«Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» Әлихан Бөкейханұлы



Дата26.06.2018
өлшемі78,5 Kb.
#44380


«Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын»

Әлихан Бөкейханұлы
Қарғанды қаласы

КММ №6 ЖББОМ

география пәні мұғалімі

Тобықова Бақытгүл Дайырбекқызы

Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.

Әлихан Бөкейхановтың ғылыми еңбектерінің жан-жақтылығы:


  • Қазақ өлкесінің ауылшаруашылығы, оның ішінде, мал шаруашылығының дамуы мен орналасу ерекшеліктері;

  • Қазақ елінің жер мәселелері;

  • Қазақ өлкесінің табиғаты, оны мекендеген халықтың кәсібі, шаруашылығы,жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы еңбектерінен көрінеді.

Әлихан Бөкейханұлы көрнекті географ ғалым, оның ішінде, Қазақстанда экономикалық және әлеуметтік география ғылым саласында зерттеулер жүргізіп, алғашқы ғылыми еңбектер шығарған деп тұжырым жасауға болады.

20 ғасырдың екінші ширегіндегі қазақ ұлт – азаттық қозғалысының басшысы, Алаш партиясының негізін қалаушы Әлихан Бөкейханұлының Қазақ өлкесін зерттеудегі құнды жазбалары және экспедициялары хақында басылымдарда жарық көрген еңбектері, сондай-ақ ұлы күрескерге кезінде замандастары тарапынан берген бағалы ойлары құнды қазына.

Қазақ халқының өмірінің барлық жақтарын, өлкенің тарихын, оның мәдениетін, тұрмысы мен шаруашылығын және табиғи байлықтарын іргелі түрде зерттеп, қазақ ұлттық ғылымының негізін салушы ғалымдардың бірі болуымен айқындалады.

Ұлтымыздың ұлы тұлғасы, тарихшы, этнограф, демограф, ормантанушы, экономист, академик Ә.Бөкейханұлының зор еңбектері, соның ішінде, география саласындағы қомақты зерттеулеріне осы уақытқа дейін мән берілмеген. Мысалы, белгілі географ, академик А.С.Бейсенованың «Қазақстанның тарихи географиясы» туралы еңбектерінде ауызға алынбауынан байқауға болады.



Әлихан Бөкейханның шығармашылығын, өз халқына кіршіксіз қызмет еткен қоғам және көрнекті мемлекет қайраткері ретіндегі тарихи рөлі мен маңызын терең зерттей отырып, оған әділ әрі лайықты тарихи және саяси бағасын беретін, Әлихан бастаған Алаш көсемдері ұстанған адами құндылықтарды кеңінен насихаттайтын уақыт, өкінішке қарай, әлі де келмегені бүгінгі күннің ащы да болса ақиқаты. Алайда, келешек ұрпақ, жас буын, мына біздер ұлтымыздың ұлы тұлғасын танытуда өз үлесімізді қосамыз дегім келеді.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет