Типтік оқу бағдарламасы Жоғары кәсіптік білім



Дата31.01.2018
өлшемі204,81 Kb.
Типтік оқу бағдарламасы

___________________________________________________

Жоғары кәсіптік білім
«Бекітемін»

ОӘжТЖ проректоры

проф. Шортанбаев А.А.

_____________________

«___»___________2008ж

Валеология мамандықтары бойынша :

051301 «Жалпы медицина »

041104 «Тіс емдеу »

(сағат саны -50)

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі

Алматы 2008

051301 – « Жалпы медицина» № 041104 – « Тіс емдеу » мамандықтары бойынша , 2006 ж. мемлекеттік білім стандыртына сәйкес пәннің типтік оқу бағдарламасын м.ғ.к., проф. Әбішова З.С., м.ғ.к., доцент Жетписбаева Ғ.Д. құрастырды .



«15» мамыр 2008 ж. қалыпты физиология кафедрасының мәжілісінде қаралды. Хаттама №11
Қалыпты физиология кафедрасы

валеология курсының меңгерушісі , профессор Соколов А.Д.

Типтік оқу бағдарламасы 22.05.2008 ж. медико-биологиялық мамандығының пәні бойынша циклдық әдістемелік комиссиясы талқылады. Хаттама №5

ЦӘК. төрағасы, профессор Юй Р.И.

С.Ж.Асфендияров ат. КазНМУ-дың методикалық кеңесінде мақулданды. «16» 06.2008 ж.,хаттама №5

Төраға, прфессор: А.Аканов

Алғы сөз



  1. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Универиситеті әзірлеген және ұсынған




  1. Алғаш рет енгізілген

  2. Типтік оқу бағдарламасы 2006 жылғы мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес 0513001 «Жалпы медицина », 051104 «Стаматология » мамандықтары бойынша жасалды.

Бұл типтік бағдарламаны Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің рұқсатынсыз шығаруға, таратуға болмайды.




Мазмұны:

1. Түсініктеме хат 3

2. Пәннің мазмұны 5

3. Білім беру және оқыту әдісі 9

4. Білім бағалау 9

5.Құрал жабдықтар және жабдықталуы 10

6. Пән сағатын бөлу 10

7.Дәрістер, тәжірибелік сабақтар, СӨЖ-дің тақырыбтық

жоспарлары . 10-12

8.Ұсынылған әдебиеттер тізімі 12

9. Авторлары 13


Түсініктеме хат
Валеология – денсаулықты сақтау және оны нығайту туралы ғылым. Соңғы он жыл шамасында дүниежүзіндегі көптеген елдерде, сонымен бірге ТМД-ға мүше елдердегі халық денсаулығының едәуір нашарлауына және адамның өмір сүру деңгейінің қысқаруына байланысты – осының себептерін анықтайтын және салауатты өмір сүруді қалыптастыру бағытындағы адам денсаулығы жөніндегі ғылым болып қалыптасты. Бұл ғылымның негізін қалаушы профессор И.И.Брехман болып саналады(1980ж.). Адам денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің төмендеуі көптеген себептер мен факторларға, денсаулық туралы ілім жаңалықтарынан адамдардың беймағұлымдығына және немқұрайлығына да байланысты екенін аңғарамыз. Сонымен бірге аурудың алдын алудың бірінші деңгейдегі бірегей амалдар жүйесінің едәуір нашарлауы да осындай жағдайларға әкеп соқты .

Медицина ғылым болып қалыптасқаннан бері оның басты мақсаты – адам денсаулығын сақтау және нығайту, ал ауруларды емдеу –медициналық докторинаның екінші бөлімін құрастырады деген тұжырымға ден қойсақ, көне шығыс ғалымдарының денсаулық сақтауды өте дәріптегенін көреміз .

Кез келген заманның медицина саласымен айналысқан кемеңгерлері денсаулықты табиғаттың керемет сыйы ретінде бағалап, денсаулықты сақтауға көп мән берген .

Адам денсаулығы деген ұғым бір ғана шеңбер ауқымында қарастырылмауы керек, ол көптеген факторларға тәуелді, ішкі және сондай-ақ сыртқы себептермен бірге, бір адамның және тұтастай әлеуметтік, мемлекеттік тұрғыдағы денсаулығына кемел, ұтымды да, тиімді қөзқарастарды қалыптастырғанда ғана денсаулық ауқымын тұтастай қамтуға болады .

Валеологияның обьектісі – дені сау немесе ауырайын деп жүрген адам болып табылады. Бұндай адамдар денсаулық сақтау ұйымының назарынан тыс қалады. Валеология осындай адамдармен жұмыс жасай отырып, денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтын қалыптастыруда адам ағзасының қызметтік қорларын пайдаланады .

Пәннің мақсаты:

Студенттерге денсаулық сақтау және нығайтудың әдістерін мен тәсілдерін үйрету, өзінің денсаулығына және өз ортасының денсаулығына сауатты көзқарасқа тәрбиелеу.



Пән міндеті:

1. Адам денсаулғын және адам ағзасының қорларын анықтау және сандық баға беру.

2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру .

3. Студенттерге денсаулықты сақтау және нығайту әдістерін үйрету



Оқудың қорытынды нәтижелері

Студент нені білуі керек:

  • Пәннің мақсатын, міндетін және оның болашақ мамандық үшін маңыздылығын;

  • Денсаулық туралы негізгі түсінікті;

  • Денсаулыққа қауіп төндіретін факторларды;

  • Денсаулықтың жасқа байланысты ерекшеліктерін;

  • Денсаулық сақтау әдістері мен тәсілдерін;

  • Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негіздерін;

  • Ағзаны сауықтырудың әдістерін;


Нені игеруі керек:


  • Жеке адамның және ұжымдық денсаулық сақтаудың деңгейін талдау және болжауды;

  • Денсаулық сақтау және нығайту үшін қажетті валеологиялық білімді қолдануды;

  • Оқулықтар және ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуді;


Қандай дағдыларды игеруі керек:

  • Антропрометриялық көрсеткіштерді өлшеуді;

  • Артериялдық қан қысымын өлшеуді;

  • Жүрек қағысы мен тыныс алу жиілігін анықтауды;

  • Өкпенің тіршілік сиымдылығын анықтауды (ӨТС);

  • Адам денсаулығын сипаттайтын жүктемелерге сынақ жүргізуді ( Мартине сынамасы, , Штанге сынамасы, Генче сынамасы, Гавард степ-тесі, Купердің 12-минуттық сынамасы);

  • Балалалар мен іштегі нәрестелердің физикалық дамуын есептеуді;

  • Сауалнама жүргізу,тестер ;

  • Ағзаны сауықтыру және шынықтыруды;

Валеология пәнін оқығанға дейінгі және кейінгі пәндер:

Пәнге дейінгі: философия, психология, педагогика, анатомия , физиология .
Пәннен кейінгі: жалпы гигиена , терапия, гинекология , отбасылық медицина.
3.Пән мазмұны

Жалпы валеология
Кіріспе :
Валеологияның зерттеу объектісі – адам, оның өмір сүру сапасын көрсететін категория ретіндегі – жеке денсаулығы. Басқа ғылымдарға қарағанда валеология адам денсаулығын өзінше бөлек категория ретінде қарастырады, оның мәні сан және сапа жағынан да анықталуы, сондай ақ әр түрлі деңгейлерде – физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік- экономикалық болжануы мүмкін. Валеология ағзаның жеке жүйелерінің қорларын,олардың психофизиологиялық және регенеративтік тұрақты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, өзара бейімделу– компенсаторлық қызметін зерттейді.
Валеологияны зерттеудің әдістері:
- клиникалық- физиологиялық (артериялық қан қысымының антропометриялық көрсеткішін, қан ағымының минуттік және систолалық көлемін, тамыр соғысының және тыныс алу жиілігін, өкпенің тіршілік сйымдылығын, жүктемелік сынаманы өлшеу және т.б);

  • гигиеналық (адам ағзасына қоршаған ортаның жәйсіз факторлары әсерін);

  • әлеуметтік (сауалнама);

  • психофизиологиялық (тестер, сұрақтар, тұлғалық мазасыздануды бағалау және т.с.);

  • ағзаны сауықтыру және шынықтыру әдістері (қимыл белсенділігі , рефлексотерапия , аутотренинг, тыныстау гимнастикасы , тиімді тамақтану т.б.);

  • отбасын құруды жоспарлау әдістері (контрацепция).


Валеология терминін (латынша valeo-дені сау болу, logos- ілім, ғылым деген ұғымды білдіреді ) алғаш рет И.И.Брехман 1980 жылы айналымға енгізді .Валеология қазіргі кезде ғалымдық деңгейдегі ең бір шешілмеген мәселелелерге – бүкіл адамзамат үшін өмірлік маңызы бар адам денсаулығын сақтау, нығайту және қалыптастыру мәселелелеріне байланысты пайда болды.

Валеология адам денсаулығын сақтаудың әлеуметтік қажеттілігін меңзейтін ғылым ретінде бүгін ғана пайда болған жоқ. Бұл міндет адамзат алдында әр кезде тұрған. Алайда оның шешімін табу осы бүгінгі күні ғана мүмкін болып отыр, өйткені адамды терең біле бастадық, оның биологиялық, физиологиялық, психологиялық мәні диагностикаға, болжауға, ағзадағы жүйелердің жағдайын және олардың өзара қарым-қатынасын басқаруға, болжауға жоғары мүмкіншілік жасап отыр.
Негізгі ұғым
Студенттерге онтогенездің әр түрлі кезеңіндегі жыныстық деморфизмді ескере отырып, мүшелер мен жүйелердің құрылымдық-қызметтік ерекшеліктері туралы түсінік беру керек. Өмір сүрудің физиологиялық тетіктері, ағзадағы ішкі ортаны тұрақтандырытын реттеуші жүйелердің өзара қарым-қатынасы және өмірдің әртүрлі жағдайларында адамның орынды мінез құлқын қалыптастыру туралы мәліметтерден хабардар болуы қажет.

Денсаулық–экологиялық категория. Қолданбалы мәнде дені сау адам. Абсолюттік денсаулық. Денсаулық ағзаның қоршаған ортамен байланысындағы біркелкілігі іспетті. Денсаулық тұрақтылықты сақтаудың амалы, ортаның сандық және сапалық өлшемдеріндегі өзгерістерге деген икемділігі. Денсаулық адамның биологиялық, әлеуметтік және психологиялық бірлігінің көрінісі ретінде. Денсаулық анықтамасы (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, академик В.П.Казначеев және т.б. ).

Дене және психика саулығы. Жеке адамның және қоғамның денсаулығы, олардың өлшемдері. Денсаулықтың бір қалыпты болуы жеке адамның денсаулығының өлшемі іспетті. Денсаулықтың бір қалыпты болуы туралы ұғым. Физиологиялық қалып. Жеке адамның қалыптасуындағы онтогенетикалық және физиологиялық өзгерістеріндегі генотиптің, фенотиптің рөлі. Денсаулықты бағалаудағы қалып ұғымының жеткіліксіздігі .

Денсаулықтың «саны» мен «сапасы » туралы ұғым. Денсаулық қоры . Денсаулықтың саны мен сапасы – негізгі қызмет атқаратын жүйелердің «қорлық мүмкіндіктерінің » қосындысы ретінде.


Бағдарламалық материял.

Валеология –адам денсаулығы туралы ғылым
Валеология – адам денсаулығы туралы ғылым. Оның пайда болу тарихы және дамуы. Бүкіл әлемдегі, ТМД елдеріндегі және Қазақстандағы тұрғындар денсаулығының жағдайы. Валеологияны өзінше дербес ғылым ретінде бөліп шығарудың әлеуметтік-экономикалық қажеттігі. «Қазақстан-2030» – халықты сауықтырудың ұлттық стратегиялық бағдарламасы. Валеологиян пәні, оның міндеті мен мақсаты. Дәстүрлі ғылымдар жүйесіндегі валеологияның алатын рөлі. Валеологияның дамуының қазіргі кездегі негізгі бағыттары. Валеологияның негізін қалаушылар. «Денсаулық», «аурулар», «үшінші жағдайлар» «тән саулығы», «психиканың сау болу» және т.б. туралы қазіргі кезеңдегі теориялар мен тұжырымдамалар.
Денсаулықтың анықтамасы . Жеке адамның және қоғам денсаулығын болжау
Маңызды физиологиялық жүйелердің қызмет атқару қалпына баға берудегі қолданылатын негізгі әдістемелік тәсілдер. Жеке адамның және қоғам денсаулығын бағалаудағы негізгі өлшемдер. Тән саулығын сандық тұрғыдан бағалау әдістері, кардиореспираторлық жүйенің қызмет атқару қалпына баға берудің әдістері: антропометриялық (бой-салмақ арақатынасы, Брок индексі және т.б.), физиологиялық (жүктемелік сынамалар, Гавардтың степ – тесті , Купердің 12 минуттік тесті, дене еңбегіне деген қабілетті анықтау - PWC 170 , Штанге сынамасы, Генче сынамасы және басқалар ). Тест бойынша адамның психикалық саулығын бағалау.Әртүрлі жас кезеңдеріндегі физиологиялық жүйелердің жағдайы. Тән және психика саулығының «сапалық» және «сандық» экспресс анықтамасы .

Жеке адамның және қоғамның денсаулығын болжау. Денсаулықты болжаудың негізгі принциптері. Денсаулықтың демографиялық көрсеткіштері. Сауықтыру бағдарламаларының эканомикалық тйімділігін бағалау. Салауатты өмір салтының негіздемелері. Қатер факторларына жоламау, денсаулық қажеттілігінің белгісі ретінде зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстау. Өз денсаулығыңды бағалау және денсаулығыңа деген көзқарас .


Жас айырмашылығына байланысты денсаулық ерекшеліктері . Геронтология .
Жасқа орай кезеңге бөлудің негіздері. Жас кезеңдерінің физиологиялық сйпаттамасы. Жас ұрпақтың денсаулығын қорғаудағы отбасы мен қоғамның рөлі .

Геронтология және гериатрия. Кәрілік адамның физиологиялық дамуының қалыпты кезеңі. Ағзаның қартайған кездегі физиологиялық ерекшеліктері. Қартайған кездегі тамақтанудың физиологиясы мен гигиенасы. Биологиялық және күнтізбелік жас. Қартаю мен кәріліктің демографиялық, әлеуметтік, гигиеналық көрсеткіштері. Кәрілікте денсаулық сақтау. Геропротекторлар. Қартаю теориялары.




Ұрпақ өрбітер денсаулық
Ұрпақ өрбітер денсаулық ұғымының анықтамасы. Ұрпақ өрбітер денсаулықты қорғау және сақтау. Отбасын жоспарлау. Жыныстық қатынастар және денсаулық. Адамгершілік – жыныстық және рухани тәрбие. Отбасы –адам денсаулығын қалыптастырудың негізгі әлеуметтік институті ретінде. Ұрпақ өрбіту жүйесіне әсер ететін факторлар. Жыныстық қатынас арқылы таралатын аурулар .

Денсаулықты нығайтатын факторлар
Салауатты өмір салтының маңызды белгілері: ұтымды қимыл белсенділігі, теңдестірілген тағам және еңбек пен демалыстың дұрыс тәртібі, психологиялық сәттілік.

Қимыл белсенділігі гомеостатикалық реттелістің маңызды факторы. Қимыл икемделу мінезінің құралы. Психикалық, эмоциялық жағдайды реттеудегі қимыл белседілігінің рөлі. Қимыл белсенділігі жеке дамуды жеделдетуді ынталандырады.

Денсаулық үшін тағамның маңызы.Тағам қажеттілігін қалыптастырудың және оның белгілерінің негізгі заңдылықтары. Тағам мөлшерін, сапасын және уақытын реттейтін физиологиялық тетік-тегершіктер. Тағам өнімдері . Өнімдердің коллориясы . Теңдестірілген, жұғымды тағам туралы ұғым. Су – денсаулық пен өмір негізі . Дәрумендер және микроэлементтер .

Денсаулықты сақтай білудегі және нығайтудағы еңбек пен демалыстың маңызы. Демалыс туралы ұғым. Демалыс еңбектенудің түрін алмастыру ретінде. Ұйқының маңызы.

Гигиена – салауатты өмір салтының негізі. Гигиенаның мақсаттары және міндеттері. Гигиена түрлері. Тән, киім, аяқ киім, үй –жай және жұмыс орнының гигиенасы .

Биоырғақтар және денсаулық.

Психофизиологиялық денсаулық. Психика және тән саулығы.

Тұқымқуалау және денсаулық.



Қауіп-қатердің негізгі факторлары
Денсаулықтың қауіп-қатерлі факторлары туралы ұғым. Негізгі қатер факторлары (гиподинамия, артық салмақ, семіздік, артериялды гипо және гипертензия, анемия, гиперхолостеринемия, «сахарализм»). Психика және тән саулығы. Күйзеліс және денсаулық. Тұқым қуалаушылық. Зиянды әдеттердің (темекі тарту, ішімдік ішу, есірткіге бой алдыру, таксикомания, формокоманияның) ағзаға тигізетін әсері. Ең кеңінен таралған жұқпалы аурулар (тұмау, тұмау жұқпалы аурулары, туберкулез, ЖИТС, гепотит). Оларды алдын-алу амалдары мен жолдары.

Қоршаған орта және адам денсаулығы. Адам ағзасына қоршаған ортадағы физикалық және химиялық факторлардың (шу, инфродыбыс, магниттік дауылдар, діріл, электромагниттік амалдар, ауыр металдар) қолайсыз әсерлері .


Ағзаны сауықтырудың әдістері
Ағзаны сауықтырудың ең кең таралған әдістері. Дене шынықтырудың түрлері (жүгіру, жүру, спорттық ойын түрлері, ырғақты гимнастика, жүзу, туризм және т.б.). Спорт және денсаулық. Дене шынықтыру жаттығуларын мөлшерлеудің жалпы принциптері. Дене жүктемесі және жаттығуды шамалаудың қалпын өзі бақылау.

Психофизиологиялық жаттығу. Психофизиологиялық жаттығулардың денсаулық үшін маңызы. Шығыс медицинасының әдістерімен сауығу (йога, у-шу, рефлексотерапия). Өзін-өзі реттеу әдістері және релаксация (аутотренинг, медитация, вокалды және әуенді терапия және т.б. ).

Шынығу. Шынығудың жалпы принциптері. Шынығудың сауықтыру тиімділігінің тетік-тегершіктері. Шынығу түрлері .

П.К.Иванов әдісіне негізделген ағзаны кәдіулгі табиғи сауықтыру жүйесі .

Массаж денсаулықты қалыпты ұстаудың және нығайтудың тиімді амалы ретінде. Жұмысқа деген қабілетті жақсартуға арналған дененің жалпы массажы. Нүктелі массаж. Су-Джок .

Тыныс алу гимнастикасы және оның денсаулық үшін маңызы. Тыныс алу гимнастикасының кейбір таралған түрлері .

Фитопрофилактика және фитотерапия .
3.Білім беру және сабақ беру әдістері
Дәрістер – шолу.

Тәжірибелік сабақтар: Тақырып бойынша тәжірибелік жұмыстарды орындау, апараттармен, кестелермен, сауалнамалармен жұмыс жасау, тестік тапсырмаларды орындау, шағын топтарда жұмыс жасау, жұмыстың нәтижесін талдау, хаттамаларды толтыру, қорытынды бақылау.
Студенттердің өзіндік жұмысы:
Оқу және қосымша әдебиетпен жұмыс жасау, тақырыптарды өзіндік игеру, тест тақырыптарына өзіндік жауап беру, призинтацияны орындау, дайындау, тақырыптар бойынша рефераттарды қорғау, интерактивті оқыту бағдарламаларымен жұмыс жасау .
4.Білімдерін бағалау
Күнделікті бақылау: тест жүргізу, ауызша сурау, тәжірибелік жұмысты орындауын, хаттамаларды тексеру, рефераттарды қорғау .

Қорытынды бақылау : Ауызша сұрау, әңгімелесу .
5.Құрал-жабдықтар
Құралдар: қол динамометрі, тонометрлер, құрғақ спирометрлер, медициналық таразылар, компьютерлер, ноутбук, теледидарлар, DVD, ксерокс, магнитофон .

Жабдықтар: видиофильмдер, мультимедиялық дәрістік және оқу құралдары, таратылатын материялдар, бой өлшеуіш, еден таразысы, сантиметрлер, анатомиялық пинсет.

6.Пән бойынша сағаттардың бөліну үлгісі


Жалпы сағат саны

Аудиторлық сағат

СӨЖ




Дәрістер

Тәжірибелік сабақтар




50

6

27

17


7. Дәрістер, тәжірибелік сабақтар және СӨЖ

тақырыптық жоспарының үлгісі

Дәрістердің тақырыптық жоспарының үлгісі

(Академиялық сабақтың ұзақтығы -50 мин.)






Дәрістің тақырыбы




1.

Валеология – денсаулық және салауатты өмір салты (СӨС) туралы ғылым. Валеологияның негізгі түсініктері. Валеологияның қалыптасу себептері. Валеологияның ғылымдар жүйесіндегі алатын орны . Денсаулық, анықтамасы, түрлері.Денсаулыққа қатерлі негізгі факторлар.Зиянды әдеттер және оның түрлері. Зиянды әдеттерді алдын алу .

2.

Денсаулық сақтаудағы гигиеналық білімнің рөлі. Экология және денсаулық. Денсаулықтың адам жасына және жынысына қатысты ерекшеліктері. Жасөспірімдер денсаулығын сақтаудағы отбасы мен қоғамның рөлі. Ұзақ өмір сүрудің негізі.

3.

Гипокинезия, гиподинамия денсаулық сақтауың негізгі факторларының бірі. Физикалық белсенділік, қозғалу белсенділігінің сауықтыру істеріндегі тетік-тегершіктері.

4.

Ұтымды, балансты тамақтану. Эндоэкология туралы түсінік. Дұрыс тамақтануға негізделген денсаулық сақтау әдістері.

5.

Ұрпақ өрбітер денсаулық және отбасы. Жастардың өнегелі жыныстық тәрбиесі. Жыныстық қатынастан жұғатын ауруларды алдын алу. Ұрықтандырмайтын тәсілдер. Психикалық саулық. Психопрфилактика және психореттелу. Физиологиялық күйзеліс. Эмоциялар және денсаулық .

6.

Ағзаны сауықтырудың кең таралған әдістері (шынығу түрлері, массаж түрлері, рефлексопрофилактика, аромотеропия, фитотерапия, әуенді терапия, түстер терапиясы).



Барлығы: 6 сағат





Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспарының үлгісі

(Академиялық сабақтың ұзақтығы -50 мин.)






Сабақтың тақырыбы




1.

Валеологияға кіріспе.Денсаулыққа зиян келтіретін негізгі факторлар. Денсаулықтың адам жасына және жынысына қатысты ерекшеліктері. Гигиена. Экология және денсаулық.

2

Физикалық денсаулықты бағалаудың негізгі әдістері .

3

Жеке адамның денсаулығын болжау. Геронтология және гериатрия.

4

Физикалық сауықтыру жаттығуларының негізгі түрлері.

5

Тамақтанудың денсаулық үшін маңызы. Ұтымды тамақтанудың негіздері .

6

Тұқым өрбіту саулығы. Өнегелі жыныстық тәрбие. Отбасын жоспарлау әдістері.

7

Психикалық саулық.Психофизиологиялық жаттығулар .

8

Зиянды әдеттер: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйренсектік – денсаулыққа қатер. Сауықтырудың көп тараған тәсілдері.

9

Қорытынды сабақ. Сынақ.




Барлығы: 27 сағ.



Студенттердің өздік жұмысының (СӨЖ) тақырыптарының үлгісі




Тақырыптар

1

Адам ағзасына никотиннің әсерінің тетік-тегершіктері. .

2

Вегетативтік жүйкенің, эндокриндік, жүрек-тамыр, асқорту, сыртқа шығару жүйелерінің қызметтік жағдайларын бағалау үшін қолданылатын негізгі әдістер.

3

Тағамдық азық-түліктер, биологиялық қоспалар, олардың ағзаға әсері.

4

Белсенді, белсенді емес демалыс.

5

Ұйқы. Ұйқының маңызы.

6

Биоритмдер және денсаулық.

7

Дені сау адамдарға арналған диеталар.

8

Дәрумендер – денсаулықтың кірпіштері.

9

Темекіге- «Жоқ!» де ...

10

Өмір сүргің келсе – темекіні таста .

11

Өмір мен табиғаттың бірлігі .




Барлығы:17 сағ.



8. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:

  1. Валеология ( оқу-әдістемелік құрал), ред. Х.Қ.Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева. Алматы: «Ғылым», 1999 ж. 155 б.

  2. Валеология ( оқу-әдістемелік құрал), ред. Х.Қ.Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева. Алматы, 2003 ж.147б.

  3. Валеология ( оқу-әдістемелік құрал), ред. Х.Қ.Сатпаева, Ж.Б. Нілдібаева. Алматы, 2007 ж..164б

  4. Валеология- денсаулық туралы ғылым. Х.Қ. Сәтбаева. Алматы, Ғылым. 1999ж.62б.

  5. Валеология (Машықтану жумыстарының жинағы ) Алматы 20020 146 б.

  6. Есірткі –қазіргі заман кеселі .Ә.С.Сухамбердина Алматы 2002 ж. 38 б.

  7. ЖИТС (СПИД)-ғасыр індеті. Алматы, 2000. – 24 б.

  8. Алкоголь және денсаулық. Нілдібаева Ж..Б., Субханбердина А.С. Алматы, Ғылым. 2000ж.

9. Букаева Г.К., Алимова Н.Е. Детская валеология. Алматы ,2003. 239с.

10. Вайнер Э.Н. Валеология. М.: Флинта: Наука. 2001. 416 с.

11. Колбанов В.В. Валеология. С.-Пб ., 2001. 232 с.

12. Колесинская Р.Д. Возрастные особенности физиологических систем растущего организма. Алматы, 2007. 74 с.

13. Петленко В.П. Валеология человека. С.-Пб., 1998. 1-4 т.

14. Петрушин В.И., Петрушина Н.В. Валеология. 2003. 431 с.

15. Тель Л.З. Валеология человека – философия жизни. Астана, 1999. 1-3 т.

16. Жетписбаев Г.А. Валеология. Алматы, 2004. 124 с.


Қосымша:

  1. Аканов А.А. Состояние здоровья населения. Алматы, 1998. 32 с.

  2. Амосов Н.М.. Раздумья о здоровье. М., 1987. 144 с.

  3. Амосов Н.М, Бандет Я.А. Физическая активность и сердце. Киев,

1984.72 с.

  1. Амосов Н.М. Преодоление старости. М., 1996. 86 с.

  2. Апанасенко И.А., Попова Л.А. Медицинская валеология. Р.-на-Дону, 2000. 248 с.

  3. Брехман И.И. Введение в валеологию -науку о здоровье. Л., 1987. 212 с.

  4. Брехман И.И. Валеология – наука о здоровье. 2-ое изд. М.,1990. 208 с.

  5. Зайцев Г.К., Зайцев А.Г. Валеология. Культура здоровья. Самара,2003. 272 с.

  6. Замановский Ю.Ф. К здоровью – без лекарств. М.,1990. 55 с.

  7. Здоровье человека и система П.К.Иванова «Детка».Алматы. 1999.174 с.

  8. Муминов Т.А., Маскеев К.М. /основные пути/ профилактики в Казахстане. Алматы. 2000. 80 с.

  9. Назарбаева С.А. Учение П.К.Иванова – как метод воспитания здоровой личности. Алматы, 1999. 94 с.

  10. Назарбаева С.А. Путь к себе. Алматы, 1999г. 95 с.

  11. Приходько Н.Г., Лукьяненко М.В. Валеология: курс лекций. Алматы, 2002. 496 с.

  12. Субханбердина А.С. Наркомания – социальное зло. Алматы, 2002. 64с.

  13. Шарманов Т.Ш. Казахстан в контексте глобальных проблем питания. Алматы. 2000. 224 с.

  14. Чумаков Б.Н. Валеология.- М. 2002. 407 с.



9. Авторлары
Профессор Сәтпаева Х.Қ., профессор Әбішева З.С.,

профессор Соколов А.Д., доцент Жетпісбаева Ғ.Д.








Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу