Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы


-тарау. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі



бет9/9
Дата08.02.2022
өлшемі47,41 Kb.
#117432
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
тиісті үлгі

2-тарау. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі


Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.06.2021 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. ОБК білім беру бағдарламалары колледждерде және жоғары колледждерде іске асырылады.
7. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Қағидаларда және ОБК ұйымдардың жарғыларында белгіленген шектерде оқу және тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-әдістемелік, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады.
8. Оқу және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы жүзеге асыратын оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу болып табылады.
9. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің графигі мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.
Оқу-тәрбие процесінің графигі мен оқу сабақтарының кестесін ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
Білім беру ұйымдарында оқу және тәрбие жұмысын есепке алу теориялық және өндірістік оқытуды есепке алудың қағаз журналдарын және оқу бағдарламаларының оқу сағаттарында орындалуын есепке алу табельдерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
10. Жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 117-бабына сәйкес әзірленген кәсіптік стандарттар (болған жағдайда) негізінде (бұдан әрі – кәсіптік стандарт), "Білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген ОБК-ның мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде (бір мамандық шеңберінде ұқсас біліктілік бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарлары болмаған жағдайда), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 553 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16013 болып тіркелген) бекітілген үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11690 болып тіркелген) бекітілген техникалық және кәсіптік білім мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламалары негізінде ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар әзірлейді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2020 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

11. Жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қолжетімділік жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқу нысанында жүзеге асырылады.


12. ОБК ұйымдарға оқуға қабылдау тәртібі "Білім туралы" Заңның 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.
13. Білім алушыларды ауыстыру тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген) Білім алушыларды беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
14. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 506 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10475 болып тіркелген) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2020 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

15. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.


16. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, оқу жылы оқу процесінің графигіне сәйкес басталады және аяқталады.
Толық оқу жылы ішінде білім алушылар үшін кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде қысқы кезеңде 2 аптадан кем емес демалыстар белгіленеді.
ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақ кестесі оқу процесінің графигіне және оқу жоспарларына сәйкес жасалaды.
Аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін 5 минуттық үзіліспен ұзақтығы 45 минут академиялық сағат белгіленеді, 10 минуттық үзiлiспен қосарланған сабақтарға рұқсат етіледі.
17. Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
18. Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқу сабақтары сабақтар, дәрістер, семинарлар, практикалық сабақтар, зертханалық, бақылау және өзіндік жұмыстар, консультациялар, әңгімелесулер, факультативтік сабақтар, курстық және дипломдық жобалар, жұмыстар және оқу сабақтарының басқа да нысандары түрінде өткізіледі.
19. Білім алушылар, кәмелетке толмаған білім алушылардың заңды өкілдері, педагогтер ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім беру процесінің қатысушылар болып табылады.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2020 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

20. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында бiлiм алушыларға студенттер, курсанттар, тыңдаушылар жатады.


21. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагогтерге тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адамдар, сондай-ақ "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен адамдар жатады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2020 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

22. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы педагогтер саны және педагогтер лауазымдарының тізбесі "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 11) тармақшасына және 44-бабының 9-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалады.


Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2020 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

23. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог лауазымдарына орналастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.


Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2020 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

24. Мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай оқу-тәрбие процесін басқару үшін ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, қажет болған жағдайда одан тыс жерлерде мамандықтар (кәсіптер) топтары бойынша бөлімшелер және басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады.


Бөлімшелер (күндізгі, сырттай, кешкі) бір немесе бірнеше ұқсас мамандықтар мен кәсіптер бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады.
25. Бөлімшеге басшылық етуді ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын меңгеруші жүзеге асырады.
Бөлімше меңгерушісі:
1) бөлімшедегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және оған тікелей басшылық етуді;
2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын;
3) білім алушылардың үлгерімін есепке алуды ұйымдастыруды;
4) білім алушылардың тәртібін бақылауды;
5) курстық және дипломдық жобалау кезеңінде білім алушылардың жұмысын бақылауды;
6) стипендиялық комиссияның (күндізгі нысан) жұмысына қатысуды;
7) бөлімше бойынша жұмысты есепке алуды және есеп беруді қамтамасыз етеді.
26. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы бөлімшелер (күндізгі, сырттай, кешкі) бір немесе бірнеше мамандық бойынша кадрлар даярлау кезінде құрылады.
27. Кәсіптік практиканы өткізу үшін ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары шарттық негізде (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің білім беру ұйымдарынан басқа) практикалар базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындайды, олармен келісілген оқу жұмыс бағдарламаларын және кәсіптік практикадан өтудің күнтізбелік кестелерін бекітеді.
28. Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу шаруашылықтары, оқу полигондары – мамандықтар бойынша кадрлар даярлау бейініне қарай мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың оқу жұмыс бағдарламаларының мазмұнын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын кәсіптік білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері.
Оқу-өндірістік шеберханалар:
1) теориялық оқытуды өндірістік еңбекпен үйлестіруді;
2) білім алушылардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кәсіптік дағдылар алуын;
3) өнім шығаруды ұйымдастыруды, шеберханалар үшін құрал-саймандар мен құралдарды, кабинеттер мен зертханалар үшін көрнекі құралдар мен аспаптар жасауды, сондай-ақ жабдықтарды, машиналар мен тетіктерді жөндеуді;
4) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа ақылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін оқу және өндірістік база болып табылады.
Оқу шаруашылықтарында өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы технологиялары бойынша (оқу шаруашылығының алқаптары мен фермаларында) зертханалық-практикалық сабақтар мен ауылшаруашылық жұмыстарының әр алуан түрлері жүргізіледі.
Оқу полигондарында автомобильдерді, тракторларды, өздігінен жүретін әртүрлі машиналарды жүргізу; әртүрлі жабдықтар мен тетіктерге қызмет көрсету және пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі.
29. Оқу шеберханаларындағы, оқу шаруашылықтарындағы оқу-өндірістік жұмыстардың тізбесін, мазмұны және оларды орындау бойынша талаптарды олар үшін кадрлар даярлау жүзеге асырылатын жұмыс берушілермен келісім бойынша, тікелей орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы айқындайды.
30. Кәсіптік практика мен өндірістік оқыту оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, полигондарда, білім беру ұйымдарының оқу шаруашылықтарында, сондай-ақ тікелей өндірісте және тиісті бейіндегі ұйымдарда жүзеге асырылады.
31. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес дара басшылық және алқалылық қағидаттарында жүзеге асырылады.
32. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі "Білім туралы" Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
33. ОБК бiлiм беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымының басшысы "Білім туралы" Заңның 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
34. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогі "Міндетті медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10634 болып тіркелген) сәйкес жыл сайын медициналық тексеруден өтеді.
Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2020 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

35. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымын алқалық басқару нысандары педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық және педагогикалық этика жөніндегі кеңестер болып табылады.


Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2020 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

36. Ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды өз құзыреттеріне сәйкес білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді.


ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.
Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткен ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары аккредиттеу мерзіміне, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге аккредиттелген білім беру бағдарламалары (мамандықтар) бойынша мемлекеттік аттестаттау рәсімінен босатылады.
ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын жаңадан құрылған білім беру ұйымдарында бірінші мемлекеттік аттестаттау мамандардың алғашқы бітірген жылынан кешіктірілмей өткізіледі.
37. Кітапханалар қорының болуы толық оқу кезеңіне білім алушылар контингентіне қарай және оқыту тілдері бойынша үлгілік оқу жоспарларына, ОБК білім беру бағдарламаларына сәйкес баспа және (немесе) электрондық басылымдар форматында қалыптасады.
Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2020 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

38. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары автоматтандырылған ақпарат алмасуды және білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен деректердің өзектілігін қамтамасыз етеді.


ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді қамтамасыз етеді.
39. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары сапалы білім беру қызметтерін ұсыну мақсатында "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес басшы кадрлар мен педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 39-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2020 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

40. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бар мамандықтар бойынша білім алушыларды үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.


Ескерту. 40-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2020 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

41. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында тиісті жағдайлар жасау үшін материалдық активтердің (оқу кабинеттері, компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен жарақтандырылу, оқу зертханалары, өндірістік шеберханалар, полигондар, спорт залдары, медициналық пункттер, асханалар немесе буфеттер), ғимараттардың (оқу корпустары, өндірістік шеберханалар): меншік не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес алаңы бар оқу үй-жайларын сенімгерлік басқару), сондай-ақ ОБК ұйымының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы қажет.


Ескерту. 41-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2020 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

42. ОБК білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың жатақханаларда, хостелдерде және қонақ үйлерде тұруы үшін жағдай жасайды.


Ескерту. 42-тармақпен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2020 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 595 бұйрығына
5-қосымша

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары


Ескерту. Орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Білім және ғылым министрінің 09.06.2021 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Білім және

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет