Тізбектелген сабақтар топтамасында Үшінші деңгей бағдарламасының бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп



Дата05.06.2017
өлшемі128,63 Kb.
#17548

Турсунова Ранигуль Азахуновна Мұғалім портфолиосы А есебі

ІІІ деңгей 15- топ

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы 17мамыр 2015 жыл

Алматы облысы бойынша

ПҚ БАИ


Тізбектелген сабақтар топтамасында Үшінші деңгей бағдарламасының бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп

Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның барлық салалармен қатар мұғалімдік кәсіби қызметке де өз ықпалдарын тигізуде. Білім беру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру ғалымдардан оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін терең зерттеуді, заманауи талаптарына қарай білім беру технологиялары мен әдістерін, дүниетанымының ұстанымдарын қайта қарастыруды, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасауды талап етеді. Демек, жаңаша білім беру-жаңа білім мен дағдыны меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары, дербес ізденіс нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол жеткізетін, ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздейді.

Мен өз есебімді «Мұғалімге арналған нұсқаулық» тың кіріспе бетіндегі төмендегі сөздерімен бастауды жөн көрдім: «Қазіргі бәсекеге қабілетті , жаһандану заманында мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне көбірек ықпал етеді.Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі- негізгі тұлға– мұғалім» /Мұғалімге арналған нұсқаулық 4 бет/

Бірінші «Бетпе-бет» аудиториялық оқуда алған теориялық білімім негізінде бағдарламадағы 7 модульдің түйінді идеяларымен ықпалдастыра отырып, төрт сабақтан тұратын орта мерзімді сабақ жоспарын жасадым. Сабақтарымда оқушылардың орындайтын тапсырмалары әркез оңайдан күрделіге жалғасады.

Әр сабағымда оқып үйренудің негізгі мақсаттары айқын көрінді, оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерім 7 модульге ықпалдасты. Әр төрт сабаққа қысқа мерзімді сабақ жоспарын дайындадым. «Бірінші-бетпе» бетте үйренген түйгенімді тәжірибеде барынша ықпалдастыруға тырыстым.

Мен тарих пәнінің мүғалімі ретінде сабақта оқушыларға тек тарихи білім беріп қана қоймай, олардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту қажет екенін ескергендіктен, осы мектептегі тәжірибе кезеңінде

зерттеуге алынған сыныбым жоғарғы сынып болуына байланысты сын тұрғысынан ойлауға үйрету модуліне көп назар аударуды жөн көрдім.

Сын тұрғысынан ойлаудың тамырын сонау гректік Сократтық дәстүрге дейінгі 2500 жыл бұрынғы дәуірден көруге болады, сол кездің өзінде беделді негізге алынған білімді тексеру үшін жетекші сұрақтарды пайдалану қалыптасқан:

олар тиімділік, нақтылық пен логикалық сабақтастықтың талаптарына жауап бере ала ма деген сауалды ортаға тастайды. Джон Дьюи білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды, ол оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болуына бағыттау керек екендігін мойындатты.

Сын тұрғысынан ойлау «Ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сын тұрғысынан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердіңде сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. /Мұғалімге арналған нұсқаулық 4 бет/ Менің өткізген төрт сабағымда бұл модуль іске асты.

Мен «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде 9- сыныпты зерттеуге алдым. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы бірінші сабағымның тақырыбы «1960-1980 жылдардағы Қазақстан мәдениеті, әдебиеті». Жаңа тақырыпты ашуда оқушылардың сын тұрғысынан ойлауына мүмкіндік туғызу үшін «Миға шабуыл» әдісін пайдаландым. Сыныпты жұптарға бөлдім және оларға: « « Білім және ғылым», «Әдебиет», «Театр және өнер», «Кино» деп не себепті жұптарға бөліндік деп ойлайсыздар?» деген сұрақты қойдым.Оқушылар өз ой пікірлерін айта отырып жұптардың аты жаңа сабаққа байланысты екенін анықтады. Тақырыппен танысқаннан кейін жұптар,алдымен жеке.жұппен оқулықты оқып талдауға, «Ментальды карта» сызуға тапсырма алды.

І жұп. Білім

ІІ жұп . Театр және өнер

ІІІ жұп. Кино

IV жұп. Әдебиет туралы ментальды карта дайындауы қажет.

Бұл тапсырманың құнды орындалуы үшін «Критерий» дайындадым және оны тақтадан көрсеттім. 1.Тақырыпты нақты ашуы 2.Дәлелдерді келтіруі 3. Сөздердің жүйелі орналасуы 4.Қорғау деп құрастырған табыс критерийі бар бағалау парақшасы әр жұптың карталарын бір-бірін бағалауы үшін берілді. Оқушылар критерийге мән бере отырып, жұмыстарын дайындады.

Сыныптағы 4 жұп ментальды карталарын қорғағанда бір-біріне « Екі жұлдыз бір тілек» айтты, «От шашу»мен қолпаштады, жұптар өз ара бағаларды қойды. Оқушылар берілген тапсырманы орындап шықты. Бірінші топ «Білім және ғылым» тақырыбы бойынша жылдар және ғалымдар туралы мәтіндегі ақпараттарды жай ғана айтып қоймай, олардың қазіргі күндегі маңызы туралыда сөз қозғады. «Кино» жұбыда өздерінің картасын қорғаумен бірге «Менің атым Қожа» фильмінің кейіпкері Қожаға ұқсас оқушылар өз арамыздан да шығатынын айтып салыстырды.

Бірақ оқушылардың жасаған ментальды карталары кластерге ұқсап қалды. Себебі оқушылар ондай карта жасауға дағдыланбаған, хабары аз.Мен оқушыларға болашақта ментальды карта жасағанда тереңірек ойлану керектігін айттым. Үй тапсырмасына «Қазақстанның бай мәдениеті» тақырыбынан эссе жазу тапсырылды. Оқушылар эссені ойдағыдай жазып сабақта алған түйгендерін жинақтап өз ой пікірін ашық жазып келді.

Бірінші сабақпен салыстырғанда екінші сабақта оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауы дами түсті.

Тізбектелген сабақтар топтамасындағы екінші сабағымдың тақырыбы: «Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауы» деп аталды. Алдымен «Өтірік айту» ойыны арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосфера орнаттым. Бұл ойынның шарты бойынша оқушылар ортада шеңбер болып тұрады. Бір оқушы қимыл жасайды, екінші оқушы «Не істеп жатырсың?»деп сұраса өтірік басқа қимылды айтады, екінші оқушы сол қимылды орындайды, үшінші оқушы сұрақ қояды, сүйтіп ойын қызық болды. Бұл ойын арқылы оқушылар тез жауап беруге, тез ойлануға дағдыланды, зейін қоюға үйренді. Үй тапсырмасын «Ыстық орындық» әдісімен сұрау арқылы тез жауаптар алдым, ойлау қабілеттерін дамыттым. Бұл әдісті қолдана отырып мен оқушы бойынан сыни тұрғыдан ойлана алатын, белсенділік және шығармашылық қабіліттерін байқадым.Орындыққа отырған оқушы сұраққа жай ғана жауап беріп қоймай, қосымша мәліметтерді келтіріп айтты.

Жаңа сабақтың тақырыбын ашудың алдында «Ой шақыру» әдісін пайдалана отырып «Алашұлы» тобының «Елім менің» әнінің бейнебаянын көрсеттім, және оқушыларға төмендегі сұрақтарды қойдым:

1.Әндің мазұмыны не туралы?

2.Аңсаған күн деген қай күн?

Оқушылар сұрақтарға «Әннің мазмұны Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі, Отан туралы екенін айтып, аңсаған күн деген тәуелсіздік

күні, яғни ол 1991 жыл 16 желтоқсан» деген жауаптарды беру арқылы, жаңа тақырыптың «Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауы» екенін білді.

