«Тіл және әдебиет» білім саласы Әдебиеттік оқу



бет12/93
Дата20.11.2023
өлшемі0,83 Mb.
#192380
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   93
Байланысты:
f60a3fc44a6907

№4 мазмұндама
Аққу

Көктемде Жайық өңірінде аққулар қос-қостан ұшып келеді. Көл жағасындағы көк шалғынға киіз тіккенбіз. Сыртта тұрып, сыбызғының үніндей сұңқылдаған аққулар дыбысын тыңдадым.


Тобымен орман ішіне қонды.
Таңертең ерте оянып, тысқа шықтым. Шығыс жақ қызыл шапақ шашып тұр. Сүрлеумен өзенге қарай жүгірдім. Кешкісін қармақ құрып кеткенбіз. Келсем аққу жүр екен.
Қармақ аяғына кіріп кетіпті.
Жалма-жан көйлегімді шешіп тастап, аққудың қасына жүзіп жеттім. Аққу су сабалап сыңсыды. Аузын ашып айбат шекті.
Аяғынан ұстадым да қармақтан босаттым. Рахмет айтқандай, бір саңқ етті де арғы беттегі тобына қосылды.
Б.Тұралиев


Тірек сөздер мен сөз тіркестері: Жайық өңіріне, көк шалғынға, сыңсыды, айбат шекті, саңқ етті.


Жоспар:
1. Жайық өңіріне аққулардың ұшып келуі.
2. Қармаққа ілінген аққу
3. Аққуды бұғаудан босату.


Критерий

Дескриптор

Баға

«5»

«4»

«3»

«2»

Мәтін мазмұнын түсінуі

Мәтін мазмұны жүйелі әрі дұрыс жеткізілген



Мәтін мазмұны дұрыс, барынша
толық берілген



Мәтін
мазмұнынан ауытқушылықтар жіберілген,
тақырыптан алшақтаған, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер бар.

Мәтін мазмұнынан көп
алшақ, қателері көп



Дұрыс баяндалуы мен сөз қолданысы

Тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс



Мәтін мазмұны ашылған ,бірақ ойды баяндау бірізділігі шамалы ауытқыған

Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателер бар



Ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң

Грамматикалық сауаттылығы

Сөздік қолданыста
1 -2 түзету жіберілген;

Аздаған
(1 -2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ
1 -2 емле қате, 1 -2 түзету бар

Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 3- 6 қате және 1 -2 түзету бар



Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп
қате және 3-5 түзету

5 мазмұндама




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет