Тілдер күніне арналған интеллектуалдық ойын Мақсаты



Дата27.05.2018
өлшемі63,42 Kb.
#40973
Тілдер күніне арналған интеллектуалдық ойын

Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.

Жүргізуші 1: Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен достар!

Ведущий 2: Добрый день, дорогие учителя и друзья!

Жүргізуші 1: 22 қырқүйек күні елімізде тілдер мерекесі аталып өтеді. 1998 жылы 20 қаңтарда елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Республика халықтарының ұлттық байлығы—Тілді қорғау мақсатымен 22 қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялаған еді.

Ведущий 2: Ежегодно, 22 сентября вся наша страна отмечает этот день как День языков народов Казахстана. Наш Президент Нурсултан Назарбаев поставил перед нами задачу: говорить на 3-х языках: казахском, русском и английском, не забывая при этом и своего родного. Это прекрасно, ведь знание языков —это наше богатство!

Жүргізуші 1: Тіл – халықтын жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – анна тілі мен ата дәстүрі. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Осында тұратын барлық ұлттардың құқтары бір.

Ведущий 2: В глубинах народного языка отражается вся история духовной жизни народа. В сокровищницу родного языка одно поколение за другим складывает весь след своей духовной жизни.

Енді «Ойлы болсаң, озып көр» сайысын бастайық. Бұлойын 4 кезеңнентұрады.



Сайыстыңжоспары:

І бөлім:Таныстыру

ІІ бөлім:Тіл-өнер.

ІІІ бөлім: Қызықты ұйқастар.

ІV бөлім: Сөз тапқанға ...

V бөлім: Өлең-сөздің патшасы.

Кіріспес өз.

Тіл - адамзат баласына тәнға жайып құбылыс. Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл –халық тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.



Жүргізуші 1: Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!-демекші, әділқазыларды таныстырып өтейік

1.__________________________________________

2. _________________________________________

3._________________________________________

Жүргізуші 1: Ал,қанеки, келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер.

Біліміңізді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер.-дей келе қатысушыларға сәт сапар тілеймін.



Жүргізуші 1: «Білім деген-биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген - ақылшың

Қиындықтан өткізер»,-деп сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз.



І сайыс. Таныстыру.

Әр топ өз топтарының атын және ұраныны ойлап табу.



І топ : Білгірлер

Ұраны: «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады».



ІІ топ : Тапқырлар

Ұраны: «Пайда ойлама ар ойла, Талап қыл артық білуге».



ІІ бөлім. «Тіл-өнер»

І топ:

1.Ең тәтті де тіл,...(ең ащы да тіл).

2.Оқу-білім бұлағы, ...(білім-өмір шырағы).

3.Жүз сом ақшаң болғанша, ...(жүз досың болсын).

4.Білім таппай мақтан ба, ...(өнер таппай баптан ба).

5.Тіл-қылыштан ...(да өткір).

6.Отан ...(оттан да ыстық).

ІІ топ:

1.Шебердің қолы-ортақ, ...(шешеннің тілі- ортақ).

2.Отансыз адам-...(ормансыз бұлбұл).

3.Ер жігіт елі үшін туады, ...( елі үшін өледі).

4.Мектеп-кеме, ...(білім-теңіз).

5.Жақсы жолдас-жанға серік, ...(жаман жолдас-малға серік).

6.Өнер алды- ...(қызыл тіл).

ІІІ бөлім: Қызықты ұйқастар.

Әр топтың мүшесі жылдамдық пен сөздердің ұйқасын тауып айтады.

Ітоп:

1.Жизнь-өмір, уголь-….(көмір).



2.Число-сан, кровь- ...(қан).

3.Молоко-сут, жди-… (күт).

4.Человек –адам, шаг- ...(қадам).

5.Таможня-кеден, пол-...(еден).

ІІ топ:

1.Возьми- ал, мед-…(бал).



2.Рыба-балық, народ-…(халық).

3.Дверь-есік, колыбель-…(бесік).

4.Город-қала, ребенок- …(бала).

5.Игра-ойын, шея-…(мойын).



ІV бөлім: Сөз тапқанға ...

Әр топ бір әріптен алып сол әріпке байланысты мәтін құрастырады. Әріптер: Б,Ж, К



V бөлім: Өлең – сөздің патшасы ...

Әр топтың жетекшілері шығып белгілі бір тақырыпта қазақша және орысша өлеңдер оқиды. Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс. Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.



Родной язык

Валерий Яковлевич Брюсов

Мой верный друг! Мой враг коварный!


Мой царь! Мой раб! Родной язык!
Мои стихи – как дым алтарный!
Как вызов яростный – мой крик!

Ты дал мечте безумной крылья,


Мечту ты путами обвил.
Меня спасал в часы бессилья
И сокрушал избытком сил.

Как часто в тайне звуков странных


И в потаённом смысле слов
Я обретал напев нежданных,
Овладевавших мной стихов!

Но часто, радостью измучен


Иль тихой упоён тоской,
Я тщетно ждал, чтоб был созвучен
С душой дрожащей - отзвук твой!

Ты ждёшь, подобен великану.


Я пред тобой склонен лицом.
И всё ж бороться не устану
Я, как Израиль с божеством!

Нет грани моему упорству.


Ты - в вечности, я - в кратких днях,
Но всё ж, как магу, мне покорствуй,
Иль обрати безумца в прах!

Твои богатства, по наследству,


Я, дерзкий, требую себе.
Призыв бросаю,- ты ответствуй,
Иду, - ты будь готов к борьбе!
«Тіл»
Авторы: Сәкен Иманасов

Мін тағып ес білгелі "достың" көбі,


Барымды басқаша етіп кескіндеді.
Бермесем өзім жайлы өзім айтып,
Білсем деп жүрген де жоқ ешкім мені.

Жатпай ма ел: "түсі игіден түңілме", - деп


Бір жанмын білім де көп, мінім де көп,
Кетер ем баяғыда бақытты боп,
Келеді жібермей-ақ тілім бөгеп.

Туғалы тура сөзден іркілмеген


Дерт болып жабысқалы бұл тіл деген.
Жамандап мені біреу оңған емес,
Ешкімнен болған емес күлкім де кем.

Болған да жеріміз жоқ елден ығыр,


Өтуде ертелі-кеш төрде ғұмыр,
Қызыл тіл ақиқаттың ақ жолынан
Ауытқып,ала қашып көрмеді бір.

Бәрі де еркінде ғой бір алланың,


Мен оны басқа жаққа бұра алмадым.
Сұм десе, сұмырай десе иек қышып,
Тұрады көре сала ұрандағым.

Түгі жоқ демеңіздер қызығарлық,


Жарасып жақсы жердің қызын алдық.
Ермедім ырқына да майда тілдің,
Көрмедім "ой, кәпірдің" ізін аңдып.

Сөзіме құлақ түріп жүрген бала,


Сен неге жалт қарадың күлмең қаға.
Ол рас, сорымды да, бағымды да
Тапсам мен - тауыпжүрмінтілденғана!

Қорытынды.

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шыңдарына.

Бүгінігі сайысымыз аяқталды,

Сөз кезегі әділқазы алқасына.

Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік. (Жеңімпаздарды марапаттау)



Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Осымен сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсекте,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет