- Үнді тілдері— үндіеуропа тілдер шоғырының көне үнді тармағынан тараған тілдер тобы.
Үнді тілдерінде сөйлеушілердің саны шамамен 800 млн-дай (2001). Үнді тілдері негізінен Солтүстік және Орталық Үндістанға, Пәкістанға, Бангладешке, Цейлон мен Непал елдеріне тараған. Туыстық жағынан Үнді тілдері үнді-иран тобының дард және иран тілдеріне жақын. Үнді тілдерінің ерекшелігі орта ғасырдағы үнді тілдері мен диалектілерінің, ортақ даму бағыты мен әр алуан тілдердің бір-біріне әсер етуі және бұл тілдердің тоғысуы нәтижесінде қалыптасуында.
1.Үндіевропа тілдері.Үндіевропа тілдерінің құрамына туыстас тілдердің төмендегі топтары мен жеке тілдер енеді
2.Иран тобы (фарсы,пушту,балучи,тәжік,курд,осетин,тат,талыш,ягноб,памир тілдері;)
1.Индия тобы (бенгали,маратхи,пенджаби,лахнда,синдхи
3.Славян тобы (шығыс славян:орыс,украин,белорус;оңтүстік славян:болгар,македон,сербохарбат,словен;батыс славян:чех,словак,поляк,кашуб,серболужиц;
10.Армян тобы(армян тілі)
5.Герман тобы (солт.герман:дат,швед,норвеж,исланд,феррер;батыс герман:ағылшын,голланд,неміс,идиш;шығыс герман:вестгот,остгот өлі тілдері)
Балтық тобы (литва,латыш,прус)
9.Албан тобы.(албан тілі)
6.Роман тобы (француз,провансаль,итальян,4.испан,каталан,португаль,румын,молдаван,аромун,рето-роман,латын;)
8.Грек тобы (жаңа грек ,көне грек,византи өлі тілдері)
Үнді-Еуропа тілдерін жақындастыратын негізгі белгілері басқа тілдермен салыстырып қарайтын тарихи әдіс арқылы анықталады. Мұның өзі тілдің жеке бөліктерін құрайтын әр деңгейдегі формальды элементтерінің жүйелі түрдегі сәйкестігін көрсетеді. Үнді-Еуропа тілдерінің ұқсастығы тіл шоғырының әуел баста баба тілден бастау алғанын, сондай-ақ басқа тілдердің даму барысында өзара жақындасып, типология құрылымда ортақ белгілерінің қалыптасуынан пайда болған деген жорамалға негізделген. Кейбір еңбектерде барлық тіл бір кезде біртұтас ностра тілдері шоғырына біріккен деген болжам да бар.
Достарыңызбен бөлісу: |