатын пернелері және басқа командалары бар ауыспалы панель
Тақырып жолы Сол кезде ашулы тұрған суреттің аты көрінетін аймақ.
СызғыштарСуреттегі объекттердің жағдайы және өлшемін анықтау үшін қолданылатын тік және көлденең шекаралар
Саймандар тақтасы Суреттегі объект құру, өзгерту және толтыруға арналған аспаптары бар жылжымалы панель
Сурет салу терезесі Сурет салу аймағының сыртындағы қосымшаны басқару элементтері мен айналдыру жолағымен шектелген аймақ
Сурет салу беті Сурет салу аймағындағы тіктөртбұрышты аймақ. Жұмыс аймағының бұл бөлігін баспаға беруге болады
Түс палитрасы Түстердің үлгісі бекітілген панель
Баптау терезесі Белгілі бір аспапқа немесе есепке қатысты жұмыс атқаруға болатын командалар мен параметрлердың тобы бар терезе
Қалып-күй қатары Қосымшадағы объектінің қасиеті, мысалы, типі, түсі, өлшемі, бояу аймағы бар терезенің төменгі жақ бөлігіндегі аймақ. Қалып-күй қатарында тышқанның ағымдағы орны көрсетіледі.
Құжаттар новигаторы Беттер арасында ауысуды және бетті қосуды көрсететін басқару элементтері бар қосымша терезесінің төменгі жақ бөлігі
Навигатор Төменгі сол бұрыштағы оны басқанда кіші терезе ашылатын, оның көмегімен сурет бойынша қозғалыс жасайтын батырма
Графика – дәстүрлі берілімде көркем бейнелерді салу немесе басып шығару сияқты дәстүрлі әдістермен алынған шынайы немесе елестетілген объектіні визуальды беру нәтижесі.
Компьютерлік графика – шығару құрылғысында бейнелеуге арналған кез-келген мәліметтерді қамтитын графика.
Интерактивті компьютерлік графика – бұл компьютерлік жүйенің графика жасап, сонымен бір уақытта қолданушымен диалог жүргізуі болып табылады.
Графиктік формат – бұл графиктік бейнені сипаттайтын мәліметтерді жазу тәсілі.
Графиктік файлдар – бұл ары қарай визуальдауға арналған графиктік мәліметтердің кез-келген типтері сақталатын файлдар.
Растрлық мәліметтер – бөлек пикселдердің түстерін анықтайтын сандық мәндер термесі.
Пиксельдер – дұрыс торда орналасқан, бейне құрайтын түстік нүктелер.
Физикалық пикселдер – шығару құрылғысында көрсетілген шын нүкелер, яғни аппараттық және программалық жолмен қорытуға болатын, бейнелеу бетінің ең кіші физикалық элементтері.
Логикалық пиксельдер – бұл математикалық координаттар, олар орын алулары бар, бірақ физикалық кеңістік алмайды.
Фрактал – бұл жекелеген элементтері ата-аналық құрылымдардың қасиеттерін мұраға алатын объект
Фрактальдық кодтау – бұл математикалық процесс, ол шынайы бейнелері бар растрларды бейненің фрактальды қасиеттерін сипаттайтын математикалық мәліметтер жиынтығына кодтау үшін қолданылады.
Бейне растрларын декодтау - бұл фракталдық кодтар интерпретацияланып растрлық бейнеге айналатын қарапайым процесс.
RGB – аддитивті түстік модель, 3 түске қызыл, жасыл және көгілдір негізделген.
Дисплейлік буфер – ЭСТ-де бейнені шығаруға қажетті барлық ақпаратты қамтитын жадының үзіліссіз аумағы
Контент: Ақпараттық толтыру – мәтіндер, графика, мультимедиа жән басқа ақпараттық мәнді толтыру.
Көпміндеттілік– Многозадачность – бір мезгілде бірнеше бағдарламаны орындау мүмкіндігіне саятын операциялық жүйенің қасиеті.
Көркемдеу схемасы – Схема оформления – Windows 95/98 операциялық жүйесі және оның қосымшаларының объектілері үшін біртұтас көркемдеуге мүмкіндік беретін, түстерді, қаріптерді, дыбыстық және басқа шешімдерді баптау параметрлері бар файл. Windows 95/98 жүйесіндегі Жұмыс үстелінің тақырыптары әдетте өзіне бірнеше көркемдеу схемаларын қамтиды.
Көрсеткіш бағдарлама – Индексирующая программа (Index program) – автоматтық іздестіруге қолайлы формада веб-сайт үшін сақталған ақпаратты құрылымдайтын және ұйымдастыратын, іздестіру жүйесінің пайдаланушыдан жасырын бөлігі.
Көрінерлік ету – Визуализация – мәліметтерді кескіндер түрінде көрсету процесі.
Көшірмелеу – Копирование – объектіні көбейту операциясы. Орын ауыстырумен салыстырыңыз.
Крекер (Cracker)– хахердің өзге атауы.
Куки (Cookie) – сіздің веб-сайтқа алдыңғы сапарыңыз туралы ақпараты бар шағын мәтіндік файл.
Resolution - бiр дюймдағы пиқсельдердiң (нүқте) саны (ppi/dpi).