Оқушыларға оқулықтан өз алдына оқу, өзгелерді оқытуды пайдаланып мазмұнды сызба жасауға тапсырма бердім. «Шаңырақ» тобы - Жылдар сөйлейді, «Қыран» тобы - «Тәуелсіз елдің рәміздері» тақырыбына мазмұнды сызба жасауы керек. Ол арқылы оқушылар өзінің болжамдары мен сұрақтарын тұжырымдайды, бір біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперемент жасайды және қателер-оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. / Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 30 бет/. Топтар мазмұнды сызбаларын қорғағанда екінші топ «3,2,1» стратегиясын қолданып үш маңызды дерек, екі есте қалатын жері, бір сұрақ қоя білді. «От шашу» мен сыныптастарын ынталандырды. Айта кететін жай оқушылар мазмұнды сызбаларында өздерінің топ атауларына байланысты қыран, шаңырақты бейнеледі, мағаналарын айтып берді. Тәуелсіз Қазастан Республикасы туралы білімдерін толықтырып, патриоттық сезімдері оянды. Әр екі топ смайликтерге ие болды.

«Жаңа әлемдегі- жаңа Қазақстан» тақырыбында таныстырылым көрсеттім, оқушылар таныстырылымдағы мәліметтерді ескере отырып мазмұнды сызбаларын толықтырды. Сабақты жинақтау үшін «Дисскусиялық карта» бойынша сұрақтар берілді:

1.Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздігін жариялады. / иә/

2.1992 жылы 1 қаңтарда БҰҰ на қабылданды, / жоқ 2 наурыз/

3.Ішкі істер әскері 1992 жылы құрылды / иә/

4.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы Ш.Уәлиханов /жоқ Ш.Ниязбеков/

5.Қазақстан Республикасының Гербінің авторлары Ш.Қалдаяқов, Ж.Мәлібеков / жоқ Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков/

6.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы қабылданды. /иә/

7.Қазақстан Республикасының басқару жүйесі Парламенттік/ жоқ Президенттік/

8.Ұлттық валюта теңге 1995 жылы күшке енді/ жоқ 1993 жылы 15 қараша/

9.Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Т. Мусабаев/жоқ Т.Әубәкіров/

Оқушылар «Иә», «Жоқ» деп жауап береді. Жоқ болса дұрысын айтып дәлелдеді. Бұл жерде жүзеге асырғаным Александер тәжірібесіндегі зерттелегн білімді игерудің бес үлгісі ішіндегі механикалық есте сақтау,
яғни үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды және күнделікті іс-әрекеттерді жаттау.Түрткенім: А оқушы, В оқушы, С оқушының үшеуіде сұрақтарға тез жауап беріп, тапсырмаларды орындады. Келесі сабақта сұрақтарды күрделендіруді жөн көрдім.

Тізбектелген сабақтар топтамасындағы үшінші сабағымдың тақырыбы: «Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасуы» деп аталды. Сабағымдың мақсатын: Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасуы туралы білімдерін кеңейтуге көмектесу, жан-жақты ақпарат жинауына қолайлы орта туғызу» деп алдым.

Оқып үйренудің нәтижелерін: «Қазақстандағы көппартиялық жүйе, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың қалыптасуы және олардың бағыттары туралы мәліметтерді салыстыра отырып, айырмашылығын, ортақтығын тауып, ой корытындылай білу қабілеттері дамиды» деп көрсеттім.

Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде «Жақыныңа тілек айт» ойынын ойнаттым. Оқушылар ақ қағазға бес саусақ салып, ең жақын 5 досын жазды. Бас саусаққа жазылған доспен құшақтасып амандасты, екінші саусақтағы досымен басын иіп амандасты,үшінші саусақтағы досымен қол алысты, төртінші саусақтағы досына көзін қысты, бесінші саусақтағы досына қарап күлді. Оқушылардың көңіл-күйі көтеріліп, сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты.

Алдымен өткен тақырыпты еске түсіріп сұрау үшін «Қоржындағы сұрақтар» ды пайдаландым. Оқушылар қоржынан түйіншіктер алып сұрақтарға жауап берді. Бұл әдіс арқылы ойынан білімге аттандық.

Бұл сабақ өткен сабақтардан өзгеше болуы үшін баспасөз –мәслихат сабағы ретінде өткіздім. Оқушыларға мәліметтер дайындап келу үшін алдын ала тапсырмалар берілген. Үш оқушы тілшілер және эксперттер рөлінде болды:

1.«Отан тарихы» журналынан тілші Амутжан 2. «Хабар» телеарнасының тілшісі Махинур 3. «Жетісу» газетінің тілшісі Мәшур.

Алты оқушы: 1. «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы

2. Қазақстанның "АҚ ЖОЛ"  Демократиялық Партиясы

3.Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы (ЖСДП)

4.Қазақстан социал демократиялық«Ауыл» партиясы

5. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы

6. Қазақстан Патриоттары Партиясының өкілдері ретінде таныстырылды. Олар аталған партиялар туралы мәлімет дайындап келгендіктен сыныпта отырғандарға таныстырылым көрсетіп, ақпарат берді.

Әр бір партия өкілі сөйлеп таныстырылым жасағанда тілішілер сұрақ қойды. Тілшілер өздерін шын тілшілердей көрсете алды, партия өкілдерінен олардың бағдарламалары, жоспарлары туралы сұрап ашық сұрақтарды қоя білді. Партия өкілі рөліндегі оқушыларда өз ойларын жүйелі түрде еркін жеткізді.

Таныстырылым аяқталғаннан кейін талдау үшін « Өз позицияңды ұстан» әдісін пайдаландым. Сұрақ: Барлық партияларды қосып бір партия жасауға болама, осыған қалай қарайсыздар? Әр бір топтың өкілі өз ойларын айтады, өз ойында қалады. Расул «Бір партияғана болса «НұрОтан» халық демократиялық партиясы ғана болса жақсы болады, бірлік сақталады» деп айтса, Мәшур «Жоқ Қазақстан –демократиялық мемлекет болғаннан кейін әр бір азамат өзі қалаған партияға мүше бола алады» деп өз пікірінде қалатынын айтты. Басқа оқушыларда өз ой пікілерін айтты. Рөлдік стратегиялар арқылы оқушылар сын тұрғысынан ойлау дағдылары қалыптасты. Әңгіменің үш түрі әңгіме-дебат, кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме жүзеге асты.

Тізбектелген сабақтар топтамасындағы төртінші сабағымдың тақырыбы: «Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму бағдарламалары» деп аталды. Сабақтың мақсатын: Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік даму бағдарламалары «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегияларының мақсаттары мен міндеттері, стратегиялық дамулары туралы білімдерін қалыптастыру» деп алдым.

Оқып үйренудің нәтижелерін: « «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегияларының мазмұны мен мақсаттарын анық көре алады, орындауға жауапкершілігі артады» деп көрсеттім.

Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде «Ыммен сыйлық» ойынын ойнаттым. Оқушылар шеңбер болып тұрды, бір-біріне ыммен сыйлық сыйлағандай болды, екінші оқушы не сыйлық екенін тауып үшінші оқушыға сйлық жасады. Бұл ойын арқылы оқушылардың көңіл-күйі көтеріліп, ынтымақтастық атмосфера қалыптасты.

Сыныпты екі топқа бөлу үшін математикалық есептер бар парақшаларды бердім, есептерінің жауаптары 2030 болған оқушылар І топ, жауабы 2050 болған оқушылар ІІ топ болып бөлінді. Есеп шығару тәсілімен топқа бөліп оқушылардың логикалық ойлауына мүмкіндік жасадым.

Үй тапсырмасын сын тұрғысынан талдап тексеру үшін Э.де Бонның «6 қалпақ» әдісін пайдаландым. Тақтаға шыққан 6 оқушы өздері таңдаған қалпақ бойынша сұрақтарға жауап беруге тиіс еді.


Ақ қалпақ- Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасуы туралы мәліметтер, фактілерді айтады.

Қара қалпақ - жағымсыз жақтары.

Сары қалпақ- жақсы жақтары және неге?

Қызыл қалпақ –эмоция, өзінің көзқарасы

Жасыл қалпақ- шығармашылықпен қарау

Көк қалпақ- қорытынды, шешім.

Оқушылар тапсырмаға дайындалғанда менен қызыл қалпақты таңдаған оқушы « Мен не айтамын?» деп сұрады. Мен оған «Эмоция болғаннан кейін ән шығарсаңда болады» деген едім, оқушы реп шығарыпты.Бұл оқушы С топтағы оқушы еді.

Барлық алты қалпақ иелері толық жауап берді. Бұл арқылы сын тұрғысынан ойлау үдерісі: тиісті ақпарат жинауды; дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды; кепілдендірілген шешімдер мен жинақталған қорытындылар; ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауды қамтитынына көз жеткіздім.

Жаңа сабақты бастау үшін «Ой шақыру» әдісін пайдаландым.

«Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегиялары туралы презентация көрсетіп оқушылардан не білетіндерін сұрадым. Амутжан «Қазақстан- 2030» стратегиясы мерзімінен бұрын іске асқандығын теледидардан естігенін айтты. Махинур «Қазақстан-2050» стратегиясы туралы теледидардан, газеттерден, көшедегі плакаттардан көргенін айтты.

І топқа «Қазақстан -2030» стратегиясы, ІІ топқа «Қазақстан -2050» стратегиясы туралы оқулықтан оқып жұппен, кейін топ ішінде талдауға тапсырма бердім. Оқушылар жұптаса тақырыпты оқып, кейіннен әңгімелесе келе ойларын ортаға салды. Оқушының басқа оқушылармен әңгімелесуі арқылы бір-бірімен диалогтық қарым –қатынаста болып, олардың сыни тұрғыдан ойлауы дамыды.

Оқып болғаннан кейін топтарға «Фишбоун» әдісі бойынша тапсырма бердім. Олар қағазға мәселе және оның шешілу жолдары, күтілетін нәтижесі туралы жазулары керек болған. Топтар Фишбоундарын ойдағыдай қорғады. «Қазақстан-2030» стратегиясының жүзеге асқаны оның жалғасы «Қазақстан-2050» стратегиясы екенін айтып, оның жүзеге асуына өз үлестерін қосатындарын айтты.

2. «Екі жұлдыз бір тілек» айтты.

3. «От шашу» мен сыныптастарына қолдау көрсетеді.

Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу – қарым- қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес керісінше идеялар екі бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдаған. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 54 бет).

Сын тұрғысынан ойлауға үйретуді әрі қарай ықпалдастыру мақсатында оқушыларға «Қазақстан 2050 жылы және мен» тақырыбына өз ойларын жаздыруды жөн көрдім.

Әр бір оқушы өз жазғандарын айтып 2050 жылдағы Қазақстанның дамуы және өздерінің рөлдері туралы айтып отансүйгіштік сезімдері оянды. Оқушылар өздерінің болашақтарына сеніммен қарайды, өздерін директор, дәрігер, бастық рөлінде көреді.

Нәтижеде, мен Кембридж бағдарламасы бойынша курсқа келгенге дейін сын тұрғысынан ойлау үдерісіне онша мән бермегендігімді байқадым. Оны пайдалансамда теориялық тұрғысынан түсінбегенімді сездім. «Мектептегі тәжірибе»де байқағаным оқушылардың сабаққа оң көзқараспен қарай бастағаны.

Осы пәнге деген ынталарын одан әры арттыра түскілері келетіндіктерін көріп өте риза болдым.

Менің оқушыларым төмендегі нәтижелерге қол жеткізе алды:

Суреттер, фотосуреттер, тағы басқа дәлелдерді жинақтау және топтастыруға;


  • Негізгі дереккөздерді бағалауға және оларға тиісті сұрақ қоюға;

-Қорытындылар мен бастапқы тұжырымдар жасай отырып, негізгі дереккөздерді салыстыру және талқылауға;

- Анағұрлым кең тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарауға.



Болашақта сын тұрғысынан ойлау модулін сабағымдың ажырамас бір бөлігі ретінде пайдаланып,нәтиже шығаруға күш саламын. Себебі өз бетімен білім алуға дағдыланған, сын тұрғысынан ойлай алатын, ХХІ ғасыр көшбасшыларын қалыптастыру әр бір ұстаздің міндеті.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Мұғaлiмге aрнaлғaн нұcқaулық (2012ж)

  2. 9- сынып «Қазақстан тарихы» «Aтaмұрa» бacпacы (2012 ж)




Каталог: uploads -> doc -> 0d79
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d79 -> Алпамыс батыр жырының құрылысы Файзуллаева Әсел
0d79 -> Сабақ№13 Сабақтың тақырыбы Ч. Дарвин ілімінің негізгі қағидалары Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет