метилдофа
эналаприл
валсартан
Науқаста АГ 2-ші дәрежесі және орта қауіп тобы (2), қосымша аурулары жоқ, ААФ (АПФ) ингибиторларының орташа мөлшерін қабылдауда АҚ деңгейі 130/92 мм сынап бағанын құрайды, ЖЖЖ - минутына 68 рет. Сіздің жасайтын әрекетіңіз:
бұрынғы тағайындалған емді қалдыру
индапамид қосу
бета-блокаторларды максимальды мөлшерде және индапамид қосу
емді сартандармен ауыстыру
кальций антагонистерін қосу
Науқас 48 жаста, Артериялық гипертонияға байланысты индапамид 1,5 мг, эналаприлді тәулігіне 10 мг, бисопролол 5 мг мөлшерде қабылдайды. Бірнеше аптадан кейін науқаста құрғақ жөтел пайда болған. Объективті: жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Жүректің салыстырмалы тығыз-дыбысты жиектері қалыпты, қолқада ІІ тонның акценті. ЖЖЖ минутына 64 рет, АҚ 145/90 мм сынап бағаны. Өкпесінде везикулалы тыныс, сырылдар жоқ. Ісінулер байқалмайды. Науқаста құрғақ жөтел пайда болуының себебі қандай?
эналаприл қолдану
индапамид қолдану
бисопролол қолдану
жүрек жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесінің дамуы
синусты брадикардия
50 жастағы әйел жүрек аймағындағы басып ауыруына, бас айналуына шағымданады. Үйінде үй шаруашылығымен айналысып жүргенде, кенет есінен танып қалған. АҚҚ-90/55 мм с.б.б. ЭКГ-да QS III, II, AVF ST элевациясы, ЖСЖ 32 мин толық ІІІ дәрежелі атривентрикулярлы блокадасы тіркелді. Науқастағы естен танудың болуы мүмкін себебі?
Дресслер синдромы
Морганьи-Адамс Стокс синдромы
Қарыншалық экстрасистолия
Жүрекшелер фибрилляциясы
Қарыншалар фибрилляциясы
56 жастағы ер адам бір баспалдаққа көтерілгенде және 150-200 м жүргеннен кейін пайда болып, сол қолға иррадияцияланатын және нитроглицерин қабылдағанда басылатын төс артындағы басып ауру сезіміне шағымданады. Объективті: ДСИ-31 кг/м2. Перкуссияда жүректің сол жақ шекарасы шамалы кеңейген. Аускультациясында жүрек тондары бәсеңдеген, ритмі дұрыс. ЭКГ: сол қарынша гипертрофиясы. Физикалық жүктемеге толеренттылықтың өзгерісін анықтау үшін қандай зерттеу әдісін қолданған ең мәліметті?
Эхокардиография
Рентгенография
Велоэргометрия
Коронарография
Достарыңызбен бөлісу: |