«Тіл және әдебиет» білім саласы Әдебиеттік оқу



бет53/101
Дата06.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#195288
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   101
Байланысты:
Диктант,мазмұндама,шығарма,бақылау жұмыстары (4)

Диктант №4
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау
Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялықережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары.
Күй атасы
Күй атасы –Құрманғазы кедей шаруаның баласы. Ол жасынан ән-күйге әуес болған. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алған еді. Құрманғазы орындаушылық шеберлігін шыңдап отырды. Есейе келе Құрманғазының атақты күйші ретінде есімі бүкіл қазақ даласына тарайды.
Құрманғазының өмірі әділетсіздікке қарсы күреспен өтеді. Сан рет түрмеде отырды. Құрманғазы алғашқы күйін Исатай мен Махамбеттің қазақ хандарына қарсы көтерілісіне арнайды. Ол азаматшыл оймен күрестен бір сәт бас тартпай өнер күші – домбырасын қару етті.
(67 сөз)
Грамматикалық тапсырмалар:



Тапсырмалар

Дескрипторлар

Балл

1.Күрделі сөздердің астын сыз.

-күрделі сөздердің қалай жасалатынын біледі;

1

2.Екінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.

- сөйлем мүшелеріне талдай отырып, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді ажырата алады;

1

3.Осы сөйлемдегі сөйлем мүшелерінің байланысын тап.Сызып көрсет.

-сөйлемдегі сөздердің байланысын біледі;

1



Диктант № 5
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау
Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялықережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары.


Аққу.
Мен шыққан төбе онша биік емес. Осы төбенің етегінен әрмен қарай қалың құрақ өсіпті. Одан әрі етіктің ұлтаны тәріздес шалқар көл жатыр. Әлі күн көзі түсе қоймаған көл беті қарауытып көрінеді. Ортасында бір топ үйрек жүзіп барады.Көл суы мөлдіреп жатыр. Бір кезде оң жағымнан әсем әуез естілгендей болды. Шырқау аспанда ән салып келе жатқан екі аққу екен. Қуанғанымнан айқайлай жаздадым. Аққуларды бұрын жақын жерден көрген емес едім.
(68 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет